толық жасақталмауына және оларды әртүрлi мамандықтар бойынша даярлау қажеттiгiне байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. И.С.Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесi И.С.Конев атындағы Алматы жоғары әскери училищесi болып қайта құрылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң И.С.Конев атындағы Алматы жоғары әскери училищесiнде: байланыс әскерiнiң командалық-тактикалық; инженерлiк әскердiң командалық-тактикалық; тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыс жөнiндегi офицерлер; ракеталық-артиллериялық қару-жарақ қызметiнiң офицерлерi; азық-түлiк қызметiнiң офицерлерi; заттай мүлiк қызметiнiң офицерлерi;
жанар-жағар май материалдары қызметiнiң офицерлерi мамандықтары бойынша офицер кадрларын қосымша даярлау туралы ұсынысы қабылдансын.
3. Оқыту жоғары және орта әскери-оқу орындарының бағдарламасы бойынша жүргiзiлсiн, оқу мерзiмi тиiсiнше төрт және үш жыл болсын.
4. И.С.Конев атындағы Алматы жоғары әскери училищесiн бiтiргендерге лейтенант офицерлiк атағы берiледi және:
жоғары әскери оқу орнының бағдарламасы бойынша оқығандарға - автомобиль және бронетанк техникасын пайдалану инженерi; педагогика және тәрбие жұмысының әдiстемесi, радиоэлектросымдық байланысты пайдалану инженерi мамандықтары бойынша жоғары бiлiм туралы;
орта әскери-оқу орындарының бағдарламасы бойынша оқығандарға - автомобильдер мен қозғалтқыштарды техникалық қамту мен жөндеу жөнiндегi техник-механик; артиллериялық қару-жарақ жөнiндегi техник-механик; радиотехник; сымдық байланыстың техник-электригi; тамақ дайындау және қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру технологиясы жөнiндегi техник-технолог; тауартану жөнiндегi, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және өткiзудi ұйымдастыру жөнiндегi техник-тауартанушы; органикалық емес заттардың химиялық технологиясы жөнiндегi техник-технолог мамандықтары бойынша орта бiлiм туралы диплом берiледi.
5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi:
И.С.Конев атындағы Алматы жоғары әскери училищесiнiң штат кестесiне тиiстi өзгертулер енгiзсiн; И.С.Конев атындағы Алматы жоғары әскери училищесi туралы ереже әзiрлеп, бекiтсiн; аталған мамандықтар бойынша курсанттардың қажеттi санын анықтасын; жаңадан енгiзiлетiн мамандықтар бойынша офицер кадрларын даярлау үшiн қажеттi оқу, материалдық және техникалық база жасасын; 1994 жылдың 1 қыркүйегiнен бастап жаңадан енгiзiлетiн мамандықтар бойынша офицер кадрларын даярлауды қолға алсын. 6. Училищенi қайта құру жөнiндегi 1994 жылғы шығыстар республиканың Қарулы Күштерiн ұстауға көзделген қаражат шегiнде жүргiзiлсiн. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi училищенi қайта құру жұмыстарын жалғастыру үшiн 1995 жылға қосымша қаражат көздейтiн болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi