Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Қаулы етедi:
1. Бес күндiк, сонымен бiрге алты күндiк жұмыс аптасы жағдайында демалысқа ақы төлеу, сондай-ақ пайдаланылмаған демалысқа өтем төлеу үшiн орташа жалақыны есептеу осы кезеңдегi белгiленген қосымша әрi үстеме ақыларды және сыйлықтың орташа мөлшерiн ескере отырып, соңғы күнтiзбелiк 2 айдың орташа жалақысы есебiмен жүргiзiледi деп белгiленсiн.
Сыйлықтың орташа мөлшерi демалысқа шығатын айдың алдындағы
12 күнтiзбелiк ай үшiн сыйлықтың орташа айлық процентiн соңғы
күнтiзбелiк 2 айдың орташа жалақысына (сыйлықсыз) көбейту жолымен
айқындалады.
2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Демалысқа ақы
төлеу немесе пайдаланылмаған демалысқа өтем төлеу үшiн орташа айлық
жалақыны есептеу тәртiбiн өзгерту туралы" 1992 жылғы 22 мамырдағы
N 454 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 20,
327-бап) күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi