1. "Қазақ КСР-iндегi меншiк туралы" Қазақ КСР Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
"Арғымақ" автомобиль корпорациясына мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың, заңды және жеке тұлғалардың қаражатын Ресей Федерациясының Елабуга қаласында орналасқан ЕлАЗ-инвест" мемлекетаралық консорциумының жарғылық қорына қосу үшiн тартуға рұқсат етiлсiн;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кәсiпорындары мен ұйымдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен келiсе отырып, "ЕлАЗ-инвест" мемлекетаралық консорциумының жарғылық қорын құру үшiн "Арғымақ" автомобиль корпорациясы арқылы қаражат қосатын болсын.
"Арғымақ" автомобиль корпорациясына Қазақстан Республикасынан мемлекеттiк меншiк үлесi мен тартылған жеке меншiк капиталды "ЕлАЗ-инвест" мемлекетаралық консорциумының жарғылық қорына қосу құқы берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Арғымақ" автомобиль корпорациясына аталған консорциумның жарғылық қорына Елабуга қаласында автомобиль зауыты құрылысын қаржыландыру үшiн қосылған мемлекеттiк мүлiк үлесiн, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындардың акциялары мен салымдарының мемлекеттiк пакеттерiн иелену, пайдалану және басқару құқын беретiн болсын.
3. "Арғымақ" автомобиль корпорациясы:
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шартты негiзде Елабуга қаласында автомобиль зауытының құрылысы үшiн жасалынған жеке меншiк капитал инвесторларының салымдарына кепiлшi болсын;
"ЕлАЗ-инвест" мемлекетаралық консорциумымен бiрлесiп Қазақстан Республикасының аумағында бос өндiрiстiк алаңдар мен жұмыс iстеп тұрған қуаттарды пайдалана отырып, жасалынатын автомобиль үшiн құрастырушы бұйымдар, шикiзат пен материалдар, босалқы бөлшектердi шығару жөнiндегi кәсiпорындар мен өндiрiстер құру бағдарламасын әзiрлеп, оны қаржымен қамтамасыз етудi мүдделi министрлiктер, ведомстволар, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер және шетелдiк инвесторлармен келiсетiн болсын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Арғымақ" автомобиль корпорациясына Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 20 шiлдедегi "Республикалық валюта қорын мемлекеттiк реттеу жүйесiн жетiлдiру туралы" N 1300 қаулысына сәйкес жасалынатын автомобильге арнап республикада құрастырушы бұйымдар өндiру үшiн шетелдiк инвесторлар тартылған жағдайда Қазақстан Республикасының
кепiлдiгiн беретiн болсын. 5. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, ведомстволары, облыстардың, Алматы, Ленинск қалаларының әкiмдерi "Арғымақ" автомобиль корпорациясының Қазақстан Республикасының аумағында жеңiл автомобильдер өндiрiсiн құруға бағытталған қызметiне көмек көрсететiн болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi