ИМПОРТТЫҚ ДӘРI-ДӘРМЕК ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ МАҚСАТТАҒЫ ЖАБДЫҚТАРҒА ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ РЕАКТИВТЕРГЕ БАҒА БЕЛГIЛЕУДIҢ ТӘРТIБI ТУРАЛЫ

Күшін жойған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 1994 жылғы 5 мамыр N 480. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996.03.05. N 280 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "1994 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 1994 жылғы 27 қаңтардағы N 1529 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. 1994 жылдың 1 қаңтарынан бастап келiп түскен импорттық медикаменттердiң көтерме-босату бағасын белгiлеу кедендiк рәсiмдеу күнi Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi белгiлеген шетелдiк валюта бағамы бойынша теңгеге шағып есептелген сыртқы сауда (контракт) бағаларының және "Фармация" Мемлекеттiк акционерлiк холдинг компаниясы рентабельдiлiгiнiң 40 проценттiк соларға қатысты шектi деңгеймен алғандағы шығынының негiзiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
      Көрсетiлген медикаменттердi халыққа және емдеу-профилактикалық мекемелерiне сату көтерме босату бағасының және тауар айналымы рентабельдiлiгiнiң 5 проценттiк шектi деңгейiмен алғандағы айналыс шығасысы негiзiнде айқындалатын бөлшек сауда бағасы бойынша жүзеге асырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының орталықтандырылған қаражаты мен шетелдiк кредиттер есебiнен импорт бойынша сатып алынған дәрi-дәрмектiң қалғанына, аттас немесе ұқсас дәрi-дәрмектiң көтерме немесе бөлшек сауда жүйесiне түсуiне қарай қоса бағалануға тиiс деп белгiленсiн.
      Қоса бағалаудан алынған сома республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.
             Қазақстан Республикасының
               Премьер-министрi
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады