Семей машина жасау зауытында доңғалақты тракторлар өндiрiсiн ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 17 маусым 1994 ж. N 656

      Семей машина жасау зауытында доңғалақты тракторлар өндiрiсiн ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi мен "Ақ жол" мемлекеттiк холдинг компаниясының 1994-1997 жылдары "Джон Дир" (ГФР) фирмасымен бiрлесе отырып, Семей машина жасау зауытының базасында қуаты жылына 10 мың дана трактор шығаратын доңғалақты тракторлар өндiрiсiн құру бастамашылығы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi мен "Ақ жол" мемлекеттiк холдинг компаниясы екi ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен және Қаржы министрлiгiмен, сондай-ақ басқа да мүдделi ведомстволармен келiсе отырып, доңғалақты тракторлар өндiрiсiнiң техникалық-экономикалық негiздемесi мен оны ұйымдастыру бағдарламасын әзiрлесiн.
      3. "Ақ жол" мемлекеттiк холдинг компаниясы 1994 жылы жобалау алдындағы шаралар мен ұйымдастыру жұмыстарын жүргiзуге 6,2 млн. теңге көлемiнде қаражат iздестiретiн болсын.
      4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi және Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде Шетел кредиттерi жөнiндегi комиссияға доңғалақты тракторлар өндiрiсiн құруға бөлiнетiн валюта кредитiн өтеу тетiгi мен схемасы туралы ұсыныс тапсырсын.
      5. Тұранбанк доңғалақты тракторлар өндiрiсiнiң жобасын қаржыландыру туралы Жеке кредит келiсiмiн жасассын.
      6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Семей машина жасау зауытына несие бергенi үшiн 15 проценттiк авансты, кредит бойынша сақтандыру жарналары мен қызмет көрсетушi банктердiң комиссияларын және жабдықтарды жеткiзу мен монтаждау кезеңiндегi проценттердi төлеу үшiн Семей облысы әкiмiнiң алынған соманы үш ай мерзiм iшiнде қайтару кепiлдiгiне 20 млн. АҚШ долларын қарастырсын.
      7. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi белгiленген тәртiппен Семей машина жасау зауытына доңғалақты тракторлар өндiрiсiнiң ұйымдастырылуына байланысты өнiм экспортына лицензиялар берiлуiн қамтамасыз етсiн.
      8. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi доңғалақты тракторлар шығаратын құрылып жатқан қуаттарды қаржыландыру үшiн ауыл шаруашылығының өнiмдерiн өндiрушi-шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаражатын тарту мүмкiндiгiн қарастыратын болсын.
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады