Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжамдау Институтының материалдық-техникалық базасын одан әрi дамыту жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 21 маусым 1994 ж. N 696

      "Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжамдау Институтының /ҚМБЭБИ/ қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 20 наурыздағы N 1605 K941605_ қаулысын орындау үшiн және басқару жүйесi кадрларын даярлауға қажеттi жағдайлар туғызу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжамдау Институтының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, сондай-ақ халықаралық оқу және ғылыми байланыстарды қаржыландыруға, шетелдiк әдебиеттердi алуға және шетелдiк мерзiмдi басылымдарға жазылуға жыл сайын қаражат бөлiнуiн көздесiн;
      ҚМЭБИ-ның өтiнiмдерi негiзiнде жыл сайын шетелден шақырылған оқытушыларға Алматы қаласында жалға алынатын пәтерлердiң шығынын өтеу үшiн республика бюджетi есебiнен қажеттi қаражат бөлудi көздесiн;
      ҚМЭБИ-ке Еуропа Экономикалық Қоғамдастығы, сондай-ақ басқа да шетелдiк мемлекеттер мен жеке фирмалар жiберген қайырымдылық жүктерiн баж салығын төлеусiз алуға рұқсат етсiн;
      мыналар:
      - шет тiлiн бiлетiн және оны жұмыс барысында үнемi қолданатын қызметкерлерге лауазымдық жалақысының 15 процентi мөлшерiнде қосымша ақы төлеу;
      - жұмыс орны бойынша еңбек ақысы сақталатын тыңдаушыларды қоспағанда, ҚМЭБИ тыңдаушылардың стипендияларын Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындарының аспиранттарына белгiленген мөлшерде тағайындау;
      11 автомашинаға, оның iшiнде 8-i қызмет бабында пайдаланылатын автомобильге лимит беру;
      Ескерту. 1-тармақтан оныншы абзацы алынып тасталған - ҚРМК-iнiң
               21.08.1995 ж. N 1143 қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармақтың 5-шi абзацы күшiн жойды - ҚР Үкiметiнiң
               1996.01.09. N 31 қаулысымен. P960031_
      2. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi ҚМЭБИ-ге баспа қызметiн жүргiзуге құқық берсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi ҚМЭБИ-мен контракты бойынша жұмыс iстейтiн шетелдiк оқытушылардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлiктiң барлық түрiмен (таксиден басқа) жүргенде қызмет көрсетiлгенi үшiн ұлттық валютамен есеп айырысуын қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Емдеу-сауықтыру бiрлестiгi ҚМЭБИ профессор-оқытушы құрамын медициналық жағынан қамту үшiн тiркеуге алуды қамтамасыз етсiн.
      5. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерiне ҚМЭБИ-мен бiрлесе отырып басшы қызметкерлердi және жергiлiктi басқару органдарының мамандарын даярлау үшiн менеджмент жөнiнде тұрақты жұмыс iстейтiн курстар ұйымдастыру ұсынылсын. Жергiлiктi әкiмдер аппараттары қызметкерлерiн оқытуға байланысты барлық шығындар жергiлiктi бюджеттердiң есебiне жатқызылсын.
      6. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi жанындағы

Күзет бас басқармасымен шарттық негiзде ҚМЭБИ-дiң тәулiктiк 
күзетi қамтамасыз етiлсiн. Күзеттi ұстауға арналған қаражат 
ҚМЭБИ-дiң шығыстар сметасында көзделсiн.
<*>

     Ескерту. 6-тармақпен толықтырылды - ҚРМК-iнiң 21.08.1995 ж.
              N 1143 қаулысымен.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады