1. "Қазақтүрiкмұнай ЛТД" бiрлескен кәсiпорнына ұңғымаларды сынама пайдаланудан және табылған кен орындарын тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк пайдаланудан алынған мұнайды әлемдiк баға бойынша экспортқа шығаруға рұқсат етiлсiн.
2. Кен орындарын сынама және тәжiрибелiк-өндiрiстiк пайдалану нақты кен орнын әзiрлеудiң бекiтiлген жобасы бойынша белгiленген тәртiппен жүргiзiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi "Қазақтүрiкмұнай ЛТД" бiрлескен кәсiпорнына экспортқа мұнай шығару лицензиясын Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгiнiң келiсiмi бойынша белгiленген тәртiппен берсiн.
4. Былай деп белгiленсiн:
экспортқа шығарылған мұнайдан түскен валюта экспорттық кеден баждарын төлегеннен кейiн және Банкаралық валюта биржасы арқылы сатудан соң "Қазақтүрiкмұнай ЛТД" бiрлескен кәсiпорнына тиесiлi кен орындарында мұнайды барлауға және өндiруге жұмсалуы тиiс.
"Қазақтүрiкмұнай ЛТД" бiрлескен кәсiпорнының қызметiне салық салу республиканың қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
5. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң орынбасары А.Ә.Жабағин "Қазақтүрiкмұнай ЛТД" бiрлескен кәсiпорнына, "Мұнайгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясымен альянста көмiрсутегiн өндiруге және өндiру шартын жасауға, өнiмдi бөлуге, тасымалдауға, өңдеуге, экспортқа шығарушыға және көмiрсутегiн сатуға құқық беру үшiн құрамында Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының әкiмдерi, Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң, Экономика министрлiгiнiң, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiнiң, Энергетика және отын ресурстары министрлiгiнiң, Экология және биоресурстар министрлiгiнiң, Қаржы министрлiгiнiң, "Мұнайгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясының, "Қазақтүрiкмұнай ЛТД" бiрлескен кәсiпорнының өкiлдерi бар үкiметтiң келiсiм жобасын дайындау жөнiндегi жұмыс тобын құрсын.
6. Премьер-министрдiң орынбасары А.Ә. Жабағинге "Қазақтүрiкмұнай ЛТД" бiрлескен кәсiпорнымен көмiрсутегiн өндiру, тасымалдау, экспортқа шығару және өткiзу туралы шартқа қол қою өкiлеттiлiгi берiлсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi