Өзара есеп айырысудың және Еуропа Қауымдастығының Комиссиясы берген кредиттiң орнын жабудың тәртiбiн бекiту туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 23 маусым N 706. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.07.08. N 1092 қаулысымен.
- Мәтін
- Ресми жарияланым
- Ақпарат
- Өзгерістер тарихы
- Сілтемелер
- Көшіру
- Түсініктемелер
- Басқа
Өзара есеп айырысудың және Қазақстан Республикасы алатын медикаменттерге Еуропа Қауымдастығының Комиссиясы берген кредиттiң орнын жабудың қоса берiлiп отырған тәртiбi бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 23 маусымдағы
N 706 қаулысымен
Бекiтiлген
Өзара есеп айырысудың және Қазақстан Республикасы
алатын медикаменттерге Еуропа Қауымдастығының
Комиссиясы берген кредиттiң орнын жабудың
Тәртiбi
1. Мемлекеттiк сыртқы сауда компаниялары "Фармация" мемлекеттiк холдинг компаниясының өтiнiмi негiзiнде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң тапсырысы бойынша шетел фирмаларын тендерлiк iрiктеу жолымен Қазақстан Республикасына медикаменттер берiп тұруға контракт жасасады.
2. Сыртқы сауда компаниялары республикаға келген жүктi кедендiк ресiмдеудi жүзеге асырады, есепшоттарды жазады және оларды келген барлық құжаттармен "Фармация" компаниясына бередi, ал осы құжаттардың келесi данасын келiп түскен медикаменттердi есепке алу мен бақылау үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жiбередi.
3. "Фармация" мемлекеттiк холдинг компаниясы кеден құжаттары ресiмделген республика Ұлттық банкiнiң бағамы бойынша қайта есептелген ұлттық валютаның сыртқы саудадағы бағасына орай алынған тауарды кiрiске енгiзудi жүзеге асырады.
Тауарды өткiзуден үкiметтiк кредит есепшотына түскен ақша қаражаты түсiмi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген мерзiмде республикалық бюджеттiң кiрiсiне енгiзiлуге жатады.
4. Қазақстан Әлем Банкi Еуропа Қауымдастығының Комиссиясымен жасалған кредиттiк келiсiмнiң бiр көшiрмесiн барлық қосымшаларымен бiрге Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне табыс етедi.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Әлем Банкiне оның банктiк және делдалдық шығынын Қазақстан Әлем Банкiнiң Бақылаушы кеңесi айқындаған мөлшерде өтейдi.
6. Кредит сомасын және оны пайдаланғаны үшiн проценттi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi валюталық қаражатты төлегенiн растайтын құжаттардың көшiрмесiн кейiннен ұсына отырып Қазақстан Әлем Банкi табыс еткен есептеулерге сәйкес республикалық бюджет қаражатынан өтейдi.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз