1. Мемлекеттiң қатысуымен "Азия сервис әуе жолы" акционерлiк авиакомпаниясы құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi кәсiпорындар мен компаниялардың "Азия сервис әуе жолы" авиакомпаниясына кiруi мен қатысу тәртiбiн белгiлесiн.
3. "Азия сервис әуе жолы" акционерлiк авиакомпаниясы орналасатын жер Атырау қаласының аэропорты болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi Атырау - Алматы - Атырау, Ақтау - Алматы - Ақтау авиация желiлерiн белгiленген тәртiппен "Азия сервис әуе жолы" акционерлiк авиакомпаниясының пайдалануына берсiн.
5. "Қазақстан әуе жолы" Ұлттық акционерлiк авиакомпаниясы қолданатын тарифтердi "Азия сервис әуе жолы" акционерлiк авиакомпаниясы тұрақты рейстерге енгiзген жағдайда "Қазақстан әуе жолы" Ұлттық акционерлiк авиакомпаниясының қызметiне мемлекеттiк қолдауды көздейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк актiлерiнiң күшi "Азия сервис әуе жолы" акционерлiк авиакомпаниясына да қолданылатын болып белгiленсiн.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгiне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi