Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қаңтардағы N 74 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1482 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1482 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Өкілетті кеңесіне Лесбек Ташимовты Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің президенті (ректоры) етіп тағайындау ұсынылсын.
      2. "Қ.А. Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 15 наурыздағы N 273  қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасынан Қ.А. Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Өкілетті Кеңесінің құрамына:
      Ташимов Лесбек енгізілсін;
      "Пірәлиев Серік Жайлауұлы - Қ.А. Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің ректоры" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Пірәлиев Серік Жайлауұлы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы".
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады