Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1482 қаулысымен.
Қожа Ахмет Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрiк университетiн құру туралы Қазақстан Республикасы мен Түрiк Республикасы үкiметтерiнiң арасындағы келiсiмге, Қазақстан Республикасының "Жоғары бiлiм беру туралы" Заңына және Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрiк университетiнiң Жарғысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасынан Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрiк университетiне Өкiлеттi Кеңестiң құрамы бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
2. Өкiлеттi Кеңеске Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрiк университетiне жалпы басшылық жасау жүктелсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1994 жылдан бастап Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрiк университетiн (құрылымдық бөлiмшелердi: М.О.Әуезов атындағы педагогика институтын, политехника және медицина колледждерiн қоса) жеке нормативтер бойынша тiкелей қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 15 наурыздағы
N 273 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасынан Қ.А. Иассауи атындағы
Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Өкілетті Кеңесінің
құрамы
Жұмағұлов - Қазақстан Республикасының Білім және
Бақытжан Тұрсынұлы ғылым министрі, төрағаның орынбасары
Құрманғалиева - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Аида Дәденқызы сақтау вице-министрі
Пірәлиев - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Серік Жайлауұлы министрлігінің «Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті» республикалық
мемлекеттік кәсіпорнының ректоры
Мыңбай - Қазақстан Республикасы Президентінің
Дархан Қамзабекұлы Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің
меңгерушісі (келісім бойынша)
Ташимов Лесбек
Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚРМК-нің 1994.05.16 N 525, 1994.01.08 N 136, 1995.04.10 N 439, 1995.12.26 N 1862, 1996.05.17 N 611, 1998.02.26 N 149, 2001.07.14 N 957, 2001.11.26 N 1516, 2002.04.20 N 453, 2003.01.09 N 001, 2003.06.11 N 562, 2004.05.28 N 590, 2005.05.12 N 446, 2006.06.13 N 541, 2007.06.05 N 459,
2008.01.28 N 74, 2011.03.04 N 223 Қаулыларымен.