КУРЧАТОВ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРМЫС ТIРШIЛIГIН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНIНДЕГI ШҰҒЫЛ ШАРАЛАР ТУРАЛЫ

Жаңа

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 3 мамыр 1994 ж. N 466

      Ресей Қорғаныс министрлiгiнiң 52605 әскери бөлiмiнiң таратылуына және Ресей Федерациясының Семей-21 қаласын (Курчатов қаласы) қаржыландыруды тоқтатуына байланысты, сондай-ақ осы қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектiлерiнiң көп бөлiгiнiң авариялық жағдайын ескерiп Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Курчатов қаласының әкiмi:
      мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп 1994 жылғы 15 мамырға дейiн Курчатов қаласының тұрмыс қажетiн өтейтiн барлық құрылымдары бар тұрғын үй-коммуналдық және басқа қызметтердi қалыптастыратын болсын;
      объектiлердiң нормативтерге сәйкес пайдалануын және күтiп ұсталуын қамтамасыз етсiн. Қажет болған жағдайда жылу, су құбырлары мен канализация желiлерi мен жүйелерiн қайта құра отырып тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты қыс кезiнде пайдалануға жыл сайын әзiрлеудi белгiленген мерзiмдерде жүзеге асырсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Курчатов қаласының жылумен жабдықтау объектiлерiнiң қанағаттанғысыз техникалық жағдайын ескерiп 1994 жылға арналған бюджеттi қалыптастыру кезiнде қазандықтар мен труба құбырларын жөндеуге 30 млн. теңге қаржы бөлiнуiн еске алатын болсын.
      3. Халықтың өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Семей облысының Курчатов қаласында Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң әскерилендiрiлген өрттен қорғау күзетiнiң мамандандырылған бөлiмi құрылсын.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Курчатов қаласындағы мамандандырылған өрттен қорғау күзетiнiң бөлiмiн ұстауға арнап Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң ұсынуы бойынша республика бюджетiнен қаржы бөлсiн.
      4. Қаланың тiршiлiгiн қамтамасыз ету жүйесiнiң қызметiн, кеден қызметiн, iшкi iстер бөлiмiн, прокуратура мен сотты жасақтау үшiн 52605 әскери бөлiмi жабдықтарды, механизмдер мен материалдарды Курчатов қаласының әкiмiне өткiзетiн болсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады