"Иассау" мемлекеттiк акционерлiк туризм компаниясын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 12 мамыр N 503. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.06.20. N 758 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгiн құру туралы" 1993 жылғы 17 желтоқсандағы N 1460 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Интурист-Қазақстан" Шетел туризмi ұлттық компаниясы кәсiпорындарының негiзiнде қосымшаға сәйкес "Иассауи" Мемлекеттiк акционерлiк туризм компаниясы (бұдан былай-Компания) құрылсын. Компания еңбекақы төлеу, әлеуметтiк және материалдық қамтамасыз ету шарттары жөнiнен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 14 желтоқсандағы N 1251 қаулысымен бекiтiлген 1 санаттағы компаниялар қатарына жатқызылсын.
      2. Компанияға туристiк қызметтi жүзеге асыру, осы саланың материалдық-техникалық базасын дамытып нығайту үшiн қаржы ресурстарын шоғырландыру мiндетiн шешу жүктелсiн.
      Компания "Интурист-Қазақстан" Шетел туризмi ұлттық компаниясының мүлiктiк құқығы мен мiндеттемелерiнiң құқықтық иегерi болып танылсын.
      Компания басқармасы Алматы қаласында орналастырылсын.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      - бiр ай мерзiм iшiнде Компанияны құру жөнiндегi құрылтайшы құжаттар дайындасын;
      - Компанияға өзiнiң құрамына кiретiн кәсiпорындардың мемлекеттiк мүлкiне иелiк ету, пайдалану және басқару құқығын берсiн;
       - Компаниямен бiрлесе отырып, Компанияның құрамына кiретiн кәсiпорындардың мемлекеттiк меншiгiн Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993 - 1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасына сәйкес өзгертетiн болсын.
      5. Компания облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiмен бiрлесе отырып, үш ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiне Компанияға иелiк ету, пайдалану және басшылық ету құқығымен шетел туристерiн орналастыруға қажет талаптарға сай келетiн ғимараттар, демалыс үйлерiн, аңшылық және туристiк базаларын беру туралы ұсыныстарын енгiзсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Қазақстан Республикасы Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi ұсынған есептi материалдардың негiзiнде Алматы қаласында 300 нөмiрлiк 5 жұлдызды "Интурист" мейманхана салу үшiн шетел несиесiнiң есебiнен қажеттi күрделi қаржы қарастырсын.
      7. Алматы қаласының әкiмi белгiленген тәртiп бойынша Компанияға:
      - 5 жұлдызды мейманхана құрылысы үшiн қала орталығынан 1,5 - 2

гектар жер учаскесiн;
     - автокөлiк базасы құрылысы үшiн (1 гектардан кем емес) жер
учаскесiн бөлсiн.
     8. Компанияға төмендегiдей:
     - шетел туристерi үшiн көзделген халықаралық деңгейге сай келетiн
қызмет кешенi мен түрлерiн көрсету;
     - Қазақстан Республикасы азаматтарының туристiк жолдама бойынша
шетелге шығуы үшiн қажеттi құжаттарды ресiмдеу;
     - Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп-тұруға және
шетелге шығу үшiн билеттер сату мен тиiстi құжаттар ресiмдеу құқығы
берiлсiн.
     9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi 
мемлекеттiк комитетi Алматы қаласының әкiмiмен бiрлесiп, Компанияның
атқарушы аппаратын орналастыру үшiн қызмет үй-жайларын бөлсiн.
     10. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi қолдағы
ресурстар есебiнен телефон және телекс байланыс арналарын бөлсiн.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi  
                                          Қазақстан Республикасының
                                          Министрлер Кабинетiнiң
                                           1994 жылғы 12 мамырдағы
                                                N 503 қаулысына
                                                  қосымша
               "Иассауи" Мемлекеттiк акционерлiк туризм
            компаниясының құрамына кiретiн кәсiпорындардың
                      Т I З Б Е С I
360 орындық "Отырар" мейманхана кешенi,      Алматы қаласы
"Қазақ ауылы" филиалымен
"Интурист" компаниясының агенттiгi            Атырау қаласы
"Интурист" компаниясының агенттiгi            Семей қаласы
"Интурист" компаниясының агенттiгi            Петропавл қаласы
"Интурист" компаниясының агенттiгi            Жезқазған қаласы
"Интурист" компаниясының агенттiгi            Жамбыл қаласы
"Интурист" компаниясының агенттiгi            Шымкент қаласы
"Интурист" компаниясының агенттiгi            Қарағанды қаласы
"Интурист" компаниясының агенттiгi            Өскемен қаласы
"Интурист" компаниясының агенттiгi            Ақмола қаласы
"Интурист" компаниясының агенттiгi            Ақтөбе қаласы
"Интурист" компаниясының агенттiгi            Павлодар қаласы
"Интурист" компаниясының агенттiгi            Орал қаласы
"Интурист" компаниясының агенттiгi            Ақтау қаласы
"Интурист" компаниясының агенттiгi            Қостанай қаласы
"Интурист" компаниясының агенттiгi            Көкшетау қаласы
"Интурист" компаниясының агенттiгi            Қызылорда қаласы
"Интурист" компаниясының агенттiгi            Талдықорған қаласы
40 орындық "Хоргос" мейманханасы              Талдықорған облысы,
                                              Панфилов ауданы
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады