ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛIГIНIҢ САҚТАНДЫРУ ДЕПАРТАМЕНТI ТУРАЛЫ

Күшін жойған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 22 сәуiр 1994 ж. N 447. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      "Сақтандыру нарығын қалыптастыру және дамыту жөнiндегi ұйымдық-құқықтық шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 16 сәуiрдегi  N 1658 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Сақтандыру қызметiн мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыру, сақтандыру туралы заңдардың сақталуына бақылау жасау және Мемлекеттiк мүлiктiк және жеке сақтандыру қорын басқаруды ұйымдастыру үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң құрамында Сақтандыру департаментi құрылсын. 
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Сақтандыру департаментi туралы осыған қосылған Ереже бекiтiлсiн. 
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Сақтандыру департаментi қызметкерлерiнiң штаттағы шектi саны 25 адам болып және қызмет бабында пайдаланылатын бiр автомобильге лимит белгiленсiн. 
      4. Сақтандыру департаментiнiң қызметкерлерiнiң салық қызметiнiң қызметкерлерi үшiн көзделген еңбекақы төлеу шарттары қолданылсын. 
      Сақтандыру департаментi директорының лауазымы медициналық және тұрмыстық қамтамасыз ету, көлiк қызметiн көрсету шарттары бойынша Қазақстан Республикасы министрi орынбасарының лауазымына теңестiрiлсiн. 
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1994 жылға арналған республикалық бюджеттiң мемлекеттiк басқару органдарын ұстауға бөлiнетiн қаражаты есебiнен Сақтандыру департаментiнiң аппаратын ұстауға қажеттi қаржы көздейтiн болсын. 
      6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Сақтандыру департаментi екi ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне: 
      - Өзара сақтандыру қоғамдары туралы ереженi; 
      - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктiк және жеке сақтандыру қоры туралы ереженi; 
      - Жеке және заңды тұлғалардың қозғалмайтын мүлкiн мiндеттi түрде сақтандыру ұйымдастыру және оны жүргiзу шарттарын;
      - Жеке тұлғалар - көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық  жауапкершiлiгiн мiндеттi түрде сақтандыруды ұйымдастыру және оны  жүргiзу шарттарын;
      - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк коммерциялық  сақтандыру компаниясын қайта ұйымдастыру туралы ұсыныстар;  
      - шетелдiк сақтандыру жөнiндегi мемлекеттiк компанияның  "Қазақшетелсақтандыру" компаниясының құрылтай құжаттарын тапсырсын. 

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы     
Министрлер Кабинетiнiң     
1994 жылғы 22 сәуiрдегi    
N 447 қаулысына         
Қосымша             

              Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 
                 Сақтандыру департаментi туралы
                          ЕРЕЖЕ

         1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Сақтандыру департаментi (Сақтандыру департаментi) сақтандыру қызметiн реттеудi, сақтандыру туралы заңдардың сақталуын бақылауды жүзеге асыратын және сақтанушылардың, сақтандырушылардың, үшiншi бiр тұлғалардың және мемлекеттiң заңды құқықтары мен мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн атқарушы өкiмет мемлекеттiк органы болып табылады. 
      2. Сақтандыру департаментi сақтандыру қызметiн лицензиялауды, есепке алуды және есеп берудi, осы мәселелер бойынша нормативтiк құжаттар әзiрлеудi ұйымдастыру, сақтандыру ұйымдарының мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу, сақтандыру тарифтерiнiң негiздiлiгiн, сақтанушылардың қаржылық тұрақтылығының қамтамасыз етiлуiн бақылау арқылы Қазақстан Республикасының бiртұтас сақтандыру нарығын реттеудi жүзеге асырады. 
      3. Сақтандыру департаментi өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, қолданылып жүрген заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары мен қаулыларын, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулыларын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 
      4. Сақтандыру департаментi сақтандыру қызметiн қадағалау мен реттеуге байланысты мәселелер бойынша халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiредi, сақтандыру мәселелерi бойынша халықаралық шарттар мен келiсiмдер әзiрлеуге қатысады, басқа мемлекеттердiң осындай мекемелерiмен қатынас жасайды, Қазақстанның сақтандыру компанияларының халықаралық ынтымақтастығын дамытуға жәрдемдеседi. 
      5. Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметiн мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыру үшiн Сақтандыру департаментi өзiне берiлген өкiлеттiктер шеңберiнде мынадай функциялар атқарады: 
      сақтандырушыларға сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға лицензиялар бередi; 
      сақтандырушылардың есебiн, олардың бiрлестiктерi мен сақтандыру делдалдарының тiзiлiмiн жүргiзедi; 
      сақтандыру тарифтарының негiздiлiгiне және сақтанушылардың қаржылық тұрақтылығының қамтамасыз етiлуiне бақылау жасайды; 
      сақтандыру резервтерiн қалыптастыру және орналастыру ережелерiн, сақтандыру операцияларын есепке алудың және сақтандыру қызметi туралы есеп берудiң көрсеткiштерi мен нысандарын белгiлейдi; 
      Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыруды ұйымдастыруға және сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға қатысатын барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауына мiндеттi, өзiнiң құзырына жататын сақтандыру қызметiнiң мәселелерi бойынша нормативтiк-әдiстемелiк құжаттар әзiрлейдi және бекiтедi, оның iшiнде сақтандырушының төлем қабiлетiн қамтамасыз ету үшiн оның активтерi мен қабылдаған мiндеттемелерiнiң ара-қатынасының есебiн жасаудың әдiстемелiлiгiн айқындайды және олардың нормативтiк мөлшерлерiн белгiлейдi; 
      сақтандыру қызметiнiң iс-тәжiрибесiн қорытады, сақтандыру туралы заңды жетiлдiру жөнiнде белгiленген тәртiппен ұсыныстар әзiрлейдi және оларды табыс етедi; 
      Сақтандыру департаментiнiң қызметкерлерiн кәсiптiк даярлау және қайта даярлау жөнiнде шаралар жүргiзедi. 
      6. Сақтандыру департаментi өзiне жүктелген өкiлеттiктер мен функцияларды жүзеге асыру үшiн: 
      сақтанушылардан белгiленген есептер мен мәлiметтер, сондай-ақ банкiлерден, кәсiпорындардан, ұйымдар мен азаматтардан қажеттi ақпар алуға; 
      сақтандырушылардың сақтандыру туралы заңды сақтауына және олардың беретiн есептерiнiң анық-қанығына тексеру жүргiзуге; 
      сақтандырушылардың сақтандыру туралы заңдарды, басқа нормативтiк талаптардың сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға қатысты бөлiгiн бұзғаны анықталған жағдайда оларға осы кемшiлiктердi жою жөнiнде тапсырма беруге, ал тапсырма орындалмаған ретте анықталған кемшiлiктер жойылғанға дейiн осы сақтандырушылар лицензияларының күшiн тоқтата тұруға немесе шектеуге яки лицензияларды қайтарып алу туралы шешiм қабылдауға; 
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi алдында жоғарыда келтiрiлген негiздер бойынша мемлекеттiк сақтандыру компанияларының бiрiншi басшыларын қызметтерiнен алу туралы мәселе қоюға; 
      сақтандыру компаниялары үшiн кадрлар даярлайтын және олардың бiлiктiлiгiн арттыратын оқу орындарының барлық түрiндегi, соның iшiнде мамандандырылған ұйымдардағы сақтандыру жөнiндегi оқу бағдарламаларын сараптамадан өткiзуге қатысуға құқығы бар. 
     7. Сақтандыру компаниясы белгiленген тәртiппен сақтандырушылардың есеп жоспарларын және бухгалтерлiк есеп пен есеп беру ережелерiн, сақтандыру операциялары есебiнiң көрсеткiштерi мен нысанын бекiтедi, сондай-ақ олардың жылдық баланстарды, пайда мен залал шоттарын жариялау мерзiмдерiн айқындайды. 
      8. Сақтандыру департаментi сақтандыру мәселелерi бойынша азаматтардың, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың өтiнiштерiн, ұсыныстары мен шағымдарын қарайды. 
      9. Сақтандыру департаментi өзiнiң қызметiн жүзеге асыру барысында уақытша кеңестер мен комиссиялар құрып, сақтандыру нарығын реттеу мәселелерiн талқылауға сарапшылар тарта алады, сондай-ақ сақтандыру компанияларының қызметiне тексеру жүргiзу үшiн уәкiлдер тағайындай алады. 
      10. Сақтандыру департаментi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктiк және жеке сақтандыру қорының атқарушы органы болып табылады. 
      11. Сақтандыру департаментiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайтын директор басқарады. 
      12. Сақтандыру департаментiнiң директоры Департаментке жүктелген өкiлеттiктердiң орындалуына дербес жауап бередi, өзiнiң орынбасарлары мен құрылымдық бөлiмшелер басшыларының тапсырылған жұмыс учаскесiне жауапкершiлiк деңгейiн айқындайды, лауазымды адамдардың құқықтары мен мiндеттерiн анықтайтын нормативтiк құжаттарды бекiтедi. 
      13. Сақтандыру департаментiнiң директоры өзiнiң құзыры шеңберiнде барлық сақтандырушылардың орындауы үшiн мiндеттi бұйрықтар мен нұсқамалар шығарады, нұсқаулар бередi және олардың орындалуына тексерудi ұйымдастырады. 
      14. Сақтандыру департаментiнiң аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының республикалық бюджетiнде көзделген мемлекеттiк басқару органдарын ұстауға арналған қаражат есебiнен жүзеге асырылады. 
      15. Сақтандыру департаментiнiң директоры сенiмхатсыз-ақ Департамент атынан әрекет етедi, оның мүдделерiн бiлдiредi, шарттар (келiсiмдер) жасайды және өзiнiң өкiлеттiктерi шеңберiнде өзге де iс-әрекеттер жасайды. 
      16. Сақтандыру департаментi директорының орынбасарларын Қазақстан Республикасының Қаржы министрi қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады. 
      17. Сақтандыру департаментiнiң лауазымды адамдары сақтандырушылардың коммерциялық құпиясын құрайтын мәлiметтердi жеке басының мақсаттарында пайдалануға және қай нысанда болмасын жария етуге құқығы жоқ. 
      18. Сақтандыру департаментiнiң лицензия беруден бас тартуына сақтандырушылар жөнiндегi өзге де iс-әрекеттерiне байланысты олар сот органдарына шағым беруi мүмкiн. 
      19. Сақтандыру департаментi өз құзырына жатқызылған мәселелер бойынша бюллетеньдер, әдiстемелiк нұсқаулар, нұсқамалар мен ұсыныстар, анықтамалық және өзге де материалдар шығарады, сондай-ақ сақтандыру туралы заңдарды қолдану жөнiнде консультациялар мен түсiнiктер бередi. 
      20. Сақтандыру департаментiнiң өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған бланкiлерi мен мөрi болады. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады