Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң қазақ педиатрия ғылыми-зерттеу институтын қайта құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 17 маусым 1994 ж. N 672

      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Қазақ педиатрия ғылыми-зерттеу институты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы болып қайта құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының ғылыми және практикалық қызметiнiң негiзгi бағыттары:
      түрлi жас топтарындағы балалардың ауруы мен өлуi себептерiн анықтау және балалардың денсаулық жағдайын нығайтуға бағытталған шараларды қолдану;
      балалар арасындағы түрлi ауруларды емдеу мен олардың алдын алудың қазiргi әдiстерiн жетiлдiру мен жаңа әдiстерiн зерттеп табу;
      асқынған хирургиялық аурулар мен балалардың жарақаттануы кезiнде диагностикалық және емдеу көмегiнiң, бала кезде кездесетiн қатерлi жағдайларда интенсивтi емдеу мен жан бiтiрудiң оңтайлы әдiстерi мен ұйымдастыру жолдарын зерттеп табу;
      дәрiгерлердiң-педиатрлардың, педиатрия мен балалар хирургиясы жөнiндегi ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру болып белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Педиатрия және балалар хирургиясының ғылыми орталығы туралы ереженi бекiтсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады