"Қазақстан Республикасында құқықтық реформаның тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 16 маусымдағы N 1228 Жарлығын орындау үшiн, сондай-ақ әдiлет органдары мен мекемелерiн ұйымдастыру және материалдық-техникалық жағынан нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1.
Ескерту. 1-тармақтың күшi жойылған - ҚР Үкiметiнiң 1995.12.19.
N 1741 қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi функцияларының кеңеюiне байланысты:
Әдiлет министрлiгi орталық аппаратының шектi штат саны 160 адам болып белгiленсiн;
облыстар мен Алматы қаласы әдiлет басқармаларының, Ленинск қаласы әдiлет бөлiмiнiң жалпы штат саны 125 адамға көбейтiлсiн;
Әдiлет министрлiгiне министрдiң 5 орынбасары, соның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары және 13 адамнан тұратын алқа болуына рұқсат етiлсiн;
Әдiлет министрлiгiне қызметтiк 8 жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен әдiлет басқармаларына қосымша бөлiнетiн бiрлiктердi, қажеттi компьютер және ұйымдастыру iсiнiң техникасын, жиhаз, автокөлiк сатып алуын және басқа да шығындарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнiң заң шығару ғылыми-зерттеу институтын ұстауға қажеттi қаражатты ескере отырып, бюджет қаржысының шектi сомасын белгiлейтiн болсын.
4. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi заң шығару ғылыми-зерттеу институтының ғылыми бағдарламасы мен қызметiнiң тақырыптық бағдарын қарап, бекiтсiн және оған бағдарламаны жүзеге асыруына арнап тиiстi қаржы бөлiнетiн болсын.
5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Алматы қаласының әкiмi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi орталық аппаратының және заң шығару ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлерi үшiн жыл сайын 2-3 мың шаршы метр тұрғын үй бөлудi қарастыратын болсын.
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне министрлiк қызметкерлерiнен босаған мемлекеттiк тұрғын үй қорының тұрғын алаңын қайталап қоныстандыру құқы берiлсiн.
6. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнiң тапсырыстары бойынша министрлiктiң аппараты мен жаңадан құрылған заң шығару ғылыми-зерттеу институты үшiн қосымша телефон нөмiрлерi мен үкiмет байланысы нөмiрлерiн бөлетiн болсын.
7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен заң шығару ғылыми-зерттеу институты үшiн 650 шаршы метрден кем емес қызмет үй-жайын бөлетiн болсын.
8. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi:
азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн
қозғайтын шешiмдер жобаларын құқықтық сараптаудан өткiзу үшiн тиiстi
әдiлет басқармаларына табыс ететiн болсын;
әдiлет органдары мен мекемелерiнiң материалдық-техникалық
базасын нығайту, олардың қызметкерлерiнiң тұрғын үй жағдайларын
жақсарту жөнiнде шаралар қолданатын болсын.
9. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан
Республикасының Әдiлет министрлiгi туралы ереженi бекiту туралы"
1992 жылғы 2 маусымдағы N 485 қаулысының /Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 1992 ж, N 22, 350-бап/ күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 16 наурыздағы
N 279 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi республикалық орталық мемлекеттiк басқару органы болып табылады және өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Министрлер Кабинетiнiң актiлерiне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Әдiлет министрлiгi өзiне жүктелген мiндеттердi орындай отырып, Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының бiрыңғай жүйесiн құратын аумақтық әдiлет басқармаларына /бөлiмдерiне/, нотариалдық кеңселерге, АХАТ органдарына, оқу орындары мен ғылыми мекемелерге басшылықты қамтамасыз етедi.
Әдiлет министрлiгi, оған қарасты органдар, мекемелер мен оқу орындары республикалық бюджет қаражаты есебiнен ұсталады.
Әдiлет министрлiгi заңды тұлға болып табылады, оның қазақ және орыс тiлдерiнде өз атауы жазылып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген мөрi болады.
Әдiлет министрлiгi заң газетiнiң, нормативтiк құқықтық актiлердi, анықтама-әдiстемелiк материалдарды ресми жариялауға маманданған "Әдiлет министрлiгiнiң хабаршысы", "Халықаралық шарттар, келiсiмдер және Қазақстан Республикасының жеке заң актiлерiнiң бюллетенi" журналдарының, сондай-ақ Ұлттық заң агенттiгiнiң құрылтайшысы болып табылады.
Құқықтық реформаны кешендi тұрғыда жүзеге асыру мақсатында Әдiлет министрлiгiнiң жанынан Құқықтық реформа жөнiндегi үйлестiру кеңесi құрылады.
2. Әдiлет министрлiгiнiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
республиканың саяси, экономикалық және әлеуметтiк өмiрiндегi құқықтық негiздердi бекiтуге жәрдемдесу, заң жобаларын әзiрлеу жұмыстарын ғылыми және практикалық тұрғыда қамтамасыз ету, нормативтiк құқықтық актiлер жобаларының құқықтық және криминологиялық сарапталуын, сондай-ақ қабылданатын заңдардың тиiмдiлiгiн болжауды қамтамасыз ету;
заңдарды жетiлдiру мен жүйелеу, Қазақстан Республикасы нормативтiк актiлерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу, республикада бiрыңғай құқықтық ақпарат жүйесiн құру, министрлiктер мен басқа да басқару органдарына анықтама-кодификациялық жұмыстарында әдiстемелiк көмек көрсету;
құқықтық және сот реформасын нақты жүзеге асыру жөнiндегi жұмысты қамтамасыз ету және үйлестiру;
заң кадрларын даярлау және қайта даярлау;
республикалық әдiлет органдарын, мекемелерi мен соттарын кадрлармен қамтамасыз ету, олардың еңбегiн тиiмдi пайдалану үшiн жағдайлар жасау;
құқық ғылымының дамуына және оның жетiстiктерiн республиканың мемлекеттiк, шаруашылық және әлеуметтiк құрылысында пайдалануға жәрдемдесу;
соттардың, соның iшiнде әскери соттардың қызметiн ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
халықаралық шарттар мен келiсiмдер жасасу жөнiндегi Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерi мен ведомстволарының қызметiне құқықтық әдiстемелiк басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасына шетел құқытық көмегiн үйлестiрудi жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi мен ведомстволарының азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын немесе ведомствоаралық сипаты бар нормативтiк актiлерiн мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз ету, республика министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерi мен ведомстволарының нормативтiк актiлерiн мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiн жүргiзу;
заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi мемлекеттiк тiркеудi, заңды тұлғалардың тiзiлiмiн жүргiзудi, сондай-ақ қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң жарғылық қызметiн бақылауды жүзеге асырады;
жергiлiктi өкiлеттi және атқару органдары аппараттарында және халық шаруашылығында құқықтық жұмыстың деңгейiн көтеруге жәрдем ету;
азаматтарға, кәсiпорындарға, мекемелер мен қоғамдық бiрлестiктерге құқықтық көмек көрсету жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
құқықтық бiлiмдi насихаттау, жаппай құқықтық оқулар мен заңдарды түсiндiруге қатысу.
Ескерту. 2-шi тармақтың он бiрiншi абзацы жаңа редакцияда -
ҚРМК-нiң 1995.10.13. N 1327 қаулысымен.
3. Әдiлет министрлiгi өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
өз тарапынан немесе Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiнiң, Президентiнiң, Министрлер Кабинетiнiң тапсыруы бойынша заңдардың, жарлықтардың, қаулылар мен басқа да нормативтiк актiлердiң жобаларын әзiрлейдi, Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетiнiң заң шығарушылық бастамасы ретiнде даярланатын заңдар жобаларының бас әзiрлеушiсi болып табылады;
министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволар әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне табыс етiлетiн құқықтық актiлер жобаларына құқықтық сараптауды жүзеге асырады;
әзiрленетiн заңдар, жарлықтар, қаулылар мен басқа да нормативтiк актiлер жобалары, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктер жарғыларының жобалары жөнiндегi министрлiктер мен басқа да мемлекеттiк басқару органдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң, ғылыми мекемелер мен оқу орындарының пiкiрлерi мен ұсыныстарына сұрау салады, олардың өкiлдерiн заң жобаларын даярлау жөнiндегi комиссиялардың /жұмысшы топтардың/ құрамына тартады;
заңдарды жүйелеу және кодификациялау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады, заңдар мен нормативтiк актiлер жинақтарын, кодекстер мен басқа да заң әдебиетiн шығарады, тұтынушыларға құқықтық ақпараттық қызмет көрсетудi, анықтама-әдiстемелiк материалмен, автоматтандырылған жүйелердi пайдалана отырып заң құжаттарының үлгiлерiмен қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
республика министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерi мен ведомстволарының халықаралық шарттар мен келiсiмдер жасасу жөнiндегi қызметiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасына шетел құқықтық көмегiн үйлестiруге құқықтық әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
республика министрлiктерi мен ведомстволарына сыртқы экономикалық байланыстарды құқықтық тұрғыда қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде кеңестер бередi;
өз құзыры шегiнде шет елдермен құқықтық ынтымақтастық туралы шарттар жасасып, олардың орындалуын ұйымдастырады;
басқа мемлекеттердiң соттарында, халықаралық соттарды республиканың мүдделерiн жақтайды, оның азаматтарының құқықтық қорғалуын қамтамасыз етедi;
соттардың тәуелсiздiгiн нығайту жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асырады;
республика министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерi мен ведомстволарының нормативтiк актiлерiн мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерi мен ведомстволарының нормативтiк актiлерiн мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiн жүргiзедi, жалпыға бiрдей мағлұматтар үшiн ведомстволық нормативтiк актiлердiң тiркелген тiзбесiн жариялауды ұйымдастырады;
заң кадрларын даярлау жөнiндегi, әдiлет мекемелерi мен сот органдарында кадрларды iрiктеу және олардың резервiн құру, қызметкерлердi аттестациялау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады, жас мамандарға қажеттiлiктi анықтайды, республика заң оқу орындарын бiтiрушiлердi қызметке бөлуге қатысады;
жергiлiктi өкiлеттi және атқару органдарының аппараттары мен халық шаруашылығында құқықтық жұмысқа әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырып, оны жақсарту жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейдi, заң қызметкерлерiнiң озық тәжiрибесiн қорытып, таратады, заң кеңесшiлерiн оқыту және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi жұмысқа қатысады;
мемлекеттiк өкiмет пен басқарудың жоғары және орталық органдарын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан шетелдiң қатысуындағы кәсiпорындарды, шетелдiк заңды тұлғалардың өкiлдерi мен шетелдiң қатысуындағы кәсiпорындарды, шетелдiң қатысуындағы қоғамдық қорларды, республикалық және аймақтық мәртебесi бар қоғамдық бiрлестiктердi, халықаралық және шетелдiк қоғамдық бiрлестiктерiн, филиалдары мен өкiлдiктерiн, республиканың екi және онан да көп облыстарының аумақтарында жұмыс iстейтiн дiни басқармаларды (орталықтарды), сондай-ақ олар құрған дiни оқу орындарын, монастырларды және басқа бiрлестiктердi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырады, сондай-ақ заңды тұлғалардың және Әдiлет министрлiгi аумақтық органдарының заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу мәселелерi жөнiндегi заң актiлерiнiң талаптарын сақтауын бақылайды;
АХАТ органдарының азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы ережесiн бекiтедi және оларға әдiстемелiк көмек көрсетедi;
азаматтық-құқықтық мәмiлелер мен құқық белгiлейтiн құжаттарды нотариалдық куәландырудың сапасы мен түсiнiктiлiгiн қамтамасыз етедi;
адвокатура қызметiне әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады, бiлiктiлiк алқаларының адвокаттық қызметпен шұғылдануға лицензия /патент/ беру тәртiбiн анықтайды; Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiленген тәртiппен азаматтар мен заңды тұлғаларға құқықтық қызмет көрсету жөнiндегi жұмыспен шұғылдануға лицензияларды тiркейдi және табыс етедi;
мемлекеттiк органдар мен қоғамдық ұйымдардың құқықтық насихат жөнiндегi жұмысына әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырып, үйлестiредi, жаппай құқықтық оқуларға қатысып, заңдарды түсiндiредi;
заң шығару ғылыми-зерттеу институтының, заң институтының, Республикалық құқықтық ақпарат орталығының, Қазақ сот сарапшылық ғылыми-зерттеу институты мен әдiлет қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi республикалық курсының қызметтерiне басшылық етедi; сот сарабының және оқу iсiн жүргiзудiң практикасы мен жетiлдiру жөнiнде шаралар қолданады;
әдiлет органдары мен соттарды, олардың ғимараттарын салуды және жөндеу материалдық-техникалық жабдықтау мен қаржыландыруды ұйымдастыруды, оларда бухгалтерлiк есеп пен есеп берудiң дұрыс ұйымдастырылуын қамтамасыз етедi, әдiлет және сот қызметкерлерiн материалдық және әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзедi, сот қызметiн ұйымдастыру тұрғысынан қамтамасыз ету жөнiнде басқа да шаралар қолданады;
Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотымен бiрлесе отырып облыстық /Алматы қалалық/ және аудандық /қалалық/ халық соттарының жұмысына кешендi тексеру жүргiзедi, сондай-ақ сот iстерiнiң қаралу мерзiмдерiн, үкiмдер мен шешiмдердiң орындалуының, материалдық зиянның орны толтырылуының жай-күйiн, алдын-ала профилактикалық қызметiн, хаттардың, шағымдар мен арыздардың қаралып, шешiлуi жайын тексередi;
сот статистиксын жүргiзу жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады, бұл материалдарға талдау жасап, пайдаланады;
Әдiлет министрлiгiнiң органдары мен мекемелерiнiң қызметiндегi кемшiлiктер туралы шағымдарды, арыздар мен хаттарды қарайды;
заң жобалау, сараптау, зерттеу жұмыстары мен консультацияларды жүзеге асыру үшiн белгiленген тәртiппен ғылыми ұйымдарды, мемлекеттiк органдардың, мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлерiн, мамандар мен сарапшыларды, солардың iшiнде шетелдiк мамандар мен сарапшыларды, бұл мақсатқа арнаулы бюджеттiк және бюджеттен тыс, соның iшiнде шетел валютасындағы қаражатты пайдалана отырып, таратады;
Қазақстан Республикасының аумағында құрылған, қайта ұйымдастырылған және жойылған заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң тiзiмiн өзiнiң ресми баспасөз органында тоқсан сайын жариялап отыруды жүзеге асырады;
заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi қызметке тiкелей және әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
республиканың ғылыми, ғылыми-зерттеу институттарымен және жоғары оқу орындарымен бiрлесiп құқықтық және құқықтық-тәрбие жұмыстарының ғылыми негiздерiн, оның нысандары мен әдiстерiн жетiлдiрудi ұйымдастырады, социологиялық зерделеу жүргiзедi.
Ескерту. 3-шi тармақтың 14-абзацы жаңа редакцияда және жаңа
абзацтармен толықтырылды - ҚРМК-нiң 1995.10.13.
N 1327 қаулысымен.
Ескер
4. Әдiлет министрлiгiне Қазақстан Республикасының Конституциясында белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалып, босатылатын Министр басшылық етедi. Министр Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң құрамына кiрiп, Республика Жоғарғы Кеңесiне Президент пен Министрлер Кабинетiнiң құқық мәселелерi жөнiндегi өкiлеттiгiн жүзеге асырады.
Министр Қазақстан Республикасы әдiлет жүйесiнiң барлық органдары мен мекемелерi орындауға мiндеттi бұйрықтар мен өкiмдер шығарып, нұсқаулар бередi.
Әдiлет министрi:
Әдiлет министрлiгiнiң қызметiне басшылық етедi және Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуына дербес жауап бередi;
орынбасарларының арасында мiндеттердi бөледi және оларға министрлiк пен оның қарамағындағы органдар мен мекемелер қызметiнiң жеке салаларына басшылық ету жауапкершiлiгiн жүктейдi;
орталық аппараттың басқармалары мен бөлiмдерi, аумақтық әдiлет басқармалары, сондай-ақ министрлiктiң қарамағындағы органдар мен мекемелер туралы ережелердi /жарғыларды/ бекiтедi;
заңда белгiленген тәртiппен республика соттарын құру және олардың саны туралы, судьяларды сайлау, мерзiмiнен бұрын босату және керi шақырып алу, оларды аттестациялау, оларға бiлiктiлiк сыныптарын беру туралы ұсыныстарды енгiзедi;
Республика Жоғарғы Кеңесi пленумының қарауына соттарға, соның iшiнде әскери соттарға, қолданылып жүрген заңдарды пайдалану мәселелерi жөнiнде басшылыққа алатын түсiнiктемелер беру туралы ұсыныстар енгiзедi;
белгiленген тәртiппен министрлiк аппаратының қызметкерлерiн, облыстық, Алматы қалалық әдiлет басқармалары мен Ленинск қалалық әдiлет бөлiмiнiң, заң шығару ғылыми-зерттеу институтының, заң институтының, Республикалық құқықтық ақпарат орталығының, Қазақ сот-сарапшылық ғылыми-зерттеу институтының және әдiлет қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi республикалық курсының басшыларын, сондай-ақ олардың орынбасарларын қызметке тағайындап, қызметтен босатады;
республикалық әдiлет органдарының, мекемелерiнiң, соттарының қызметкерлерiн ынталандыру және оларға материалдық көмек көрсету мәселелерiн шешедi;
судьялардың тәртiбi жөнiнде iс қозғайды, министрлiктiң орталық аппараты қызметкерлерiне, қарамағындағы әдiлет органдарының, мекемелерiнiң басшылары мен мамандарына тәртiп жөнiнде жаза қолданады.
Әдiлет министрлiгi аппаратының, облыстық, Алматы қалалық әдiлет басқармалары мен Ленинск қалалық әдiлет бөлiмiнiң, облыстық және Алматы қалалық соттарының, заң шығару ғылыми-зерттеу институтының, заң институтының, Республикалық құқықтық ақпарат орталығы мен әдiлет қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi республикалық курсының, шығындар сметасын, штат кестесiн, Қазақ сот-сарапшылық ғылыми-зерттеу институты, халық және әскери соттары, нотариалдық кеңселер қызметкерлерiнiң саны мен шығындар сметасын бекiтiлген қаржы шегiнде белгiлейдi;
өзiне заң арқылы берiлген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады;
Министр орнында болмаған жағдайда Министр мiндетiн Министрдiң бiрiншi орынбасары немесе орынбасарларының бiрi атқарады.
Ескерту. 4-тармақтың 12 абзацынан сөз алынып тасталған - ҚРМК-нiң
1995.02.06. N 115 қаулысымен.
5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде құрамына Министр /төраға/, лауазымы бойынша министрдiң орынбасарлары, заң шығару ғылыми-зерттеу институтының, заң институтының, Республикалық құқықтық ақпарат орталығының, министрлiктiң жетекшi басқармалары мен бөлiмдерiнiң басшылары және олардың жекелеген қызметкерлерi енетiн алқа түзiледi.
Әдiлет министрлiгiнiң алқасы өз мәжiлiстерiнде министрлiктiң жұмысын ұйымдастыру және оның iс-қимыл бағытының негiзгi мәселелерiн қарайды, қарамағындағы органдар, мекемелер мен оқу орындары, министрлiк аппаратының басқармалары мен бөлiмдерi басшыларының осы Ережеде көзделген мәселелер бойынша есептерi мен хабарламаларын, сондай-ақ облыстық, Алматы қалалық соттарының, аудандық /қалалық/ халық және әскери соттарының сот қызметiн ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi ақпараттарын тыңдайды, министрлiк әзiрлеген заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi актiлерiнiң жобаларын, министрлiктiң аса маңызды бұйрықтары мен нұсқаулықтарының жобаларын талқылайды.
Министр мен алқа арасында келiспеушiлiк болған жағдайда Министр орын алған келiспеушiлiктер туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне баяндай отырып, өз шешiмiн жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 16 наурыздағы
N 279 қаулысымен
Бекiтiлген
Ведомстволық нормативтiк актiлердi мемлекеттiк
тiркеу тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерi мен ведомстволарының нормативтiк актiлерiн мемлекеттiк тiркеудi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жүзеге асырады.
2. Мемлекеттiк тiркеуге Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерi мен ведомстволарының азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын немесе ведомствоаралық сипаты бар нормативтiк актiлердi, олардың iс-қимыл жасау мерзiмiне /тұрақты немесе уақытша/ және олардағы мәлiметтер сипатына қарамастан, "ерекше маңызды" және "аса құпия" деген белгi қойылғандарынан басқасы, жатады.
3. Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерi мен ведомстволарының нормативтiк актiлерi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуге оларға тиiстi мемлекеттiк басқару органының басшысы қол қойып немесе бекiткеннен кейiн қазақ және орыс тiлдерiнде үш дана болып табыс етiледi.
Нормативтiк актiнi бiрнеше министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволар қабылдаған жағдайда оны мемлекеттiк тiркеуге ұсыну актiге қол қойғандардың немесе бекiткен iшiнде бiрiншi болып көрсетiлген органға жүктеледi.
4. Нормативтiк актiге:
нормативтiк актiнi шығару негiздерi /министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, ведомстволардың құзыры, жоғары органның шешiмi, басқа да жағдайлар/;
осы мәселе жөнiнде бұдан қабылданған нормативтiк актiлер туралы және оларды өзгерту туралы ұсыныстардың даярлануы немесе мемлекеттiк тiркеуге ұсынылған актiнiң қабылдануына байланысты күшi жойылған деп тану туралы мәлiметтер көрсетiлген анықтама тiркеледi.
Ұсынылған нормативтiк актiге министрлiктiң, мемлекеттiк комитеттiң немесе ведомствоның хатшылығы немесе заң қызметi басшысының визасы, ал тiркелген анықтамаға қолы қойылуға тиiс.
Нормативтiк актiлердi осы Ережеге сәйкес ұсыну үшiн жауапкершiлiк министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволардың басшыларына жүктеледi.
5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволардың нормативтiк актiлерiн мемлекеттiк тiркеудi нормативтiк актiнiң табыс етiлген сәтiнен бастап 30 күн iшiнде жүзеге асырады.
Нормативтiк актiнi қосымша зерделеудi жүргiзу және сарапшыларды тарту қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi тiркеу мерзiмiн ұзарта алады.
6. Ұсынылған ведомстволық нормативтiк акт жөнiнде оның Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгiне құқықтық талдау жүргiзiлiп, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң орынбасары бекiткен қорытынды шығарылады.
7. Тiркелген ведомстволық нормативтiк акт Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жүргiзетiн Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерi мен ведомстволарының нормативтiк актiлерiн мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiне енгiзiледi.
8. Нормативтiк актiнi тiркеуге мынадай жағдайларда рұқсат етiлмеуi мүмкiн, егер мұндай акт:
азаматтардың заңдарда белгiленген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiрсе немее оларға заңдарда көзделмеген мiндеттердi жүктейтiн болса;
оны шығарған орган құзырының шегiнен шығатын болса;
мүдделi министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттер және ведомстволармен келiсiлмеген болса, егер мұндай келiсiм мiндеттi болған жағдайда.
9. Мемлекеттiк тiркеуге рұқсат етiлмеген нормативтiк актiлердi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi оларды шығарған органға олардың заңдарға сәйкес келмейтiндiгi туралы қорытындымен бiрге қайтарып бередi.
Актiсiн тiркеуге рұқсат етiлмеген министрлiк, мемлекеттiк комитет немесе ведомство рұқсат етiлмеуi туралы шешiм жөнiнде сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.
10. Мемлекеттiк тiркеуден кейiн нормативтiк актiнiң бiр данасы оған берiлген тiркеу нөмiрiмен бiрге тиiстi министрлiкке, мемлекеттiк комитет немесе ведомствоға жiберiледi.
Ведомстволық нормативтiк актiлер оларға мемлекеттiк тiркеу нөмiрi берiлген күннен бастап, егер актiнiң өзiнде оның күшiне енуiнiң кешеңдеу мерзiмi белгiленбеген болса, күшiне енедi.
Нормативтiк акт таратылған және жарияланған кезде мемлекеттiк тiркеу нөмiрi мен тiркелген күнiне сiлтеме жасау мiндетi болып табылады.
11. Мемлекеттiк тiркеуден өткен ведомстволық нормативтiк актiлерге енгiзетiн өзгерiстер мен толықтырулар осы Ережеде белгiленген тәртiппен тiркеуге жатады.