1. Азаматтық авиацияның екi мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Ақтөбе жоғары ұшқыштар училищесiнде Қазақстан Республикасының Әскери-Әуе Күштерi факультетi құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгiмен және Бiлiм министрлiгiмен келiсiп:
Қазақстан Республикасы Әскери-Әуе Күштерi факультетiнiң командалық-оқытушылар құрамы мен қамтамасыз ету бөлiмшесiнiң штатын қолдағы штат санының есебiнен жасақтасын;
Қазақстан Республикасының Әскери-Әуе Күштерi факультетi туралы Ереженi, оқу жоспарлары мен курсанттарды даярлау бағдарламасын, факультетке қабылдау шарттарын әзiрлеп, бекiтетiн болсын;
1994/95 оқу жылынан бастап курсанттар қабылдасын және оқу процесiн ұйымдастырсын;
Қазақстан Республикасының Әскери-Әуе Күштерi факультетiнде басқа да мемлекеттердiң курсанттарын оқыту жөнiнде шарттарды жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi Қазақстан Республикасының Әскери-Әуе Күштерi факультетiн қолдағы оқу-материалдық, тұрғын үй-казармалық және техникалық базаға орналастыруды қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Әскери-Әуе Күштерi факультетiн 1994 жылы ұстау Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне арналып бекiтiлген бюджеттiң есебiнен және соның шегiнде жүзеге асырылсын. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен қаржы министрлiгi бұдан кейiнгi жылдары бюджеттiң жобаларын жасау кезiнде Қазақстан Республикасының Әскери-Әуе Күштерi факультетi үшiн қажеттi материалдық-техникалық ресурстар мен бюджет қаражаты бөлiнуiн көздесiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi