Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылығын құру мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 20 мамыр N 549. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.09.13. N 1114 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылығын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 27 қаңтардағы N 1526 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Аумақтық қазынашылық басқармалары мен бөлiмшелерi заңды тұлғалар болып табылады, өздерiнiң шығыс сметалары, Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемелерiнде ағымдағы шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы бейнеленген, өздерiнiң атаулары қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрлерi болады деп белгiленсiн.
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылығы органдарын ұстау мемлекеттiк басқару органдарын ұстауға көзделген республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылығы туралы Ереже (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң орталық аппараты қызметкерлерiнiң саны - 80 адамға, Министрдiң орынбасарының саны - бiр адамға көбейтiлсiн.
      4. Аумақтық қазынашылық басқармалары мен бөлiмшелерiнiң штат саны 3220 адам болып белгiленсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1994 жылы мемлекеттiк басқару органдарын ұстауға көзделген қаражат есебiнен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарын ұстауға қажеттi қаражат бөлсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi қазынашылық органдарының қызметкерлерiне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қызметкерлерi үшiн белгiленген еңбекақы төлеу шарттары мен тәртiбi қолданылсын.
      7. 1994 жылға арналған республикалық бюджеттi дәлдеу кезiнде қазынашылық органдарын жарақтандыру үшiн компьютерлер мен техникалық құралдар сатып алуға Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне қаражат бөлу көзделсiн.
      8. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi республикалық бюджеттiң кассалық жағынан атқарылуының есебiн қатар жүргiзсiн, осы жұмысты ұйымдастыруда қазынашылық органдарына әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетсiн.
      9. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      Бас қазынашылық басқармасының құрылуына және осы басқармаға берiлген мiндеттер мен функциялардың айқындалуына байланысты министрлiктiң орталық аппаратында қажеттi құрылымдық өзгерiстер енгiзсiн;
      үстiмiздегi жылдың аяғына дейiн жер жерде аумақтық қазынашылық басқармалары мен бөлiмшелерiн құру, оларды қаржы-кредит (банк) мекемелерiнде жұмыс iстеуге икемi бар мамандармен толықтыру жөнiнде ұйымдастыру шараларын жүргiзсiн және келешекте қазынашылықты басқарудың компьютерлендiрiлген жүйесiн құруды ескере отырып компьютерлендiру мәселелерiн шешетiн болсын.
      10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi облыстардың Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерiмен бiрлесе отырып бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас қазынашылығы басқармасын, аумақтық қазынашылық басқармалары мен бөлiмшелерiн қызмет үйлерiмен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етi мәселесiн шешсiн, олардың қалыпты жұмыс iстеуiне қол ұшын берiп, көмек көрсетсiн.
      11. Халықаралық қарды ұйымдары мен шет елдердiң консультациялық, техникалық және қаржы көмегiн бағыттау кезiнде Қазақстан Республикасының қазынашылығын компьютерлендiру мен оған кадрлар даярлау бағдарламаларына басымдық беру тиiмдi деп

 

саналсын.

     12. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Әдiлет

министрлiгiмен келiсе отырып бiр ай iшiнде Қазақстан Республикасы

Президентiнiң 1994 жылғы 27 қаңтардағы N 1522 Жарлығынан туындайтын

өзгерiстер мен толықтыруларды қолданылып жүрген заңдарға енгiзу

туралы ұсыныс әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасының Министрлер

Кабинетiне түсiрсiн.

            Қазақстан Республикасының

              Премьер-министрi

                                       Қазақстан Республикасы

                                       Министрлер Кабинетiнiң

                                       1994 жылғы 20 мамырдағы

                                           N 549 қаулысымен

                                            Бекiтiлген

            Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң

                      қазынашылығы туралы

                         Ереже

                   1. Жалпы қағидалар


 
       1. Қазақстан Республикасының қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарының орталықтандырылған жүйесi (бұдан әрi - қазынашылық) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас қазынашылығы басқармасынан және облыстар, Алматы және Ленинск қалалары, аудандар, қалалар мен қалалардағы аудандар бойынша бағынышты аумақтық қазынашылық органдарынан тұрады.
      Қазынашылық органдары (Бас басқармадан басқасы) заңды тұлғалар болып табылады, өздерiнiң шығыс сметалары, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң мекемелерiнде ағымдағы шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өздерiнiң атаулары қазақ әрi орыс тiлдерiнде жазылған мөрлерi болады.
      2. Бас қазынашылық басқармасының бастығы лауазымы бойынша әрi Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң бiрiншi орынбасары болып табылады, Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң ұсынуы бойынша оны Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады.
      Облыстар, Алматы және Ленинск қалалары, аудандар, қалалар мен қалалардағы аудандар бойынша аумақтық қазынашылық басқармалары мен бөлiмшелерiнiң бастықтарын Бас қазынашылық басқармасы бастығының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрi қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады.
      3. Қазынашылық өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарын қаулылары мен өкiмдерiн, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулыларын, осы Ереженi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң бұйрықтары (қаулылары) мен өкiмдерiн басшылыққа алады.
      4. Бiртұтас қазынашылық шотқа, қазынашылық органдарының аймақтық шоттары мен бюджеттiк мекемелердiң және республикалық бюджеттегi ұйымдардың шоттарына Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң мекемелерi кассалық қызмет көрсетедi.
      5. Қазынашылық органдары өздерiнiң жұмысында бюджет түрлерi арасында өзара есеп айырысу мәселелерi бойынша және бюджет жүйесiнiң жайы туралы қажеттi ақпарат жинау iсiнiң барысында жергiлiктi өкiлдiк және атқару органдарымен бiрлесiп iс-қимыл жасайды.
      6. Қазынашылық республикалық бюджет пен мемлекеттiк нысаналы қаржыландыру қорларының орындалу нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрiне дүркiн-дүркiн хабарлап тұрады.
 
                    2. Қазынашылықтың мiндеттерi мен функциялары
      7. Қазынашылық органдарының негiзгi мiндеттерi:
      республикалық бюджеттiң кассалық жағынан атқарылуын ұйымдастыру, жүзеге асыру мен бақылау;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң мекемелерiнде ашылған қазынашылықтың шоттарындағы ақша қаражатын, кассалардың бiрлiк ұстанымына қарай, басқарып отыру;
      республикалық бюджет пен жергiлiктi бюджеттердiң арасындағы өзара есеп айырысуларды жүргiзу;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен бiрлесе отырып Қазақстан Республикасының iшкi және сыртқы мемлекеттiк қарызының қозғалысын есепке алу мен оған қызмет көрсету;
      республикалық бюджет пен мемлекеттiк нысаналы қаржыландыру қорларының арасындағы қаржы қатынастарын жедел басқарып отыру, оларды қаржы жағынан атқару және осы қорлардың қозғалысы мен пайдаланылуын бақылау;
      мемлекеттiк қаржының жайы туралы ақпарат жинау, оны өңдеу мен талдау және оларды жедел басқару iсiнде пайдалану, мемлекеттiк өкiметтiң атқарушы органдарына бюджет шоттарының жайы туралы ақпарат берiп тұру;
      мемлекеттiк қаржы ресурстарының мөлшерiне қысқа мерзiмдi болжам жасау, осы ресурстарды жедел түрде басқару мен икемдеу;
      республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы бухгалтерлiк есеп пен есеп берудi жүзеге асыру және мемлекеттiк өкiметтiң атқарушы органдарына есеп түсiрiп отыру;
      қазынашылықтың құзыретiне жататын және мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарының, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың орындауы үшiн мiндеттi мәселелер жөнiнде, сондай-ақ бюджеттiк жiктеу есепке алу операцияларын жүргiзу тәртiбi туралы әдiстемелiк және нұсқамалық материалдар әзiрлеу болып табылады.
      8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас қазынашылығы басқармасы Қазынашылықтың аумақтық органдарының жұмысына басшылық жасайды және мынадай функцияларды орындайды:
      бюджеттiң кассалық жағынан атқарылуын жүзеге асырады, республикалық бюджет пен мемлекеттiк нысаналы қаржыландыру қорларының арасындағы қаржы қатынастарын реттейдi, сондай-ақ мемлекеттiк басқару органдарын қаржыландырады;
      республикалық бюджет пен өкiлдi органдардың жергiлiктi бюджеттерiнiң арасындағы өзара есеп айырысулар мен бюджеттiк несиелердiң есебiн жүргiзедi;
      республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң арасындағы реттелмелi табыстардың ставкаларын белгiлейдi;
      бюджеттiң атқарылуы туралы бухгалтерлiк есеп пен есеп берудi жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi және жүзеге асырады, республикалық бюджет пен нысаналы қаржыландыру қорлары қаражатының қозғалысын бақылауға алады;
      әдiстемелiк нұсқамалық құжаттарды әзiрлеп, бекiтедi, қазынашылық құзыретiне жататын, мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарының, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың орындауы үшiн мiндеттi мәселелер бойынша есеп жүргiзу мен есеп берудi жасау тәртiбiн белгiлейдi;
      Қазақстан Республикасының ұлттық банкiмен бiрге республиканың iшкi және сыртқы қарызының қозғалысын есепке алу және оған қызмет көрсету жөнiнде операциялар жасайды, сондай-ақ Үкiметтiң орталықтандырылған қаржы ресурстарын орналастыруды қайтарылатын ақылы негiзде ұйымдастырып, жүзеге асырады;
      аумақтық қазынашылық органдарының жұмысына тексерiстер мен тексерулер жасайды, жұмыс тәжiрибесiн қорытып, оны жақсарту жөнiнде шаралар қолданады;
      Қазақстан Республикасы бюджетiнiң және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қарауындағы өзге де орталықтандырылған қаржы ресурстарының теңге түрiндегi де, шетел валютасы түрiндегi де кiрiсi мен шығысын басқаруды жүзеге асырады, банктер мен өзге де қаржы-кредит мекемелерiндегi шоттардағы қазынашылық қаражатына иелiк етедi, сондай-ақ осы қаражатпен операциялар жасайды;
      республикалық бюджет қаражатын қазынашылықтың аумақтық органдарының арасында қайта бөлiп отырады;
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне республикалық бюджеттiң атқарылу нәтижелерi мен Үкiметтiң қаржы ресурстарының жайы туралы ақпарат түсiредi;
      қазынашылықтың құзыретiне жататын мәселелер бойынша заң және өзге де нормативтiк актiлердiң жобаларын әзiрлеудi белгiленген тәртiппен жүзеге асырады;
      республикалық бюджеттiң атқарылуына және нысаналы қаржыландыру қорларының қаражатына қатысты Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының сақталуына бақылау жасау жөнiндегi аумақтық қазынашылық органдарының жұмысын ұйымдастырады;
      аумақтық қазынашылық органдарының iстелген жұмыс туралы есептерiн алады, талдайды және қорытады, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, олардың қызметiне тексеру жасауды ұйымдастырады, бетi ашылған кемшiлiктер мен тәртiп бұзушылықты жою жөнiнде шаралар қолданады;
      шет елдердегi қазынашылық қызметiн ұйымдастыру тәжiрибесiн зерделейдi және оны iс жүзiнде пайдалану жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      қазынашылық органдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
      қазынашылықтың бiртұтас телекоммуникациялық ақпарат жүйесiн енгiзудi ұйымдастырады және оның тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз етедi.
      9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас қазынашылығы басқармасына ведомстволық бағыныстағы мекемелер бола отырып облыстар, Алматы және Ленинск қалалары бойынша аумақтық қазынашылық органдары өздерiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      атқарушы өкiметтiң тиiстi органдарымен, салық, құқық қорғау органдарымен және банкiлермен өзара iс-қимылда бақылау функцияларын жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасы республикалық бюджетi қаражатының, тиiстi аумақтарға қызмет ететiн қазынашылықтың есеп шоттарындағы нысаналы қаржыландыру қорлары қаражатының қозғалысы жөнiндегi операциялардың есебiн жүргiзедi;
      республикалық бюджеттiң кiрiсi мен шығысының атқарылуы туралы ақпарат пен есеп-қисап жинауды, өңдеудi және оларды жоғары қазынашылық органдарына тапсыруды жүзеге асырады;
      өздерiне жүктелген функцияларды орындау барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң мекемелерiмен және өзге де қаржы-кредит мекемелерiмен өзара iс-қимыл жасайды.
      10. Аудандар, қалалар мен қалалардағы аудандар бойынша аумақтық қазынашылық органдары мынадай негiзгi функцияларды атқарады:
      республикалық бюджеттiң және республикалық бюджеттiң құрамына енгiзiлген нысаналы қаржыландыру қорларының атқарылуын жүзеге асырады;
      бекiтiлген бюджетке сәйкес мекемелердi, ұйымдар мен кәсiпорындарды ұстауға арналған қаражатты қатаң нысаналы түрде бөлiп отырады;
      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мөлшерде республикалық бюджет пен жергiлiктi бюджеттердiң арасындағы реттелмелi табыстарды бөлудi жүзеге асырады;
      республикалық бюджеттiң кiрiсi мен шығысының және республикалық бюджеттiң құрамына енгiзiлген нысаналы қаржыландыру қорлары қаражатының атқарылуы туралы бухгалтерлiк есеп жүргiзедi және есеп-қисап жасайды;
      жоғары тұрған аумақтық қазынашылық органына есеп пен есеп беру деректерiн тапсырады және бухгалтерлiк есеп пен есеп беру деректерiнiң дұрыстығы үшiн жауап бередi;
      салық инспекцияларының қорытындысы бойынша республикалық бюджетке артық төленген немесе дұрыс төленбеген (есептелген) салықтар мен табыстарды қайтарады (есепке алады);
      өздерiнiң қызметiн жергiлiктi қаржы салық органдарымен үйлестiрiп отырады.
 
               3. Қазынашылықтың құқықтары мен мiндеттерi
      11. Негiзгi мiндеттердi орындау және бюджет тәртiбiн нығайту мақсатында қазынашылық органдарының:
      министрлiктерде, ведомстволарда, кәсiпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде Үкiметтiң қаржы ресурстарын есептеумен, аударумен және пайдаланумен байланысты ақша құжаттарына тексеру жүргiзуге;
      республикалық бюджеттен бөлiнген және өз мақсатымен пайдаланылмайтын қаражатты бюджетке шүбәсiз түрде министрлiктерден, ведомстволарда, кәсiпорындардан, ұйымдар мен мекемелерден өндiрiп алуға (қайтарып алуға);
      республикалық бюджеттiң кiрiсiне түсетiн қаражатты немесе республикалық бюджеттен тиiстi банкiлерге немесе қаржы-кредит мекемелерiне алушылардың есеп шоттарына аударылатын қаражатты банкiлер немесе өзге қаржы-кредит мекемелерi мезгiлiнде есептемеген жағдайда оларға санкциялар қолдануға құқығы бар.
      12. Қазынашылық органдарының лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары мен нормативтiк актiлерiн мүлтiксiз орындауға тиiс, заңдарда белгiлеген тәртiппен айқындалған мемлекеттiк және коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтердiң құпиялылығын сақтауға мiндеттi.
      13. Банкiлер мен өзге қаржы-кредит мекемелерi бюджет қаражаты мен нысаналы қаржыландыру қорларының қаражатын депозит шоттарына уақытша орналастырғаны үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен жасалған келiсiмдерде белгiленген мөлшерде проценттер төлейдi.
      Қазақстан Республикасы республикалық бюджетiнiң тапшылығын жабуға Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қаражаты заң белгiлеген тәртiппен қарызға алынған жағдайда қазынашылық дәл осылайша проценттер төлейдi.
      14. Қазынашылық басшысы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Бас қазынашылық басқармасының бастығы Қазақстан РЕспубликасының қазынашылығына жүктелген мiндеттер мен мiндеттiлiктiң орындалуы үшiн дербес жауап бередi, өзiнiң орынбасарларының, осы Бас басқарманың құрылымдық бөлiмшелерi бастықтарының, сондай-ақ облыстар, Алматы және Ленинск қалалары бойынша қазынашылық органдары басшыларының жауапкершiлiк деңгейiн белгiлейдi.
      15. Бас қазынашылық басқармасының құрылымы мен штатын Қазақстан Республикасының ҚАржы министрi, ал аумақтық қазынашылық басқармаларының құрылымы мен штатын - өздерiне белгiленген адам саны мен еңбекақы қорын лимитiнiң шегiнде осы басқармалардың бастықтары бекiтедi.
      16. Қазынашылық органдары "Мемлекеттiк баж туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген жағдай мен тәртiп бойынша мемлекеттiк баж салығын төлеуден босатылады.
 
                    4. Қазынашылық органдарына тексерiстер жүргiзу
                          тәртiбi мен мерзiмi
      17. Аумақтық қазынашылық басқармалары мен бөлiмшелерiне бағыныштылық тәртiбiн жоғары тұрған қазынашылық органы 3 жылда кемiнде бiр рет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге органдар тарапынан да тексерiстер жасалады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады