Қазақстан Республикасының кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы туралы ереженi бекiту жайлы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 16 маусым 1994 ж. N 638. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

     Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы туралы" 1994 жылғы 13 сәуiрдегi N 1655 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
     Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту жөнiндегi Мемлекеттiк комиссиясы туралы Ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).     

        Қазақстан Республикасының
       Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы     
Министрлер Кабинетiнiң     
1994 жылғы 16 маусымдағы    
N 638 қаулысымен        
Бекiтiлген            

           Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiктi қолдау
         және дамыту жөнiндегi Мемлекеттiк комиссиясы
                             туралы
                             Ереже

      1. Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту жөнiндегi Мемлекеттiк комиссиясы (Комиссия) кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдау мәселелерiмен шұғылданатын үйлестiрушi-кеңесшi орган болып табылады. 
      Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының нормативтiк актiлерi мен осы Ереженi басшылыққа алады. 
      2. Өзiне жүктелген мiндеттердi шешу үшiн Комиссия Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетiне: 
      Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде кәсiпкерлiктi дамытудың негiзгi бағыттарын анықтау; 
      Бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегi тапсырмалар мен iс-шараларды жыл сайын нақтылап отыру; 
      кәсiпкерлiк қызметтi жандандырудың практикалық шараларын жүзеге асыру жөнiндегi заң актiлерi мен үкiмет шешiмдерiнiң жобалары; 
      министрлiктер мен ведомстволардың, ұйымдар мен мекемелердiң, жергiлiктi әкiмдер мен кәсiпкерлiк құрылымдардың кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi күшейту; 
      кәсiпкерлiктi дамытуға қолайлы жағдай туғызу; 
      экономиканы дамытудың басым бағыттарына сәйкес кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытуға жұмсалатын ақша қаражатын бөлу; 
      кәсiпкерлiк құрылымдар кадрларын даярлау және қайта даярлау, оның iшiнде шет елде даярлау мен қайта даярлау жүйесiн жетiлдiре беру мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзiп отырады. 
      3. Комиссияның: 
      қажет болған жағдайда министрлiктер мен ведомстволардың кәсiпкерлiк қызмет жөнiндегi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына, Президенттiң актiлерiне, Министрлер Кабинетiнiң қаулыларына қайшы келетiн ведомстволық актiлерiнiң, жергiлiктi әкiмдердiң шешiмдерi мен өкiмдерiнiң күшiн тоқтату жөнiнде ұсыныс енгiзуге; 
      кәсiпкерлiктi дамыту мәселелерi бойынша заңдар мен нормативтiк актiлер жобаларын әзiрлеу жөнiнде мамандар мен ғалымдарды қатыстыра отырып, жұмыс топтарын құруға; 
      Комиссия құрамында Комиссия мен кiшi комиссия мүшелерiнен Бағдарлама бөлiмдерiнiң және тапсырмалар мен iс-шаралар жоспарының орындалуы үшiн жауапты тұрақты жұмыс iстейтiн жұмыс тобын жасақтауға; 
      Қазақстан Республикасында Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасының орындалуына талдау жасауға, Бағдарламаға қажеттi өзгерiстер енгiзу жөнiнде ұсыныс енгiзуге; 
      шет елдердегi басқару органдарымен, iскер топтармен, консультациялық фирмалармен байланыс орнатып, кәсiпкерлiк қызметтi ұйымдастыру және басқару тәжiрибесiн зерделеу жөнiнде олармен келiсiм жасасуға; 
      баспа және ақпарат қызметiмен шұғылдануға құқығы бар. 
      4. Комиссияға Төраға басшылық етедi. Комиссия құрамына Төрағаның орынбасарлары, Комиссияның хатшысы мен мүшелерi енедi. 
      Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Экономикалық саясат бөлiмi Комиссияның жұмыс органы болып табылады. 
      5. Комиссия жыл сайын өз жұмысы жөнiндегi Республика Президентi мен Үкiметiнiң алдында есеп берiп отырады. 
      6. Комиссияның мәжiлiсi айына бiр рет өткiзiледi. 
      7. Комиссия шешiмi Комиссияның тiзiмдегi құрамының көпшiлiк дауысымен қабылданады және оның мәжiлiстерiнiң хаттамаларымен ресiмделедi. Хаттамаға Төраға мен хатшы қол қояды. 
      8. Комиссияның жұмысы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүйелi түрде кеңiнен жария етiлiп отырады. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады