Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформа жөнiндегi кеңес туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 26 мамыр 1994 ж. N 561


     Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
    1. Қазақстан Республикасындағы Құқықтық реформа жөнiндегi  кеңес
мынадай құрамда құрылсын:
     
                         Кеңестiң төрағасы

Шәйкенов Н.А.            - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi

                            Кеңестiң мүшелерi:

Әбiлқатаев М.К.          - Қазақстан Республикасының Президентi мен
                           Министрлер Кабинетi Аппаратының Құқық қорғау
                           бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары
Баймұрзин Ғ.И.           - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк
                           ұлттық университетi заң факультетiнiң
                           қылмыстық құқық кафедрасы меңгерушiсiнiң
                           мiндетiн атқарушы
Бұлғақбаев Б.А.          - Қазақстан Республикасының Президентi мен
                           Министрлер Кабинетi Аппаратының Заң шығару
                           бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары
Дагаев Л.С.              - Қазақстан Республикасының Ұлттық
                           қауiпсiздiк комитетi төрағасының орынбасары
Диденко А.Г.             - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк 
                           ұлттық университетi заң факультетiнiң
                           азаматтық құқық кафедрасының меңгерушiсi
Досекенов А.Ә.           - Қазақстан Республикасының Президентi мен
                           Министрлер Кабинетi Аппаратының Заң бөлiмi
                           меңгерушiсiнiң орынбасары
Зорин Л.В.               - Қазақстан Республикасының Жоғары Төрелiк
                           Соты төрағасының орынбасары (келiсуi
                           бойынша) 
Қайдаров Р.Е.            - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
                           министрiнiң орынбасары
Қалматаев М.Д.           - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң
                           Құқық реформасы, заңдылық және құқық
                           тәртiбi жөнiндегi комитетiнiң төрағасы
                           (келiсуi бойынша)
Нәрiкбаев М.С.           - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
                           төрағасының бiрiншi орынбасары (келiсуi
                           бойынша) 
Нұрпейiсов Е.К.          - Қазақстан Республикасы Әдiлет 
                           министрлiгiнiң Қазақ мемлекеттiк заң 
                           институтының директоры
Сүлейменов М.К.          - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
                           академиясының Мемлекет және құқық
                           институтының директоры
Таранов А.А.             - Қазақстан Республикасының Әдiлет 
                           министрлiгi жанындағы Заң шығару 
                           жөнiндегi ғылыми-зерттеу институтының
                           директоры
Өтебаев Ғ.К.             - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының
                           орынбасары (келiсуi бойынша)
Худяков А.И.             - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк
                           ұлттық университетi заң факультетiнiң
                           әкiмшiлiк құқық кафедрасының меңгерушiсi
     2. Қазақстан Республикасындағы Құқықтық реформа жөнiндегi кеңес
туралы Ереже (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


                                         Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 26 мамырдағы N 561 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН


                Қазақстан Республикасындағы Құқықтық
                     реформа жөнiндегi кеңес туралы
                             ЕРЕЖЕ

                    I. Жалпы қағидалар

      1. Қазақстан Республикасындағы Құқықтық реформа жөнiндегi кеңес (бұдан әрi - Кеңес) ведомствоаралық үйлестiру органы болып табылады, оның мақсаты Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның Мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады.
      2. Кеңестiң құрамы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысымен белгiленедi.
                    II. Мiндетi мен өкiлеттiлiгi
      1. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi:
      қолданылып жүрген заңдарды ретке келтiру, оларды үйлесiмдiлiгi мен келiсiмдiлiгiн қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      неғұрлым маңызды заң актiлерiнiң тұжырымды үлгiлерiн жасау;
      өз бастамасы бойынша, сондай-ақ Президенттiң, Жоғарғы Кеңестiң, Министрлер Кабинетiнiң, өзге де органдар мен мекемелердiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының аса маңызды заң актiлерiнiң жобаларын әзiрлеудi ұйымдастыру;
      құқықтық реформаның негiзгi бағыттары бойынша мемлекеттiк органдарға ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.
      2. Кеңес:
      министрлiктерден, мемлекеттiк комитеттерден, ведомстволардан заң шығарушылық қызметi мәселелерi жөнiндегi қажеттi құжаттар мен материалдарды сұратып алуға;
      заң актiлерiнiң жобаларын әзiрлеудiң және сараптама жүргiзудiң қажеттiлiгi жайында министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволарға ұсыныстар жасауға;
      заң шығару және сарапшылық қызметiне ғалымдар мен мамандарды,

соның iшiнде шетелдiктердi де тартуға, осы мақсатпен жұмыс және
сараптау топтарын құруға;
     Кеңестiң мәжiлiстерiнде назар аударылған мәселелер жөнiнде заң
актiлерi жобаларының авторларын тыңдауға қақылы.

                   III. Жұмысты ұйымдастыру

     1. Кеңестiң мәжiлiстерi қажетiне қарай, бiрақ тоқсан сайын
кемiнде бiр рет өткiзiледi.
     2. Кеңес мүшелерi оның мәжiлiстерiне басқа бiреумен ауыстыру
құқығынсыз өздерi қатысады.


      3. Кеңес шешiмдерi Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады және хаттамамен ресiмделедi.
      Кеңес мүшелерiнiң ерекше пiкiр айтуға құқы бар, ол хаттамаға қосылады.
      4. Кеңестiң қызметiн қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне жүктеледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады