ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТI ЖАНЫНДАҒЫ ГЕОДЕЗИЯ ЖӘНЕ КАРТОГРАФИЯ БАС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КАРТОГРАФИЯ ФАБРИКАСЫН ҚҰРУ ТУРАЛЫ

Жаңа

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 21 сәуiр 1994 ж. N 414

      Халық шаруашылығының, қорғаныс пен ғылымның салаларын картографиялық баспа өнiмдерiмен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң, Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң, Энергетика және отын ресурстары министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Геодезия және картография бас басқармасы мен "Қазақстанкаспийшельф" мемлекеттiк компаниясының Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Геодезия және картография бас басқармасының құрамында республикалық картография фабрикасын құру туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгi, "Қазақстанкаспийшельф" мемлекеттiк компаниясы Каспий шельфi жөнiнде келiсiм жасасу кезiнде шет елдiк әрiптестерден түскен қаражаттан республикалық картография фабрикасын ұйымдастыру үшiн Геодезия және картография бас басқармасына 2 млн. АҚШ долларын бөлсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады