"Акциз туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Қаулы етедi:
1. Республикада өндiрiлген халық тұтынатын тауарларға қойылатын акциздердiң ставкалары қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
Акциздердiң осы ставкалары қосылған құнға салынатын салықсыз
еркiн босату бағалары негiзiнде жөнелтiлген акцизделетiн тауарлар
(өнiмдер) үшiн төленген шоттар бойынша айналымға 1994 жылдың
1 маусымынан бастап қолданылады.
2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Халық
тұтынатын тауарлардың жекелеген түрлерiне қойылатын акциздердiң
ставкалары туралы" 1993 жылғы 5 ақпандағы N 90 қаулысының (Қазақстан
Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 3, 34-бап) күшi жойылған деп
танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 24 мамырдағы
N 557 қаулысына
қосымша
Халық тұтынатын тауарлардың жекелеген
түрлерiне қойылатын
Акциздер ставкалары
----------------------------------------------------------------------
Тауарлардың атауы ! Акциз ставкалары
! қосылған құнға
! салынатын салы
! ғын босату бағала
! рындағы құнға
! процент есебiмен
----------------------------------------------------------------------
Iшiмдiк этил спиртi 90
Тағамдық шикiзаттан алынған этил спиртi (Қазақстан
Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтетiн
кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелер тiзбесi бойынша
арақ-ликер iшiмдiктерiн, күшейтiлген iшiмдiктер
(шырындар), шарап, бальзам алу үшiн, медициналық
мақсаттарға босатылатындардан басқасы) 85
Ликерлер, күшейтiлген iшiмдiктер және бальзам 60
Шарап 50
Сыра 40
Шоколад 55
Бекiре және албырт балықтардың уылдырығы, балықтың
бағалы түрлерiнен жасалған дайын жеңсiк тағамдар (оның
iшiнде консершiлер):
- албырт;
- бекiре (қортпа, бестер, бекiре шоқыр, сүйрiк) өнiмдерi 55
Темекi өнiмдерi (папиростар, кластарға бөлiнген сигареттер) 20
Мехтың бағалы түрлерiнен жасалған бұйымдар:
- пальто, қысқа пальто, жакеттер күртелер, палантиндер, бас
киiмдер, жағалар, лекал аумағы 15 шаршы дм. және одан
үлкен бөлiктер 50
- бас киiмдер, жағалар 35
Табиғи терiден тiгiлген киiм 40
Фарфор мен хрустальдан жасалған жоғары сапалы бұйымдар 45
Зергерлiк бұйымдар:
- алтыннан 20
- платинадан 20
- күмiстен 20
Жеңiл автомобильдерге арналған шиналар (автопокрышкалар) 30
Ескерту. Қосымшаға өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРМК-нiң
1995.02.13. N 146 қаулысымен.
Ескерту. Қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.
04.19. N 512 қаулысымен.
Ескерту. Қосымшадан сөздер алынып тасталды - ҚРМК-нiң
1995.04.14. N 475 қаулысымен.