Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 15 наурыздағы N 273 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 1862 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1482 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1482 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Қ.А. Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрiк университетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 15 наурыздағы N 273 қаулысына мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. Қ.А. Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрiк университетi Өкiлеттi Кеңесiнiң құрамына Қазақстан Республикасынан мыналар енгiзiлсiн:
      Тасмағамбетов И.Н. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары, осы Кеңес төрағасының орынбасары;
      осы Кеңестiң мүшелерi:
      Құсайынов Ә.А. - Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары;
      М. Рысұлы - Қ.А. Иассауи Халықаралық Қазақ-Түрiк университетiнiң ректоры.
      2. Сұлтанов Қ., Мәмбетқазиев Е.Ә., Дамитов Б.Қ. Қ.А. Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрiк университетi Өкiлеттi Кеңесiнiң құрамынан шығарылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады