Жамбыл облысындағы Амангелдi газ кен орнын пайдалануға беру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 маусымдағы N 592 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы N 406 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.04  N 406  Қаулысымен.

      Жамбыл облысының аумағында газ өндiрiсi саласын құру үшiн газ кен орындарын игерудi ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Жамбыл облысының әкiмi "Сенiм" және "Қазақгаз" мемлекеттiк холдинг компаниялары, "Жамбылалаугаз" акционерлiк қоғамы және Ресейдiң "Газпром" акционерлiк қоғамы құрған "Досбол" бiрлескен кәсiпорны Жамбыл облысының Амангелдi кен орнындағы газ қабаттарын игеру жөнiнен жер қойнауын пайдаланушы болып белгiленсiн және "Досбол" бiрлескен кәсiпорнына осы кен орнын тәжiрибелiк-өндiрiстiк пайдалануға беруге рұқсат етiлсiн. 
      Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi "Досбол" бiрлескен кәсiпорнына осы кен орнын пайдалануға лицензия берсiн. 
      2. "Досбол" бiрлескен кәсiпорны құрылтайшы шартының: 
      - Амангелдi кен орнында газ бен газ конденсатын өндiру және кешендi өңдеу; 
      - Жамбыл облысының республикалық орталық газ құбыры желiлерiнен шалғай орналасқан селолық елдi мекендерiн газдандыруды; 
      - пайдалану барысында газ бен газ конденсатының қоры мен құрамын дәлдеудi; 
      - "Досбол" бiрлескен кәсiпорнының газ және газ конденсатының өңделген өнiмiн кедергiсiз экспортқа шығару, өз қызметiне қажеттi жабдық пен мүлiктi бажсыз әкелу құқығын пайдалануын көздейтiн негiзгi қағидалар мен шарттары бекiтiлсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары және Жамбыл облысының әкiмi "Досбол" бiрлескен кәсiпорнын белгiленген тәртiппен жасасылған шарттың шеңберiнде барлық қажеттi рұқсаттармен қамтамасыз етсiн, сондай-ақ осы бiрлескен кәсiпорын қызметiнiң ұйымдық мәселелерiн шешу кезiнде жәрдем берсiн. 
      4. Жамбыл облысының әкiмi Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгiмен және Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiмен бiрлесiп, Жамбыл облысында мұнай-газ саласын құру үшiн барланған гелий мен көмiр-сутегi газ кен орындарын игерудiң бағдарламасын және оның шикiзат базасын нығайту мақсатында Шу-Сарысу мұнай-газ бассейнiнде геологиялық барлау жұмыстарын қайтадан қолға алу бағдарламасын әзiрлесiн. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады