Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң салық қызметi салық милициясының мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 6 маусым N 596. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.04.16. N 459 жарлығымен.

      "Қылмысқа қарсы күрестi күшейту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 11 ақпандағы N 1562 қаулысын /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1994 ж., N 8, 80-бап/ орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң салық қызметi құрамында салық қызметiнiң қолда бар штат саны шегiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Бас салық инспекциясының салық милициясы басқармасы мен оның облыстары, Алматы және Ленинск қалалары, аудандар, қалалар мен қаладағы аудандар бойынша аймақтық органдарынан тұратын салық милициясы органдарының орталықтандырылған жүйесi құрылсын.
      2. Салық милициясы басқармасының бастығы лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Бас салық инспекциясы бастығының орынбасары болып табылады, оны Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi салық қызметiнiң салық милициясы туралы ұсынылып отырған уақытша ереже бекiтiлсiн.
 

     Қазақстан Республикасының

       Премьер-министрi



                                     Қазақстан Республикасы



                                     Министрлер Кабинетiнiң

                                     1994 жылғы 6 маусымдағы

                                     N 596 қаулысымен

                                           Бекiтiлген



 
 
                Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi
                 салық қызметiнiң салық милициясы туралы
                         УАҚЫТША ЕРЕЖЕ
 
      Бұл Ереже - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң салық қызметi салық милициясының құқықтық негiздерiн, қызметi мен ұйымдастыру принциптерiн, жүйесiн айқындайды /бұдан былай - салық милициясы/.
 
               I. Жалпы ережелер
 
      1. Салық милициясы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi салық қызметiнiң орталықтандырылған құрылымдық бөлiмшесi және өзiнiң мәртебесi бойынша жауап алу орган болып табылады, салық қызметi органдары жұмысының тиiмдiлiгiн арттыруға, салық заңдарының сақталуын, бюджетке салықтардың және басқа мiндеттi төлемдердiң уақтылы әрi толық түсуiн қамтамасыз етуге бағытталатын заңда көзделген шараларды жүзеге асырады.
      2. Салық милициясының жүйесiн:
      Бас салық инспекциясы салық милициясының басқармасы;
      облыстар, аудандар, қалалар, және қалалардағы аудандар бойынша салық инспекцияларының салық милициялары құрайды.
      3. Салық милициясы қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Қазақстан Республикасындағы салық жүйесi туралы", "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң салық қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары, қылмыстық iстер жүргiзу, әкiмшiлiк заңдарды, өзге де заң және заңдылық нормативтi актiлер мен осы Ереже құрайды.
      Жедел iздестiру қызметiн реттейтiн заң мен нормативтi актiлерде көзделгеннен басқа реттерде, салық милициясының iс жүргiзу мен жедел iздестiру жұмысына араласуға жол берiлмейдi.
      4. Салық милициясының қызметi заңдылық принциптерi, адамдардың құқығы мен бостандығын құрметтеу, жұмыстың жариялы және жария емес әдiстерiн ұштастыру негiзiнде жүзеге асырылады.
      Салық милициясы өз қызметiн құқық қорғау және басқа мемлекеттiк органдармен өзара бiрлесiп iс-әрекет жасай отырып атқарады.
      5. Салық милициясының барлық буынының қызметiне жалпы басшылықты Бас салық инспекциясының бастығы жүзеге асырады.
      6. Салық милициясының органдары мен бөлiмшелерiне лауазымы бойынша Бас салық инспекциясы бастығының орынбасары болып табылатын салық милициясы басқармасының бастығы тiкелей басшылық етедi, оны Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Салық милициясы бастықтары лауазымы жөнiнен тиiсiнше облыстар, аудандар, қалалар және қаладағы аудандар бойынша салық инспекциясы бастығының орынбасарлары болып табылады.
      Салық милициясы басқармасының басшылары мен құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi, облыстар, аудандар, қалалар мен қаладағы аудандар бойынша салық инспекцияларының салық милициясы бастықтары, облыстар, Алматы және Ленинск қалалары бойынша салық инспекциялары салық милициясы бастықтарының орынбасарлары "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң салық қызметi туралы" Заңда көзделген тәртiппен салық милициясы басқармасының ұсынуы бойынша, ерекше жағдайда оның ұсынысынсыз қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      7. Салық милициясына ерiктiлiк негiзде, жеке басының, моральдiк қасиеттерiне, денсаулығына және бiлiм дәрежесiне қарай өздерiне жүктелген мiндеттердi орындай алатын Қазақстан Республикасының азаматтары алынады.
      Бұрын қылмысты жауапкершiлiкке тартылған адамдар салық милициясына қабылдана алмайды.
      8. Тиiстi нормативтi актiлер қабылдағанға дейiн салық милициясы адам құрамының қызмет өткеру және қызметтiк мiндеттерiн атқару тәртiбi Iшкi iстер министрлiгi жүйесiнде қолданылып жүрген Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамының қызмет өткеруi туралы ереже мен басқа да нормативтi актiлерде көзделген тәртiпке қарайластырып, салық қызметiнiң жұмыс ерекшелiгi мен мынадай қағидалардан туындайтын айырмашылығы ескерiле отырып белгiленедi:
      офицерлер құрамының алғашқы және кезектегi арнайы атағын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бередi;
      салық милициясы басқармасының бастығы лауазымдық жағдайы бойынша Iшкi iстер министрлiгi Бас басқармасының бастығына, облыстық, Алматы және Ленинск қалаларының салық милициясының бастықтары - қалалық /аудандық/iшкi iстер басқармасының бастықтарына, аудандағы /қалалардағыны қоса/ салық милициясының бастықтары - қалалық /поселкелiк/ милиция бөлiмшелерi бастықтарына теңестiрiледi;
      салық милициясына Iшкiiсминi жүйесiнiң әскери-дәрiгерлiк комиссиялары қызмет көрсетедi;
      салық милициясы қызметкерлерi Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiмен келiсiлген шарттар негiзінде Iшкiiсминi жүйесiндегi оқу орындарында бастапқы даярлаудан, қайта даярлаудан өтедi, бiлiктiлiгiн көтередi, оқытылады;
      салық милициясына ауыстырылған салық қызметi қызметкерлерiне арнаулы атақтар берiлгенше, салық қызметi қызметкерлерi үшiн көзделген еңбекақы мен басқа төлемдер сақталады;
     салық милициясына ауыстырылған салық қызметi қызметкерлеріне арнаулы атақтар олар 40 жасқа толғанға дейiн берiлуi мүмкiн.
 
        II. Салық милициясы органдарының негiзгi мiндетi
             мiндеттiлiктерi мен құқықтары
 
      9. Салық милициясының негiзi мiндетi:
      салық заңдары саласындағы құқық бұзушылыққа жол бермеу жөнiндегi шараларды iске асыру;
      заңды және жеке тұлғалардың пайданы /кiрiстi/ жасыру немесе кемiтiп көрсету, салық салу объектiлерiн бүрмелеу мақсатымен жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықты, бюджетке салық пен басқа төлемдер жасаудағы өзге де жалтаруларды, сондай-ақ бюджетке салық пен басқа да төлемдердiң алынбай қалуына немесе кем алынуына байланысты мемлекетке зиян шектiрген өзге де қылмыс пен құқық бұзушылықты анықтау мен тыю;
      салық құқық бұзушылығы бойынша мемлекетке келтiрiлген зиянның толығымен әрi уақтылы қайтарылуы жөнiнде шаралар қолдану;
      салық жұмысы қызметiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қызмет бабындағы мiндеттерiн орындаған кезде оның қызметкерлерiн қылмыстық және жеке бастарына қарсы құқыққа қайшы әрекеттерден қорғау;
      салық органдарындағы сыбайластық жең ұшына жалғасудың алдын алу, анықтау және жолын кесу;
      бюджетке салық пен басқа төлемдер жасаудан жалтарған адамдарды iздестiру болып табылады.
      Салық милициясына заңдарда және осы Ережеде тiкелей көзделмеген мiндеттер жүктелуге тиiс емес.
      10. Салық милициясы органдары:
      өзiнiң өкiлеттiгi шегiнде салық қылмыстары мен өзге құқық бұзушылықтар туралы ақпарат жинап, талдап отыруға; қажет болған жағдайда салық құқығын бұзушылыққа итермелейтiн себептер мен шарттарды жою жөнiнде кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар басшыларына ұсыныстар енгiзуге;
      салық құқығын бұзуға әзiрлiк жасалып жатқаны немесе жасалғаны туралы арыздарды, хабарларды және басқа ақпаратты қарап, белгiленген тәртiп бойынша олардың тексерiлуiн iске асыруға;
      салық қылмыстары мен өзге де құқық бұзушылықтарды анықтап тыюға, сондай-ақ салық төлеуден жалтарған адамдарды iздестiруге бағытталған жедел iздестiруге iс-шараларын өздiгiнен немесе басқа құқық қорғау органдарымен бiрлесе отырып жүргiзуге;
      басқа құқық қорғау органдарымен бiрлесе отырып салық құқығын бұзуға қарсы күрес бағдарламасын жасауға және жүзеге асыруға қатысуға;
      салық милициясының төменгi буындарына әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетуге мiндеттi.
      11. Салық милициясы органдарының:
      азаматтар мен лауазымды адамдардан, егер қолдарына олардың әкiмшiлiк құқық бұзғанына немесе қылмыс жасағанына күдiк туғызарлық жеткiлiктi негiз болса, олардың жеке басын анықтау үшiн қажеттi құжаттар талап етуге және тексеруге;
      бюджетке жасалатын салық пен басқа төлемдерде есептеу мен төлеттiруге байланысты министрлiктерде, мемлекеттiк комитеттерде және ведомстволарда, кеден қызметтерiнде, кәсiпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда меншiк нысанына қарамастан шаруашылық жүргiзушi /оның iшiнде жұмысының режимi ерекше/ субъектiлерде, сондай-ақ азаматтарға тексеру жүргiзуге;
      кассаларды, ақша, тауарлық материалдық құндылықтар мен құжаттар сақтайтын басқа орындарды мөрлеп жабуға, ал негiз болған жағдайда, салық төлеушiлер пайда /табыс/ табу үшiн пайдаланатын кез-келген өндiрiстiк, қойма, сауда және өзге де жайларға заңда белгiленген тәртiппен ашып кiруге;
      тек қызмет мақсатында ғана тексерiлiп жатқан кәсiпорындар мен азаматтардың кәсiпкерлiк қызметi, операциялары және шоттарындағы ақша қаражатының жайы-күйi туралы басқа кәсiпорындардан банктер мен өзге қаржы кредит мекемелерiнен, биржалар мен азаматтардан мәлiметтер, анықтамалар, сондай-ақ құжаттар алуға;
      салық қызметi органдарының қаражаты есебiнен төлеу арқылы кәсiпорындардың бiлiктi мамандарын, басқа да бақылау органдардың қызметкерлерiн тексеру, тексерiс, пен сараптамалар жүргiзуге тартуға;
      құқық бұзушылық жасады деп шүбә туғызған адамның қылмысты iстерiн тiркеуге алу үшiн жедел-техникалық құралдарды қолдануға;
      заңда көзделген тәртiппен қару, арнаулы құралдар ұстауға, алып жүруге және қолдануға, күш қолдануға;
      әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыруға, әкiмшiлiк жолмен ұстауды жүзеге асыруға және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарда көзделiп салық қызметi органдарына заңмен берiлген өкiлеттiк шегiнде басқа да шараларды қолдануға;
      өз құзырының шегiнде салық құқық бұзушылығына қарсы күресу мақсатында адамдарды, заттар мен фактiлердi тiзiмге алуды жүзеге асыруға;
      өз құзыры шегiнде алдын ала анықтау органы үшiн заңда көзделген құқықтарды пайдалануға;
      қамтуындағы учаскелердiң шегiнде елдi мекендер, қала маңы мен жергiлiктi қатынаста /таксиден, дипломатиялық, елшiлiк, консулдық пен халықаралық ұйымдар иелiгiнен көлiктен басқа/ қоғамдық көлiктiң барлық түрлерiмен, селолық жерде - жолшыбай көлiкпен, сондай-ақ, поездбен, теңiз бен өзен кемелерiмен тегiн жүрiп-тұруға;
      iс-сапар куәлiгiн көрсетiп, көлiктiң барлық түрлерiне кезектен

 

тыс жүрiс құжатын /билет/ сатып алуға және мейманханалардан орын

алуға;

     қызметтегi мiндетiн орындау кезiнде кәсiпорындардың, ұйымдардың,

мекемелердiң байланыс құралдарын, сондай-ақ келiсiм алып, қажет болған

жағдайда, өтемақы төлеу ретiмен азаматтардың байланыс құралдарын

пайдалануға;

     арнайы киiм үлгiлерiн киiп жүруге және олармен тегiн қамтамасыз

етiлуге құқығы бар.


            III. Салық милициясы қызметкерлерiнiң

                 жауапкершiлiгi және оның қызметiн қадағалау


     12. Салық милициясы қызметкерлерi құқыққа қарсы әрекеттерi

үшiн заңда белгiленген тәртiппен жауап бередi.


 
       13. Салық милициясының заңды дәл әрi бiркелкi орындауын бақылауды Қазақстан Республикасының Бас прокуроры мен бағынысты прокурорлар iске асырады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады