ШЫМКЕНТТЕГI ХИМИЯ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСIП ЭКОЛОГИЯСЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ ЖАНЫНАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТЕХНИКА ҚАУIПСIЗДIГI ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫН ҚҰРУ ТУРАЛЫ

Күшін жойған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 12 сәуiр 1994 ж. N 374. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 286 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.05.2017 № 286 қаулысымен.

      Химия, мұнай-химия, мұнай өңдеу өнеркәсiбiнде техника қауiпсiздiгi проблемалары бойынша республика аумағында ғылыми-зерттеулер жүргiзу және жобалау-смета құжаттарына сараптама жасау, авариялық пен травматизмнен сақтандыру жөнiндегi басқа да алдын алу шараларын жүзеге асыру қажеттiгiне байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң Шымкенттегi химия технологиясы және өнеркәсiп экологиясы ғылыми-зерттеу институты жанынан Химия, мұнай-химия, мұнай өңдеу, микробиология, химия-фармацевтика және тамақ өнеркәсiбiндегi техника қауiпсiздiгi республикалық ғылыми-зерттеу орталығы құрылсын.

      Ғылыми-зерттеу орталығының орналасқан жерi Шымкент қаласы болып белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау мемлекеттiк комитетiне ғылыми-зерттеу орталығының қызметiне әдiстемелiк және жедел басшылық ету, орталықтың ережесi мен құрылымын, оның жұмысын реттейтiн өзге де нормативтi құжаттарды пысықтау мен келiсiп алу жүктелсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мүдделi министрлiктермен, ведомстволармен бiрлесiп екi ай мерзiмде аталған ғылыми-зерттеу орталығының ережесi (жарғысы) мен құрылымын әзiрлеп, бекiтсiн.

      4. Химия, мұнай-химия, мұнай өңдеу, микробиология, химия-фармацевтика және тамақ өнеркәсiбiндегi техника қауiпсiздiгi ғылыми-зерттеу орталығы қызметiнiң мынадай негiзгi бағыттары белгiленсiн:

      техникалық құжаттамаға мемлекеттiк сараптауды жүзеге асыру, мемлекеттiк стандарттарға, нормалар мен қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiлiгi шарттарын басшылыққа алып, жаңадан әзiрленетiн және жаңғыртылатын технологиялық жабдықтар мен өндiрiс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн приборларды сынау және сертификаттау;

      мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асырудың барлық кезеңдерiнде - химия, мұнай-химия, мұнай өңдеу, микробиология, химия-фармацевтика және тамақ өнеркәсiбi объектiлерiн салу, қайта құру және доғара тұру (тарату) кезеңiнде еңбек қорғау және техника қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша жобалық құжаттамаға нысаналы сараптама жүргiзу;

      технологиялық жабдықтардың қалдық ресурсын зерттеудiң қолданылып жүрген тәсiлдерi мен әдiстерiн жетiлдiру және олардың жаңасын әзiрлеу;

      концерндермен, бiрлестiктермен, кәсiпорындармен бiрлесiп техника қауiпсiздiгi жөнiндегi ережелердi, нұсқамаларды және басқа нормативтi техникалық құжаттаманы әзiрлеу, сондай-ақ химия, мұнай-химия, мұнай өңдеу, микробиология, химия-фармацевтика және тамақ өнеркәсiбiнде жұмысты қауiпсiз жүргiзу мәселелерi бойынша сараптық қорытындылар мен ұсыныстарды келiсiп алу және оларды беру;

      техника қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша жоба-смета құжаттамасын және мамандар даярлаудың, инженер-техник қызметкерлер мен қызмет көрсетушi адамдардың бiлiктiлiгiн көтерудiң үлгi бағдарламаларын әзiрлеуге қатысу.

      5. Ғылыми-зерттеу орталығын қаржыландыру барлық нысандағы химия, мұнай-химия, мұнай өңдеу, микробиология, химия-фармацевтика және тамақ өнеркәсiбi кәсiпорындарымен жасалған төте шарттар бойынша шаруашылық есеп негiзiнде, ал келешектi және ұзақ мерзiмдi сипаты бар ғылыми зерттеулер - Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң аталған өнеркәсiп салалары кәсiпорындарының техника қауiпсiздiгi проблемалары жөнiндегi нысаналы ғылыми зерттеулерге аударымдары есебiнен құралатын орталықтандырылған қорларынан жүзеге асырылады.

      6. Ғылыми-зерттеу орталығы қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы


      төлеу қолданылып жүрген заңдар мен нормативтi актiлерге сәйкес

      белгiленсiн.

      7. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi, Энергетика

      және отын ресурстары министрлiгi, мемлекеттiк концерндер,

      корпорациялар, бiрлестiктер, химия, мұнай-химия, мұнай өңдеу,

      микробиология, химия-фармацевтика және тамақ өнеркәсiбiнiң

      кәсiпорындары материалдық, ғылыми-техникалық және эксперименттiк

      база жасауда, кадрлармен жасақтауда орталыққа көмек көрсетiп

      отыратын болсын.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады