1. Германия Федеративтiк Республикасындағы Бонн қаласында Қазақстан Республикасының Сауда өкiлдiгi ашылсын.
2. Германия Федеративтiк Республикасындағы Қазақстан Республикасы Сауда өкiлдiгiнiң штат саны 1994 жылғы 7 айға айлықақы қоры 54754 АҚШ доллары сомасында 5 адам мөлшерiнде бекiтiлсiн.
3. Германия Федеративтiк Республикасындағы Қазақстан Республикасының Сауда өкiлiне айына 1845 АҚШ доллары мөлшерiнде лауазымдық жалақы белгiленсiн.
Сауда өкiлдiгiнiң қызметкерлерiне лауазымдық жалақы Сауда өкiлiнiң жалақысына қарай штат кестесiне сәйкес белгiленсiн.
4. Сауда өкiлдiгiнiң қызметкерлерiне медициналық қызмет
көрсетуге АҚШ долларындағы айлықақы қорынан 2 процент мөлшерiнде аударым жасау белгiленсiн. 5. Германия Федеративтiк Республикасындағы Қазақстан Республикасы Сауда өкiлдiгiнiң шығыс сметасы 346257 АҚШ доллары және 594284 теңге сомасында бекiтiлсiн. 6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1994 жылдың бюджетiн дәлдей түсу кезiнде Германия Федеративтiк Республикасындағы Қазақстан Республикасы Сауда өкiлдiгiн ұстауға қаражат бөлiнуiн ескеретiн болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi