Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасына немесе Қазақстан Республикасының кепiлдiгiне берiлетiн шет ел кредиттерiн тарту, пайдалану және есепке алу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру туралы" 1994 жылғы 20 наурыздағы N 1607 K941607_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi. Қоса берiлiп отырған: Шет ел кредиттерi жөнiндегi комиссия туралы; Шет ел кредиттерi жөнiндегi комиссияның жеке құрамы бекiтiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 мамырдағы N 478 қаулысымен Бекiтiлген Шет ел кредиттерi жөнiндегi комиссия туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер
Шет ел кредиттерi жөнiндегi комиссия (бұдан былай - Комиссия) Қазақстан Республикасына немесе Қазақстан Республикасының кепiлдiгiне берiлетiн шет ел кредиттерiн тарту мен пайдалануға байланысты мәселелердi қарайды, сол мәселелер бойынша үкiмет шешiмдерiн дайындауды жүзеге асырады, сондай-ақ министрлiктердiң, ведомстволардың, кәсiпорындар мен ұйымдардың осы бағыттағы қызметiн үйлестiредi.
II. Комиссияның негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi
Комиссияның негiзгi мақсаты - тиiстi басымдықты, ынталандыруды және кепiлдiктi пайдалануды көздейтiн шет ел кредиттерiн тарту, пайдалану және есепке алу жөнiндегi мемлекеттiк саясат әзiрлеу және оның жүзеге асырылуын бақылау болып табылады.
Комиссия негiзгi мақсаттарға сүйенiп:
Шет ел кредиттерiн тарту және оны одан әрi пайдалану туралы шешiм қабылдайды;
жобаларды тиiмдi қаржыландыру мәселелерiн және бөлiнетiн валюта қаражатын өтеудiң тетiгi мен кестесiн қарайды;
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң нақтылы инвестициялық жобаларды қаржыландыру туралы қаулыларының жобаларын қарайды;
Үкiмет кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген Қазақстан Республикасының Сыртқы қарызының лимитi бойынша және тартылатын кредиттердiң жалпы жылдық сомасы, оның iшiнде тауар сатып алудың жалпы көлемi бойынша ұсынысын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне табыс етедi;
валютамен орны жабылмайтын әлеуметтiк саладағы жобаларды қаржыландыруға арналған шет ел кредиттерiнiң көлемi бойынша аталған сома шегiндегi ұсынысын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне табыс етедi;
келесi қаржы жылында шет ел кредиттерi есебiнен қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың және тауарлар сатып алудың индикативтi тiзбесiнiң жобасына қарап, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне табыс етедi;
үкiметаралық деңгейде шет ел кредиттерiн тарту туралы Басты (бас) келiсiмнiң тиiмдiлiгi, шарттары және тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныс әзiрлейдi;
мемлекеттiк шет ел кредиттерiн тарту мен қамту үшiн өкiлеттi банктердi тағайындау туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныстар әзiрлейдi.
III. Комиссия қызметiн ұйымдастырудың
негiзгi мәселелерi
1. Комиссияны Қазақстан Республикасының Премьер-министрi - Комиссия төрағасы басқарады.
2. Комиссия құрамына лауазымы бойынша: Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары, Экономика министрлiгiнiң, Қаржы министрлiгiнiң, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiнiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң басшылары кiредi.
3. Комиссия өз мәжiлiсiн кемiнде айына бiр рет өткiзедi.
4. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң жанындағы Шет ел инвестициялары жөнiндегi ұлттық агенттiк болып табылады.
5. Шет ел кредиттерiн тартуға байланысты iс-қимылды бақылау мен үлестiрудi Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының экономикалық саясат бөлiмi жүзеге асырады.
6. Комиссия мүшелерiнiң бiрi болмай қалған жағдайда мәжiлiске оның лауазымы бойынша орынбасары қатысуға тиiс.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 мамырдағы N 478 қаулысымен Бекiтiлген
Шет ел кредиттерi жөнiндегi комиссияның
ҚҰРАМЫ Комиссия төрағасы - Қазақстан Республикасының Премьер-министрi С. А. Терещенко Комиссия төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары Ә. М. Қажыгелдин Комиссия төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң орынбасары Қазақстан Республикасының Сыртқы Экономикалық байланыстар министрi С. Ж. Әбiшев Комиссия мүшелерi: Қазақстан Республикасының Экономика министрi М. Ф. Үркiмбаев Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Е. Ж. Дербiсов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi басқармасы төрағасының бiрiншi орынбасары О. Ә. Жандосов Комиссия секретариаты: Қазақстан Республикасы Экономика министрiнiң бiрiншi орынбасары С. А. Аханов Қазақстан Республикасы Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Экономикалық саясат бөлiмiнiң меңгерушiсi Е. Ә. Өтембаев Қазақстан Республикасы Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының сыртқы байланыстар бөлiмi меңгерушiсiнiң бiрiншi орынбасары Ә. Ә. Төкенов