ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ПАТЕНТ ВЕДОМСТВОСЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРI<*>

Жаңа

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 28 сәуiр 1994 ж. N 439

      Қазақстан Республикасының "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауарлар шығарылған жер атаулары туралы" Заңы мен Қазақстан Республикасының Патент Заңын тиiмдi жүзеге асыру, өнертабыстарға, өнеркәсiптiк үлгiлерге, пайдалы нұсқалар мен тауар белгiлерiне берiлген өтiнiмдерге мезгiлiнде сараптама жасауды қамтамасыз ету, отандық және шетелдiк өтiнiм берушiлердiң құқығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық патент ведомствосының жанынан сарапшылық-әдiстемелiк орталығы құрылсын, оған өнеркәсiптiк меншiктiң барлық объектiлерi, өсiмдiктердiң жаңа сорттары мен малдың жаңа тұқымдары бойынша өтiнiмдерге сараптама жасауды жүзеге асыру мiндеттерi жүктелсiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. Қаулының атауынан және 1-тармағынан сөздер алынып
               тасталды - ҚРҮ-нiң 1996.08.20. N 1031 қаулысымен.
               P961031_
      2. <*>
      Ескерту. 2-тармақ күшiн жойған - ҚР Үкiметiнiң 1996.01.09.
               N 31 қаулысымен. P960031_
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi сарапшылық-әдiстемелiк орталығын қаржыландыру көздерiн белгiлесiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады