1. "Қазақстан Республикасының халық шаруашылығын ақпараттандыру" республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасының негiзгi тапсырмалары мен көрсеткiштерi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi:
бағдарламаның негiзгi тапсырмалары мен көрсеткiштерiне сәйкес олардың кеңейтiлген нұсқаларын бiр ай мерзiмде әзiрлеп бекiтетiн болсын.
1994 жылдан бастап мемлекеттiк бюджеттiң ғылымды қаржыландыру үшiн көздеген қаражаты есебiнен бағдарламаны мақсатты қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң "1991-1995 жылдарға және 2005 жылға дейiнгi кезеңге арналған Қазақ КСР-iн ақпараттандыру бағдарламасы туралы" 1991 жылғы 13 тамыздағы N 474 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi