Маңғыстау облысының Арман кен орнын игеруге қосу және Өлiқолтық ауданында геологиялық-барлау жұмыстарын жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 22 маусым 1994 ж. N 702

      Маңғыстау облысының Арман кен орнын игеруге қосу және Өлiқолтық ауданында геологиялық-барлау жұмыстарын жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi, Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi ұсынған, Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктерiмен және ведомстволарымен келiсiлген Қазақстан-американ бiрлескен кәсiпорнын құру және оның "Маңғыстаумұнайгаз" акционерлiк қоғамы мен Қазақстан жағынан "Жарқын" мемлекеттiк холдинг компаниясы және американ жағынан "Орикс Қазақстан (Арман) энерджи компани" арасындағы Арман кен орнын игеру жөнiндегi қызметi туралы келiсiмi мақұлдансын.
      2. "Мұнайгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясының президентi Б.Д.Елемановқа Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Маңғыстау облысының Өлiқолтық ауданындағы барлау алаңында өнiмдi үлеске қарай бөлу туралы контрактiге қол қою тапсырылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi Маңғыстау облысының Арман кен орнын игеру мен Өлiқолтық ауданындағы алаңды барлауға лицензия (кен бөлуге актi берумен) ресiмдесiн.
      4. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары, Маңғыстау облысының әкiмi бiрлескен кәсiпорны қызметiнiң ұйымдастыру мәселелерiн шешуге жәрдем көрсетсiн және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен "Орикс Қазақстан (Арман) энерджи компани" компаниясын барлық қажеттi лицензиялармен және рұқсаттармен қамтамасыз етсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi, Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi:
      Маңғыстау облысының әкiмiмен бiрге бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне бiрлескен кәсiпорнының басқарушы органдарына Қазақстан жағынан өкiлдер тағайындау туралы ұсыныс енгiзсiн;
      оларды жүзеге асыру барысында аталған құжаттардың ережелерi мен шарттарын орындауға бақылау жасалуын қамтамасыз етсiн.
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады