Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары мен әскери қызметтен және iшкi iстер органдарынан босатылған адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер (ақшалай өтемақылар) туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 26 мамыр 1994 ж. N 565. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.07.16. N 789 қаулысымен. ~P020789

      "1994 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 27 қаңтардағы N 1529 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 12 сәуiрдегi N 1652 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 18 сәуiрдегi N 1675 U941675_ Жарлығының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
     1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, арнаулы әскери құрамалардың әскери қызметшiлерiне (шақыру бойынша қызмет өткерiп жүргендерден басқаларына), iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарына, сондай-ақ жасына, денсаулығына немесе штаттың қысқаруына байланысты әскери қызметтен, iшкi iстер органдарынан босатылған, 20 және одан да көп жыл қызмет өткерген адамдарға тұрғын жай, коммуналдық қызмет, отын, тұрғын үйдi күтiп ұстауға арналған пайдалану шығындары, пәтерге телефон орнату және пайдаланғаны, уақытша тұрғын жайды жалға алғаны (жалдағаны) үшiн 50 проценттiк ақы төлеу жөнiндегi бұрын белгiленген жеңiлдiктер орнына бiр есептiк көрсеткiш мөлшерiнде ай сайын ақшалай өтемақы төлеу белгiленсiн.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.09.
               N 987 қаулысымен. P960987_
     2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi республикалық бюджетте осы қаулының 1-тармағында аталған адамдарға ақшалай өтемақылар төлеуге арналған қаражатты көздейтiн болсын.
     3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Ақпарат қорғау жөнiндегi мемлекеттiк техникалық комиссия, Республикалық ұлан қолбасшысы, Азаматтық қорғаныс штабының бастығы мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң күзет қызметi бастығы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып, әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары мен әскери қызметтен және iшкi iстер органдарынан босатылғандарға ақшалай өтемақылар төлеу тәртiбiн белгiлесiн.
 

    Қазақстан Республикасының

        Премьер-министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады