Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысын өсiру туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 18 cәуiр N 397. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.08.20. N 1033 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк басқару органдары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары туралы" 1994 жылғы 23 наурыздағы N 293, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жекелеген мәселелерi" туралы 1994 жылғы 29 наурыздағы N 306, "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысы туралы" 1994 жылғы 31 наурыздағы N 316 қаулыларына сәйкес белгiленген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк басқару органдары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысы 1994 жылғы 1 сәуiрден бастап 2,5 есе өсiрiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз