байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Т.Б. Сәрсекемов "Балық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының президентi болып тағайымдалсын, ол Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы Балық шаруашылығы жөнiндегi комитеттiң төрағасы - Ауыл шаруашылығы министрiнiң орынбасары қызметiнен босатылсын. 2. Акциялардың мемлекеттiк пакетiнiң иесi атынан Байқаушы кеңестiң мынадай құрамы бекiтiлсiн: Шишацкий В.В. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң орынбасары, төраға Оспанов Е.М. - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi АӨК кәсiпорындары жекешелендiру басқармасының бас маманы Жамтемiрова Р.К. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң АӨК және табиғат қорғау шараларын қаржыландыру басқармасы жиынтық бөлiмi бастығының орынбасары Куркин А.М. - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi Алматы облыстық басқармасы бастығының орынбасары Сәрсекенов Т.Б. - "Балық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының президентi 3. "Балық" компаниясы Байқаушы кеңесiнiң Төрағасына компания Президентiмен контракт жасасу тапсырылсын. 4. "Балық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 14 желтоқсандағы N 1251 қаулысымен бекiтiлген Ұлттық акционерлiк, мемлекеттiк холдинг және акционерлiк компаниялар президенттерiнiң еңбегiне ақы төлеу, оларды әлеуметтiк және материалдық қамтамасыздандыру туралы ережеге сәйкес бiрiншi санатқа жатқызылады деп белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
"БАЛЫҚ" МЕМЛЕКЕТТIК АКЦИОНЕРЛIК КОМПАНИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТI МЕН БАЙҚАУШЫ КЕҢЕСI ТУРАЛЫ
Күшін жойғанҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 1994 жылғы 19 мамыр N 539. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.02.14. N 157 қаулысымен.
- Мәтін
- Ресми жарияланым
- Ақпарат
- Өзгерістер тарихы
- Сілтемелер
- Көшіру
- Түсініктемелер
- Басқа
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз