Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi құрылысы жүрiп жатқан объектiлердi үздiксiз қаржыландыруды қамтамасыз етпедi.
Абай /Ибрагим/ Құнанбаевтың туғанына 150 жылдығын өткiзу жөнiнде бiрiншi кезектегi әзiрлiк жұмыстарын уақтылы аяқтау мақсатында және республикада қалыптасқан экономикалық және қаржы жағдайын ескерiп Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi 1994 жылы Экономиканы өзгерту қорынан Жидебай поселкесiндегi Абай мен Шәкәрiм кесенесiнiң бiрiншi кезегiнiң құрылысын жүргiзуге және Семей қаласындағы Абай мұражайының бас ғимаратына жалғас құрылысқа 1994 жылға көзделген барлық қаражатты одан әрi индекстей отырып 8,5 млн. теңге бөлсiн және оларды 1995 жылдың бiрiншi жарты жылдығында толық аяқтауға 1995 жылы осы қордан қажеттi қаражат бөлудi қарастыратын болсын.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың игерiлуiне қарай үздiксiз қаржыландыруды қамтамасыз етсiн. <*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгердi - ҚРМК-нiң 1994.08.05. N 879 қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Абай /Ибрагим/ Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толуына әзiрлiк барысын жеделдету жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 1993 жылғы 5 наурыздағы N 175 қаулысының /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-Ы, 1993 жыл, N 7, 85-бап/ 6 және 7 тармақтары өзгертiлiп:
- Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарының әкiмдерi Қарауыл селосындағы Мәдениет үйiнiң жабдықтарын алмастыра отырып, қайта жаңарту мен күрделi жөндеудi қаржыландыруды қарастырсын;
- Көкшетау, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерi Қарауыл селосындағы музыка мектебiнiң құрылысын аяқтауды жабдықтар мен аспаптар алуды қаржыландыруды қамтамасыз ететiн болсын;
- Ақмола және Талдықорған облыстарының әкiмдерi қажеттi жабдықтар ала отырып, Қарауыл селосындағы 50 орындық қонақ үйi құрылысының аяқталуын қаржыландыруды қамтамасыз етсiн;
- Алматы облысының әкiмi Бөрлi селосындағы Омархан-Нұржамал /М.О.Әуезовтiң әке-шешесiнiң/ зиратының басына орнатылған ескерткiш құрылысын қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
Аталған облыстардың әкiмдерi аталған объектiлердiң құрылысын уақтылы аяқтау және пайдалануға беру үшiн 1994 жылғы сәуiр-мамырда Семей облысының әкiмiне материалдар мен конструкциялар алуға 1 млн. теңге бөлетiн болсын, осы мақсаттарға қажеттi қаражат мұнан былай инфляциялық процестi ескере отырып жұмыстың нақты орындалған көлемiне қарай тоқсан сайын бөлiнсiн.
Семей облысының әкiмi облыстағы мердiгерлiк ұйымдардың күшiмен 1994 жылы бөлiнген қаражат көлемiнде аталған объектiлердiң құрылысын жүргiзудi және қайта жаңартуды, әрi жұмыстың жоғары сапада орындалуын қамтамасыз ететiн болсын.
3. Аталған объектiлердiң барлығы бiрiншi кезектегi құрылыстар деп саналсын, олардың құрылысы 1995 жылғы бiрiншi жарты жылдықта аяқталатын болсын. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы N 175 қаулысына тiзбеге енген қалған объектiлердiң құрылысын М.О.Әуезовтiң туғанына 100 жыл толуына атап өту қарсаңында аяқтау көзделсiн.
4. Семей облысының әкiмi аудан орталығы Қарауыл селосында 20 коттедж салуға қаражат iздестiрсiн және олардың 1995 жылғы шiлдеден кешiктiрiлмей пайдалануға берiлуiн қамтамасыз етсiн.
5. Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Жезқазған, Батыс
Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Торғай және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерi Абай мерейтойын әзiрлеу мен өткiзуге тiкелей қатысатын болсын, 1994-1995 жылдар iшiнде осы мақсатта Семей облысы әкiмiнiң арнайы есепшотына қаржы аударып, 1994 жылғы 1 маусымға дейiн мына көлемде /млн. теңге/ қаражат бөлiнсiн. 1994 жыл 1995 жыл Алматы облысының әкiмi 1 0,5 Ақтөбе облысының әкiмi 1 0,5 Атырау облысының әкiмi 1 0,5 Жамбыл облысының әкiмi 1 1 Жезқазған облысының әкiмi 0,5 1 Батыс Қазақстан облысының әкiмi - 1 Қызылорда облысының әкiмi 0,3 0,2 Маңғыстау облысының әкiмi 1 0,5 Торғай облысының әкiмi 0,3 0,3 Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi 2 1
6. Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң мерейтойлық объектiлердiң құрылысы үшiн Жаңаөзен-Семей маршруты бойынша ақ әктеуiштi тегiн тасу туралы бастамашылдығы мақұлдансын.
7. "Қазақстан жолдары" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы 1994 жылы Республикалық жол қоры есебiнен Семей-Қарауыл автотрассасын, Жидебай және Бөрлi поселкелерiне кiрме жолдарын қайта жаңарту жөнiнде 23 млн. теңге көлемiндегi жұмысты жүзеге асыратын болсын.
8. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерiндегi кешендi экспозицияны орындауға "Сана" көркем этнографиялық бiрлестiгiне 1 млн. теңге сомасында кредит берсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi