ӨНIМДI (ПРОДАКШН ШЕРИНГ) "ЭРДЕЛЬ-ЭРДГАЗ ГОММЕРН ГМБХ" ЖӘНЕ "СЕЛЕКТ ЭНЕРЖИ ТРЕЙДИНГ ГМБХ" (ГЕРМАНИЯ) КОМПАНИЯЛАРЫМЕН БӨЛIСУ ШАРТТАРЫ НЕГIЗIНДЕ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚЫРЫҚМЫЛТЫҚ КЕН ОРНЫНДА МҰНАЙДЫ ЖЕТЕ БАРЛАУ, ИГЕРУ ЖӘНЕ ОНЫ ӨНДIРУ ЖӨНIНДЕ КЕЛIСIМ ЖАСАУ ТУРАЛЫ

Күшін жойған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 1994 жылғы 22 сәуiр N 427. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.09.13. N 1257 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Атырау облысын әлеуметтiк-экономикалық дамыту бағдарламасын қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 мамырдағы N 382 қаулысын жүзеге асыру шегiнде Атырау облысы әкiмi ұсынған "Ембiмұнайгаз" акционерлiк қоғамының қатысуымен әзiрлеген және республиканың мүдделi министрлiктерiмен және ведомстволарымен келiсiлген. Өнiмдi (продакшн шеринг) "Эрдель-Эрдгаз Гоммерн Гмбх" және "Селект Энержи Трейдинг Гмбх" (Германия) компанияларымен бөлiсу шарттары негiзiнде Атырау облысының Қырықмылтық кен орнында мұнайды жете барлау, игеру және оны өндiру жөнiндегi келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Атырау облысының әкiмi мен "Ембiмұнайгаз" акционерлiк қоғамына аталған Келiсiмге қол қою және Басқарушы Комитетке Қазақстан жағынан өз өкiлдерiн тағайындау тапсырылсын.
      3. Аталған қаулының 1, 2-тармақтарын орындау мақсатында Қазақстан жағының мұнай өткiзуден алған пайдасының 50 процентi iшкi республикалық баға бойынша Атырау облысының әкiмiне сатылсын.
      4. Аталған қаулының 3-тармағын орындау мақсатында Қазақстан жағынан мұнай өткiзуден алған пайдасының 50 процентi мемлекеттiк бермелердi орындау үшiн "Ембiмұнайгаз" акционерлiк қоғамына есептелетiн болсын.
      5. Роялтидiң 50 процентi Атырау облысының әкiмiне, ал 50

процентi "Ембiмұнайгаз" акционерлiк қоғамына бөлiнсiн.
    (6-тармақ) 
<*>
. 
    Ескерту. 6-тармақтың күшi жойылды (1994 ж. 1 қыркүйек N 980
          Қаз. Рес. Мин. Кабинетiнiң қаулысы)
     7. Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары
министрлiгiне жасалған Келiсiмде жүзеге асыру барысында 
республиканың мүдделерi сақталуына бақылау жасауды қамтамасыз
ету тапсырылсын.
     8. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары
"Эрдель-Эрдгаз Гоммерн Гмбх" және "Селект Энержи Трейдинг Гмбх"
(Германия) компанияларын аталған Келiсiм шегiнде барлық қажеттi
лицензиялармен және рұқсаттамалармен қамтамасыз етсiн.
            Қазақстан Республикасының
              Премьер-министрi
   
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады