МЕМЛЕКЕТТIК "ОРЫНДАУШЫЛАР АКАДЕМИЯСЫ" КАМЕРАЛЫҚ ОРКЕСТРIН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ

Жаңа

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 21 сәуiр 1994 ж. N 412

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң 1994 жылдың 1 қаңтарынан Мемлекеттiк "Орындаушылар академиясы" камералық оркестрiн ұйымдастыру туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк "Орындаушылар академиясы" камералық оркестрiн қаржыландырудың мүмкiндiктерiн қарастырсын.
      3. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Мемлекеттiк "Орындаушылар академиясы" камералық оркестрiн ұйымдастыруға байланысты мәселелердi шешiп, қажеттi аспаптармен және материалдық базамен қамтамасыз етсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады