ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙДА ТӘРБИЕЛЕУДI ҚАЖЕТ ЕТЕТIН БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПIРIМДЕРГЕ АРНАЛҒАН АРНАЙЫ ОҚУ-ТӘРБИЕ МЕКЕМЕЛЕРI ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕНI БЕКIТУ ТУРАЛЫ

Күшін жойған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ. 21 сәуiр 1994 ж. N 415. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.12.21. N 1335 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Ерекше жағдайда тәрбиелеудi қажет ететiн балалар мен жасөспiрiмдер үшiн арнаулы оқу-тәрбие мекемелерi туралы қоса берiлiп отырған ереже бекiтiлсiн. 

      2. "СССР Министрлер Советiнiң "Кәмелетке толмағандарға арналған тәрбие колонияларын арнайы мектептер мен арнайы кәсiптiк-техникалық училищелер етiп қайта құру туралы" 1964 жылғы 31 шiлдедегi N 635 қаулысын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1964 жылғы 28 қыркүйектегi N 672 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. 

      Қазақстан Республикасының 
      Премьер-министрi 

Қазақстан Республикасы      
Министрлер Кабинетiнiң      
1994 жылғы 21 сәуiрдегi     
N 415 қаулысымен        
Бекiтiлген            

       Ерекше жағдайда тәрбиелеудi қажет ететiн балалар мен 
     жасөспiрiмдер үшiн арнаулы оқу-тәрбие мекемелерi туралы
ЕРЕЖЕ

                       I. Жалпы ережелер 

      1. Балалар мен жасөспiрiмдердi ерекше жағдайда тәрбиелеу мақсатындағы арнайы жалпы бiлiм беретiн мектептер мен кәсiптiк-техникалық училищелер, қоғамға жат қылықтары мен қылмысқа бейiм балалар мен жасөспiрiмдердi оқытып-тәрбиелеуге арналған Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгi жүйесiнiң арнайы мекемелерi. 
      Кемтар және мүгедек, ақыл-есi кем балалар арнайы оқу-тәрбие мекемелерiне жiберiлмеуi керек. 
      Арнаулы мекеме өз қызметiнде осы ереженi және басқа да құжаттарды басшылыққа алады. 
      Қызметтi гуманистiк сипаттағы арнаулы мекеме кәмелетке толмаған балаларды қайта тәрбиелеу мен оқыту, белсендi еңбек ету мен мамандықты саналы түрде таңдаулы үйрету жөнiнде әлеуметтiк-педагогикалық бейiмдеу жұмысын жүзеге асыруға мiндеттi. 
      Арнаулы мектептер мен арнаулы кәсiптiк-техникалық училищелердi құру, қайта құру және тарату тәртiбi Қазақстан Республикасының "Бiлiм беру туралы" заңына сәйкес белгiленедi. Арнаулы мекеменi құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешiмдi жергiлiктi өкiмет органдары қабылдайды. 

      2. Арнаулы мекеме жасөспiрiмдердi тәрбиелеудiң ерекше жағдайлары мен педагогикалық тәртiбi былай белгiленедi: 
      күн тәртiбi, оқу жүйесi, оқушыларды еңбек өндiрiсiне және бос уақытын ұйымдастыруға қатыстыра отырып, олардың пайдалы iспен шұғылдануын қамтамасыз ететiн тәрбие жұмысы; 
      оқушылардың өз мiнез-құлқы мен тәртiбiне жоғары жауапкершiлiкпен қарауы; 
      оқушыларды тәулiк бойы педагогикалық қадағалау және бақылау; 
      әкiмшiлiктiң тиiстi рұқсатынсыз оқушылардың арнаулы мекеме ауласынан өз бетiнше шығып кетпеуi. 

      3. Арнаулы мекеме Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң, облыстық (Алматы қалалық) бiлiм басқармаларының қарамағында болады. 
      Арнаулы мекеменiң қызмет территориясы орналасқан облыстық бiлiм басқармалары, аудандық, қалалық бiлiм бөлiмдерi ведомстволық бақылауды жүзеге асырады, оған бiлiктi кадрларды iрiктеуде, оқу-тәрбие жұмысы мен ұйымдастыру-шаруашылық қызметiн жолға қоюда көмек көрсетедi. 

      4. Жергiлiктi өкiмет органдарының кәмелетке толмаған балалар iстерi жөнiндегi комиссиясы арнаулы мекеменiң қызметiне мемлекеттiк бақылау жасайды және оған қажеттi көмек көрсетедi. 
      Арнаулы мекеменiң қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдарын орындауын прокуратура органдары қадағалайды. 

      5. Арнаулы мекеме ұлдар (жiгiттер) және қыздар (бойжеткендер) үшiн бөлек құрылады. Барлық оқушылар саны, ережеде көрсетiлгендей, 200 адамнан аспауы керек. 
      Оқу сыныбындағы оқушылар саны 20 адамнан, ал өндiрiске үйрететiн оқу тобында 10 адамнан аспауы керек. 
      Құрамында 20 оқушысы бар әрбiр топқа 2 тәрбиешi қарайды. 

      6. Арнаулы мекемелерде оқушыларды асырауға жұмсалған шығынды iшiнара өтеу үшiн ата-аналарынан белгiленген тәртiп бойынша ақы алынады. Аз қамтамасыз етiлген және көп балалы отбасылардағы ата-аналар үшiн белгiленген ақы кемiтiлуi мүмкiн, бiрақ 50 проценттен асырылмауы тиiс. 
      Ата-анасы жоқ, сондай-ақ қамқорлыққа алынған балаларды мемлекет толық қамтамасыз етедi. 

      7. Арнаулы кәсiптiк-техникалық училище жанынан жалпы бiлiм беретiн мектеп құрылады. 

      8. Арнаулы мекеме жанынан белгiленген тәртiп бойынша денсаулық сақтау пунктi құрылады (дәрiгерлiк-санитарлық бөлiм) және кешкi, түнгi уақытта, демалыс және мереке күндерi орта медицина қызметкерлерiнiң кезекшiлiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi медицина қызметкерлерiнiң штаты белгiленедi. Денсаулық сақтау пунктi арнаулы мекеме директорының және жергiлiктi денсаулық сақтау органдарының басшылығымен жұмыс iстейдi. 
      Қажеттi жағдайларда арнаулы мекеме өзге де медицина мекемелерiнiң көмегiн пайдаланады. 
      Арнаулы мекеменiң емдеу-профилактикалық және эпидемияға қарсы жұмысы "Қазақстан Республикасында халық денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүргiзiледi. 

      9. Оқытуда, тәрбиелеуде, еңбек және өндiрiс оқуын ұстау мен ұйымдастыруда арнаулы мекемеге қамқорлық жұмысын ұйымдастыру үшiн жергiлiктi өкiмет органдарынан негiзгi (қамқоршы) кәсiпорынның, қаладағы, облыстағы кәсiподақ, жастар және басқа қоғамдық ұйымдардың өкiлдерiнен жұртшылық кеңесi құрылуы мүмкiн. Кеңестiң құрамына директор немесе оның орынбасары, педагогикалық ұжымның өкiлдерi, ата-аналар кiредi. 

                 II. Арнаулы мекемеге оқушыларды қабылдау, 
            бiтiртiп шығару және оларды жұмысқа орналастыру 
                             тәртiбi 

      10. Кәмелетке толмаған, құқық бұзған 11-ден 14 жасқа дейiнгi балалар - арнаулы жалпы бiлiм беретiн мектепке, 14-тен 18 жасқа дейiнгi балалар арнаулы кәсiптiк-техникалық училищеге, соттың шешiмi бойынша арнаулы мекемеге жiберiледi.

      11. Арнаулы мекемеге жiберiлген кәмелетке толмаған балалардың дербес iс-қағаздарын ресiмдеу "Ерекше жағдайда тәрбиелеудi қажет ететiн балалар мен жасөспiрiмдердiң арнаулы мекемелерiне жiберiлетiн кәмелетке толмаған балалардың дербес iс-қағаздарын рәсiмдеу тәртiбi туралы" нұсқауға сәйкес жүргiзiледi. 

      12. Арнаулы мекемеге қабылдауға мекеме директоры басқарған комиссия жыл бойы жүргiзе бередi. 
      Кәмелетке толмаған жасөспiрiмдердi арнаулы мекемеге жеткiзу Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң кәмелетке толмағандарға арналған қабылдау-бөлу жүйесi арқылы, белгiленген тәртiп бойынша жүргiзiледi. 

      13. Арнаулы мекемеге түскен кәмелетке толмағандар медицина және педагогика қызметкерлерiнiң бақылауымен 10 күн мерзiмге дейiн карантин бөлiмшесiне орналастырылады. 
      Кәмелетке толмағандарды сыныпқа бөлу бiлiм жөнiндегi құжаттар негiзiнде жүргiзiледi, ондай құжаттар болмаған ретте немесе даулы жағдайда олардың бiлiм дәрежесiн тексеру арқылы анықталады. Қабылдау мектеп директорының бұйрығымен рәсiмделедi. 

      14. Арнаулы мекеменiң әкiмшiлiгi кәмелетке толмағандар түскеннен кейiн бұл туралы 10 күн iшiнде ата-анасына немесе оларды алмастырғандарға, сондай-ақ соңғысының тұрған жерiндегi кәмелетке толмағандар жөнiндегi қалалық және аудандық iшкi iстер бөлiмiне жазбаша түрде бiлдiруге тиiс және арнаулы мекеменiң мекен жайын хабарлауы керек. 

      15. Оқушы өз бетiмен кетiп қалса, арнаулы мекеменiң басшылары сол мекеме орналасқан аймақтағы iшкi iстер бөлiмiне бұл туралы дереу хабарлайды және соңғысымен бiрге баланы iздеуге және қайтаруға шаралар қолданады. 

      16. Оқушылар жаппай тәртiпсiздiк жасап, өз бетiмен топтанып кетiп қалса, қылмыс жасаса, арнаулы мекеменiң әкiмшiлiгi мұндай төтенше оқиға туралы облыстық бiлiм және iшкi iстер басқармаларына, тиiстi министрлiктерге тез арада хабарлайды, ондай тәртiпсiздiктi болдырмау жөнiнде қабылданған шараларды мәлiмдейдi. 

      17. Кәмелетке толмағандар түзелгенге дейiн арнаулы мекемеде, бiрақ үш жылдан аспайтын уақыт бойы және 15 жасқа толғанға дейiн - арнаулы мектепте, ал 18 жасқа толғанша арнаулы кәсiптiк-техникалық училищеде болады. 

      18. Оқушының арнаулы мекемеде болып тұруы жөнiндегi мәселе жылына бiр рет соттың өз инициативасы бойынша, мекеменiң өзiн-өзi басқару органдарының немесе оқушының ата-анасының, не оларды алмастырғандардың өтiнiштерi бойынша қаралады. 

      19. Оқушыларды арнаулы мекемеден шығару мекеменiң директоры бекiткен кеңес шешiмi негiзiнде арнаулы мекеме тұрған жердегi соттың қаулысы бойынша жүргiзiледi. 
      Түзелу жолына шындап түскен оқушылар арнаулы мекемеден аталған негiзге сәйкес мерзiмiнен бұрын, бiрақ мекемеде 6 ай болғаннан кейiн ғана босатылуы мүмкiн. 
      Оқушыларды, соның iшiнде үнемi тәртiп бұзушыларды да арнаулы мекеменiң бiрiнен екiншiсiне ауыстыру ерекше жағдай ретiнде тек мекеме әкiмшiлiгiнiң өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң рұқсатымен жүргiзiледi. 

      20. Арнаулы мекеменiң әкiмшiлiгi оқушыны босатқанға дейiн бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей, жасөспiрiмдi одан әрi жұмысқа орналастыру туралы қабылданған шаралар жөнiнде жасөспiрiмдердiң тұратын жерiндегi iшкi iстер органдары мен бiлiм бөлiмiне хабарлауға мiндеттi. 

      21. Босатылу кезiнде 16 жасқа толмаған оқушылар, ал 18 жасқа толмай босатылған жетiмдер одан әрi тұратын жерiне ата-аналарына немесе оларды алмастырғандарға немесе арнаулы мекеменiң қызметкерлерiне қосып жiберiледi. 

      22. Арнаулы мекеме босатылғандарды маусымға сәйкес заттай мүлiкпен және шаруашылыққа қажет заттармен белгiленген нормаға сәйкес қамтамасыз етiп, тапқан ақшаларын қолма-қол бередi. 
      Жетiмдерге және ата-аналардың қарауынсыз қалғандарға материалдық көмек көрсетiледi. 

      23. Жетiм оқушыларды және ата-аналарының қарауынсыз қалған балаларды арнаулы мекемеден босатқан кезде олардың баратын жерiне дейiнгi жүрiс билетiн, iшiп-жейтiн тамағы мен тиiстi заттарын, ақшасын, дербес құжаттарын, бiлiмi мен еңбекке даярлығы туралы куәлiгiн немесе анықтамасын, мiнездемесiн ертiп жүрушiге бередi. 

      24. Арнаулы мекеменiң әкiмшiлiгi оқушының тұратын жерiне жеткен-жетпегенiн тексерудi ұйымдастырады, өздерiнiң бұрынғы оқушылары жұмыс iстейтiн немесе оқитын кәсiпорындарымен, оқу орындарымен, сондай-ақ олардың жұмысы, оқуы мен мiнез-құлқы туралы iшкi iстер органдарының кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi тиiстi бөлiмшелерiмен жыл бойы хат жазысып тұрады. Кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi бөлiмше оның келгенi, одан әрi оқуы мен жұмысқа орналасқаны туралы мекемеге хабарлайды. 

      25. Арнаулы кәсiптiк-техникалық училищенi бiтiргендерге тұратын жерi бойынша паспорт жүйесi туралы қолданылып жүрген ережеге сәйкес паспорт берiледi. 

                III. Оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру

         26. Арнаулы мекемедегi оқу-тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi бекiткен жалпы бiлiм беретiн мектептiң оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. 

      27. Арнаулы мекеменiң оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу олардың жас және өзiндiк ерекшелiктерi ескерiлiп, әр саладағы өндiрiстiк және қоғамдық-пайдалы еңбекке, түрлi үйiрме және спорт жұмыстарына кеңiнен қатыстыра отырып, жеке-жеке жүргiзiледi. 

      28. Педагогикалық тәрбие тұрғысынан артта қалып қойған оқушылар үшiн мекеменiң кеңесi бекiткен бiлiмдi теңестiру бағдарламасы қолданылады. Өз бетiнше даярлану дәрiстерi күн тәртiбi белгiленген сағаттарда арнайы бөлiнiп, берiлген жерде педагогтардың басшылығымен жүргiзiледi. 

      29. Арнаулы мекеменiң оқушыларын ауыл шаруашылық, шаруашылық және басқа да жұмыстарға, оқу процесiне байланыссыз әр түрлi бастамаларға жiберуге тыйым салынады. 

      30. Арнаулы мекемеде еңбекке баулу мен тәрбиелеу балалар мен жасөспiрiмдердi қайта тәрбиелеудiң жетекшi құралы болып табылады. Бұл оқу-өндiрiс шеберханаларында және ауыл шаруашылығының қосалқы оқу-тәжiрибе бөлiмшелерiнде жасы мен шамасына қарай күнiне 2-ден 4-сағатқа дейiн жүргiзiледi. 

      31. Оқушылар өндiрiстiк оқу процесiнде оқу бағдарламаларының талаптарына жауап беретiн өндiрiстiк тапсырыстарды орындауы мүмкiн. 

      32. Арнаулы мекемедегi оқушылардың өндiрiстiк практикасы жалпы бiлiм беретiн мектептер мен кәсiптiк-техникалық училищелер оқушыларының Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi бекiткен өндiрiстiк практикасы туралы ережелерiне сәйкес ұйымдастырылады. 
      Оқушылар өндiрiстiк практиканы арнаулы мекеменiң оқу өндiрiстiк шеберханаларында, ал жекелеген жағдайларда тiкелей кәсiпорындарда өткiзедi. 

      33. Арнаулы мекеменiң оқушылары өндiрiстiк практиканы өткiзетiн кәсiпорындар, ұйымдар оқушыларға қажет мынадай жағдайларды жасайды: 
      қызмет орындарын бөледi, оқушыларды оқу бағдарламаларының талаптарына сәйкес жұмыс көлемiмен қамтамасыз етедi, оқушылардың өндiрiсте жұмыс iстеуi үшiн қауiпсiз жағдайлар жасайды; 
      оқушыларға өндiрiстiк практика кезiнде тиiстi мамандықтағы жұмысшылар үшiн белгiленген нормалар бойынша арнаулы киiм мен аяқ киiм, дербес қорғану құралдарын және арнаулы тамақ бередi; 
      өз есебiнен немесе өзiнiң транспорт құралдарымен оқушыларды өндiрiстiк практика өтетiн жерге апарып-әкелудi қамтамасыз етедi. 

      34. Өндiрiстiк оқу процесiнде оқушылар әзiрлеген өнiм үшiн, сондай-ақ өндiрiстiк практика кезiнде орындалған жұмыс үшiн оқушыларға белгiленген тәртiп бойынша ақшалай қаржы төленедi. 

      35. Оқушылар кәсiптiк оқуды бiтiргеннен кейiн Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгi белгiлеген тәртiп бойынша бiлiктiлiк жөнiнде емтихан тапсырады. 
      Бiлiктiлiк емтиханын тапсырған оқушыларға өндiрiс маманы атағы берiлiп, белгiленген үлгiдегi аттестат тапсырылады. 

      36. Мектептiң оныншы (он бiрiншi) сыныбын бiтiрген арнаулы мекеменiң оқушылары бiлiмi туралы тиiстi куәлiк немесе бiлiмi туралы аттестат алады, бұлар дербес iс-қағаздарында сақталады немесе училищенi бiтiрiп шыққаннан кейiн қолхат арқылы олардың қолдарына берiледi. Арнаулы мекемеден босатылған кезде басқа оқушыларға барлық пәннен алған бағалары көрсетiлiп, белгiлi бiр сыныпта оқығаны туралы анықтама берiледi. 

      37. Арнаулы мекемеде мынадай ынталандыру шаралары белгiленедi: 
      - ауызша немесе бұйрық түрiнде алғыс жариялау және ол тәрбиеленушiнiң жеке iс қағазының iшiне салынады; 
      - бұрын қолданылған жазаны мерзiмiнен бұрын алып тастау; 
      - грамотамен, затпен, сыйлықпен марапаттау; 
      - құрмет тақтасына немесе "Мектептiң үздiк оқушысы" кiтабына жазу; 
      - ата-аналарымен, туған-туысқандарымен телефон арқылы сөйлестiру; 
      - үлкендердiң бақылауынсыз 6 сағат мерзiмге дейiн арнаулы мекеменiң шегiнен шығуға рұқсат ету; 
      - ата-аналарына немесе бұрынғы оқыған жерiне оқушының жақсы тәртiбi, оның оқудағы және еңбектегi табысы туралы хабарлау; 
      - каникул кезiнде қысқа мерзiмге (7 тәулiкке дейiн), ал жазғы кездерi бiр айға дейiнгi мерзiмге ата-анасына немесе оларды алмастырушыларға барып келуге рұқсат ету; 
      - оқушылардың үздiк ұжымына (сыныбына, тобына) вымпелдер, грамоталар т.б. тапсыру; 
      - "Үздiк маман", "Мектептiң үздiк оқушысы", "Мектептiң үздiк спортшысы" т.б. атақтар беру; 
      - озат оқушылар немесе оқушылар топтары әдiстемелiк (педагогикалық) кеңестiң мекеменiң өзiн-өзi басқаратын активi туған өлкеге, елiмiзге туристiк сапарлардың жолдамаларын сыйлау, театрға жiберу т.б. 

      38. Күн тәртiбiн және "Оқушылардың мiнез-құлық ережелерiн" бұзған оқушыларға мынадай жазалау шаралары қолданылуы мүмкiн: 
      - ескертпе; 
      - ауызша сөгiс беру немесе арнаулы мекеме директорының бұйрығымен оқушылар сапының алдында сөгiс жариялау; 
      - оқушылардың, топтың, сыныптың жалпы жиналысында, әдiстемелiк (педагогикалық) кеңесте, арнаулы мекеменiң кеңесiнде талқыға салу; 
      - оқудан бос уақытта ұйықтауға дейiн (бiр сағаттан артық емес) арнаулы мекеменiң үй-жайлары мен аумағын (қоғамдық пайдалану орындарын қоспау керек) кезектен тыс тазарту кезекшiлiгiн жасау; 
      - тәртiптiк жазалау бөлмесiне екi тәулiкке дейiн жауып қою. Тәртiптiк жазалау бөлмесiне орналастыру мен ұстау шарттары тәртiптiк жазалау бөлмесi туралы ережемен белгiленедi; 
      - арнаулы мекеменiң шегiнен бiр ай бойы еркiн шығуға тыйым салу. 
      Осы ережеде көзделмеген жазалау шараларын қолдануға жол берiлмейдi. 

      39. Арнаулы мекеменiң директоры, оның орынбасарлары, мұғалiмдер мен тәрбиешiлер оқушыларға ауызша алғыс жариялауға, ескертпе жасауға немесе ауызша сөгiс беруге құқылы. 37 және 38 тармақтарда көрсетiлген ынталандыру мен жазалаудың басқа шараларын мектеп директоры немесе оның орынбасарлары қолдана алады. 

      40. Арнаулы мекеменiң әкiмшiлiгi оқушыларға ата-аналары немесе оларды алмастырушылары, жақын туыстары қайтыс болған ретте 7 тәулiкке дейiн (жолын қоспағанда) қысқа мерзiмдi демалыс беруге құқылы. 

      41. Арнаулы мекеменiң директоры, оның орынбасарлары, мұғалiмдер, тәрбиешiлер оқушылардың ата-аналарымен немесе оларды алмастырушылармен хат жазысу, жеке әңгiмелесу, ата-аналардың жиналыстарын өткiзу арқылы үнемi байланысып тұрады. 
      Оқушыларға ата-аналарының немесе оларды алмастырушыларының келiп-кетуiне күн тәртiбiне белгiленген уақыт бойынша және арнаулы оқу орны әкiмшiлiгiнiң рұқсаты арқылы жол берiледi. 

      42. Оқушыларға белгiленген тәртiп бойынша хат-хабар жазысуға, заттар, посылкалар, бандерольдар алып тұруға (рұқсат етiлген заттар мен азық-түлiктердiң тiзбесiне сәйкес), ақша аударуға рұқсат етiледi. 
      Оқушылардың ақшалай қаржыларын жұмсау арнаулы мекеме тәрбиешiлерiнiң рұқсаты және бақылауы бойынша жүргiзiледi. 

      43. Оқушылардың сақтауына тыйым салынатын заттардың бар екенiне көзi жеткен жағдайда мекеме әкiмшiлiгi оқушылардың заттарын, ата-аналары, таныстары мен туыстарынан келген сәлемдемелердi хаттама жаза отырып тексеруiне құқы бар. 

      44. Арнаулы мекеменiң аумағында сенбiлiктер, жаппай тазалау жасағанда, өзiне-өзi қызмет көрсету жұмыстарын жүргiзгенде оқушылардың денсаулығына қауiптi орындарды және қоғамдық пайдалану орындарын жинап-тазалауға тыйым салынады. 

               IV. Арнайы мекемелерге басшылық жүргiзу

         45. Арнайы мекемелерге басшылық жүргiзу дара басшылық және әрiптестiк принципiне негiзделедi. Арнайы мекемелердiң оқу процесiне және күнделiктi iс-шараларына тiкелей мекеме директоры басшылық етедi. Директорды сайлау және жұмыстан босату мамандыққа баға беру тарифiнiң талаптарына сай облыстық бiлiм басқармалары мен Алматы қалалық бiлiм басқармасы арқылы жүзеге асырылады. 

      46. Арнайы мекемелерге жалпы басшылықты сайлау ұйымы - Кеңес жүргiзедi, оның құрамына мұғалiмдер ұжымынан, 5-11 сынып оқушылары және ата-аналар (немесе ата-ана орнындағы) мен қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi енедi. Кеңестiң сайлау тәртiбiн және жұмысын мекеме Жарғысы анықтайды. 

      47. Арнайы мектептiң әкiмшiлiгiн мұғалiмдер құрамы мен басқа қызметкерлерiн мамандыққа баға беру тарифi негiзiнде Кеңес және кәсiподақ ұйымымен келiсе отырып мекеме директоры тағайындайды. 

      48. Арнайы мекеме директорынан тәртiп (режим) жөнiндегi көмекшiсiн, тәртiп (режим) бойынша аға кезекшi және тәртiп (режим) кезекшiсiн педагогтiк немесе заңгерлiк бiлiмi бар және балалармен жұмыс тәжiрибесi мол мамандардан мекеме директорын тағайындайды. 
      Кезекшi мен аға кезекшiнiң (режим бойынша) саны жалпы оқушылары санының 10% негiзiнде анықталады. 

      49. Арнайы мекеменiң аға тәрбиешiсiн балалар коллективiнiң жақсы басшысы ретiнде өз бейiмдiлiгiн таныта бiлген жоғарғы бiлiмдi педагог мамандар арасынан әрбiр 4 сынапқа (тәрбие топтары) мекеме директоры тағайындайды. 

      50. Еңбек шеберi (ұстаз-тәрбиешi) мен кәсiптiк оқу шеберi жоғарғы бiлiмдi немесе орта арнайы бiлiмдi ғана емес, сонымен қатар атаулы мамандық бойынша жоғарғы кәсiптiк тәжiрибесi бар маман болуы керек.

      51. Арнайы мекеменiң дәрiгерлiк бөлiмше меңгерушiсi мен медицина қызметкерлерiн қалалық, аудандық денсаулық сақтау бөлiмiмен келiсе отырып штат кестесiне байланысты мекеме директоры тағайындайды.

      52. Арнайы мекеменiң психология жоғарғы бiлiмi бар педагогтiк психологиядан, психодиагностикадан, психокоррекциядан және жалпы психологиядан арнаулы дайындығы бар мамандар қатарынан директор тағайындайды. 

      53. Осы ереженiң негiзiнде, Қазақстан Республикасы "Бiлiм беру туралы" Заңының және бақса да нормативтiк құжаттарды басшылыққа ала отырып арнайы мекеме өзiнiң Жарғысын дайындайды. Жарғыда ұжымның мiндеттерi мен құқықтары, Кеңестiң өкiлдiлiгi және заңға қайшы келмейтiн арнайы мекеменiң жұмысына жағдай туғызатын мәселелер анықталады. 

                     V. Арнаулы мекеменiң қаржы және 
                     материалдық-техникалық базасы

        54. Арнаулы мекеменiң ақша қаражаты бюджет қаржысынан және басқа көздерден түсетiн өз қаржысынан құралады. 

      55. Облыстық бiлiм басқармаларының органдары аймақтық қажеттiлiк пен жағдайларға байланысты көтерiңкi нормативтер белгiлеуi және осы нормативтерге сәйкес арнаулы мекемеге қосымша қаржы бөлуi мүмкiн. 

      56. Арнаулы мекеменiң өз қаржылары мынадай көздерден құралады: 
      - шаруашылық қызметтен, ақылы қызмет көрсетуден түскен табыстардан; 
      - мемлекеттiк, қоғамдық, кооператив және өзге ұйымдардың, цехтардың, өндiрiстiк бригадалардың, ата-аналар мен басқа да азаматтардың ерiктi жарналарынан; 
      - министрлiктердiң, ведомстволардың, базалық кәсiпорындардың, мемлекеттiк мекемелердiң, қоғамдық және кооперативтiк ұйымдардың арнайы бөлген қаржыларынан; 
      - банк кредитi мен басқа да түсiмдерден. 
      Арнаулы мекемелер белгiленген тәртiп бойынша бекiтiлген бағалар мен тарифтер бойынша, ал ондай бағалар тарифтер жоқ кезде келiсiмдi бағалар бойынша халыққа ақылы қызмет көрсетуi мүмкiн. 
      Жергiлiктi өкiмет органдары арнаулы мекеме көрсеткен ақылы қызметтiң жүзеге асуы жөнiндегi мемлекеттiк тапсырыстардың орындалуы туралы қызметтердiң көлемiн есептерiне енгiзуi мүмкiн. 
      Жоғары тұрған органдардың арнаулы мекемеге ақылы қызметтердi дамыту жөнiнде қандай бiр нысанда болмасын жоспарды тапсырмалар белгiлеуiне жол берiлмейдi. 

      57. Ақша қаржылары Қазақстан Республикасындағы кез келген банк бөлiмшелерiнiң шоттарына аударылып, сақталады. 

      58. Арнаулы мекемеде бухгалтердiң және статистикалық есептi жүргiзу тәртiбi қолданылып жүрген заңдармен белгiленедi. 

      59. Арнаулы мекеменiң қызметкерлерiне ақы төлеу және оларды материалдық ынталандыру белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады. 

      60. Бюджет арқылы қаржыландырылатын арнаулы мекемелерге, дербес түрде еңбекақы төлеу, үстеме ақының, қосымша ақының, сыйлықтар мен басқа да ынталандыру сипатындағы төлемдердiң нысаны мен жүйесiн белгiлеу сондай-ақ құрылым мен штатты әртүрлi дәрежедегi қызметкерлердiң сандық қатынасын есепке алмай, еңбекақы төлеуге бөлiнген бюджеттiк қаржылар шегiнде белгiлеу құқығы берiлген. 
      Сонымен бiрге мекеме басшыларына осы мекемелердiң қызметкерлерiне сыйлық беру туралы ереженi кәсiподақ комитеттерiмен келiсе отырып бекiту құқығы берiлген. 
      Басшы қызметкерлерге берiлетiн сыйлықтың көрсеткiштерiн, мөлшерi мен мерзiмiн жоғары тұрған басқару органы тиiстi кәсiподақ комитетiмен келiсе отырып белгiлейдi. 

      61. Арнаулы мекеме транспорт пен телефон байланысы бар елдi мекенге орналастырылады. 
      Арнаулы мекеменiң аумағы, әдетте, одан оқушылар еркiн шығып кете алмайтындай етiп қоршалуға тиiс. 

      62. Арнаулы мекеменiң оқу-тәрбие процесiмен қамтамасыз ететiн кешендi үйлерi мен ғимараты болуы тиiс, белгiленген нормативтер бойынша жабдықталған оқушылардың оқу және тұрғын үйлерi, денсаулық сақтау пунктi мен карантин бөлiмшесiне арналған үй-жайлар, асхана, клуб, спорт қалашығы, оқу-өндiрiстiк шеберханалар, ауылдық оқу-тәжiрибе шаруашылығы немесе бау шаруашылығы. 

      63. Арнаулы мекеме белгiленген тәртiп бойынша қажеттi жеңiл және жүк транспортымен, сондай-ақ оқушыларды тасымалдауға арналған автобустармен, қажетке қарай бөлiнетiн жанар-жағармай материалдармен қамтамасыз етiледi. 

      64. Оқушылар жалпы үлгiдегi мектеп-интернаттардың шәкiрттерiн қамтамасыз ету нормаларына сәйкес тамақпен, киiммен, аяқ киiммен, басқа да киiм-кешек жабдығымен және үй-жайымен қамтамасыз етiледi. 
      Арнаулы мекеменiң директорына кеңеспен келiсе отырып, қолданылып жүрген нормаларда көзделген киiм мен аяқ киiмнiң тiзбегiне бiр тәрбиеленушiнi толық киiндiруге кететiн киiмнiң құны шегiнде iшiнара өзгерiстер енгiзу құқығы берiледi. 

      65. Арнаулы мекеменiң оқушыларына тапқан табысы 100 процент мөлшерiнде төленедi. 
      Тапқан ақшалары оқушының дербес есебiне аударылады және оларға қажеттiлiгiне қарай белгiленген тәртiп бойынша берiледi. 

      66. Педагог қызметкерлер мен тәрбиеленушiлер қоғам мүлкiн, ғимараттарды, оқу құрал жабдықтарын және басқа мектеп мүлiктерiн бүлдiргенi үшiн заңға сәйкес мүлiктiк жауапкершiлiкке мiндеттi. 

      67. Арнаулы мекеме Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк статистика және талдау комитетi бекiткен нысандар бойынша статистикалық есеп тапсырады. 

      68. Арнаулы мекеменiң Заңды тұлға ретiнде мөрi, штампы, сондай-ақ белгiленген үлгiде аты жазылған тақтасы болады. 

      69. Арнаулы мекеменiң құжаттары Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгi бекiткен үлгi нұсқауына сәйкес жүргiзiледi. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады