АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ (ИКАО) ДЕМЕУIМЕН ҚАБЫЛДАНҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНВЕНЦИЯЛАРҒА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОСЫЛУЫ ТУРАЛЫ

Жаңа

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 13 мамыр 1994 ж. N 506

      Әлемдiк әуе көлiгi қатынауына Қазақстан Республикасын онан әрi бiрiктiру, сондай-ақ азаматтық авиация ұшуларының қауiпсiздiгiне қатысты ережелер мен нормаларды сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасын мына төмендегi халықаралық конвенцияларға қосу туралы:
      Токио қаласында 1963 жылғы 14 қыркүйекте жасалған Әуе мекемелерiнiң бортында iстелген қылмыстар мен басқа да актiлер туралы конвенцияға;
      Гаага қаласында 1970 жылғы 16 желтоқсанда жасалған Әуе кемелерiн заңсыз алып кетумен күрес туралы конвенцияға;
      Монреаль қаласында 1971 жылғы 23 қыркүйекте жасалған Азаматтық авиацияның қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз актiлермен күрес туралы конвенцияға;
      Монреаль қаласында 1991 жылы 1 наурызда жасалған Пластикалық жарылыс заттарын оларды табу мақсатында таңбалау туралы конвенцияға;
      Монреаль қаласында 1971 жылғы 23 қыркүйекте қабылданған Азаматтық авиацияның қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз актiлерiмен күрес туралы конвенцияны толықтыратын, Монреаль қаласында 1988 жылғы 24 ақпанда жасалған Халықаралық азаматтық авиацияға қызмет көрсетушi әуежайлардағы заңсыз зорлық актiлерiмен күрес туралы Хаттамаға қосу туралы Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен Көлiк министрлiгiнiң ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi аталған конвенциялардың депозитарийларына Қазақстан Республикасының аталған конвенцияларына қосылатыны туралы актiлер жiберсiн.
 

     Қазақстан Республикасының

     Премьер-министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады