1. Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң, "Аңсат" халықаралық биржалық сауда үйiнiң акционерлiк қоғамы мен Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама корольдығындағы Қазақстан сауда үйiнiң Қазақстанда көлiк лизингтiк компаниясы (Көлiклизинг) мен Қазақстан фрахтылық (көлiк жалдау) компаниясын құру жөнiндегi бастамасы мақұлдансын.
2. Былай деп белгiленсiн:
көлiк лизингтiк компаниясы шетелдiк құрылтайшылардың, аса iрi лизингтiк компаниялар мен фирмалардың қаражаты есебiнен темiр жол цистерналарын, астық таситын вагондарды, автобустарды, жүк автомобильдерi мен көлiк құралдарының басқа да түрлерiн халықаралық және республика iшiндегi тасымалдарды қамтамасыз ету үшiн сатып алып, жалгерлерге ұзақ мерзiмдi лизингке бередi;
Қазақстан фрахтылық компаниясы коммерциялық көлiк-экспедиторлық компаниясы болып табылады. Компания коммерциялық негiзде лизингке берiлетiн жылжымалы құрамды орталықтандырылған түрде пайдаланып, көлiк лизингтiк компаниясымен лизингтiк төлемдер және есеп айырысуларды қамтамасыз етедi;
Қазақстан фрахтылық компаниясының көлiк қызметiн көрсетудiң iшкi және сыртқы нарығында жалға алынған жылжымалы құраммен жүргiзетiн операцияларындағы коммерциялық iс-әрекетi лизингтiк төлемдер мен есеп айырысуларды өтеудiң негiзгi көзi болып табылады;
көлiк лизингтiк компаниясы мен Қазақстан фрахтылық компаниясы арасындағы бас лизингтiк келiсiм Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Шетелдiк инвестициялар жөнiндегi ұлттық агенттiкте сарапшылық бағалаудан өтуге тиiстi. Келiсiм жалгердiң қолында бар жылжымалы құрам мен өзге де лизингтiк көлiк мүлкiн төлемдер жөнiнде мойнына алған мiндеттемелерiн орындаған соң акционерлiк меншiкке алуын қамтамасыз етуге тиiс;
"Аңсат" халықаралық биржалық сауда үйiнiң акционерлiк қоғамы шетелдiк кредиттiң қайтарылуы үшiн, сондай-ақ көлiк лизингтiк компаниясымен есеп айырысу үшiн жауапкершiлiк жүктелген заңды тұлға болып табылады;
Бас лизингтiк келiсiмге негiзделген төлемдер жасау үшiн ақша қаражаты болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкiметi бұл төлемдердi қамтамасыз ету немесе көлiк лизингтiк компаниясына лизинг бойынша есеп айырысулардың жетiспейтiн бөлiгiн Қазақстан Республикасы тарапынан қатысушылардың өтеуi жөнiнде шаралар қолданады;
Қазақстан Республикасының көлiк кешенiн жан-жақты дамуын қаржыландыруға мүдделi кез келген республика және шетелдiк фирмалар Қазақстан фрахтылық компаниясы жасасатын бас лизингтiк келiсiмге қатысушы бола алады.
3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Көлiк министрлiгi көлiк лизинг компаниясы мен Қазақстан фрахтылық компаниясы енгiзетiн нақты лизингтiк жобаларды сараптауды жүзеге асырып, тартылып отырған шетел инвестицияларына берiлетiн Үкiмет кепiлдiктерiнiң нысанын анықтайтын болсын.
4. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi:
Қазақстан фрахтылық компаниясына лизингке қабылданатын
жылжымалы құрамның тiркелу пунктiн анықтауға, оның тиiмдi пайдаланылуына және оған техникалық қызмет көрсетiлуiне, шартты негiзде осы жылжымалы құраммен тасымалдау құқығы бар басқару-пайдалану құрылымын қалыптастыруға көмек көрсететiн болсын; тоқсан сайын лизингте ұсталынатын көлiк құралдарының пайдаланылуына талдау жасайтын болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi