Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу Министрлiгi жанындағы Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауының департаментi туралы Ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 24 маусым N 708. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996.01.24. N 88 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi жанындағы Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауының Департаментi туралы осыған қосылған Ереже бекiтiлсiн.
             Қазақстан Республикасының
                Премьер-министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                        Министрлер Кабинетiнiң
                                        1994 жылғы 24 маусымдағы
                                            N 708 қаулысымен
                                             Бекiтiлген
             Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және
              аумақтарда құрылыс салу министрлiгi жанындағы
        Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауының Департаментi туралы
                                  Ереже
      1. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi жанындағы Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауының Департаментi (бұдан әрi - Департамент) министрлiк өкiлеттiгi шегiнде құрылыс сапасын бақылау, сондай-ақ республиканың мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы жүйесi органдары қызметiн үйлестiру жөнiндегi мiндеттi дербес жүзеге асырушы өкiмет билiгiнiң орталық атқарушы органы болып табылады.
      2. Департамент құрамында облыстар орталықтарындағы, Алматы мен Ленинск қалаларындағы оның аумақтық бөлiмшелерi кiредi. Департамент қалалық және аудандық әкiмшiлiктердiң мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауының органдарымен бiрлесе отырып мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауының бiрыңғай жүйесiн құрайды.
      Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауының органдары өз қызметiн құрылыстар сметаларына енгiзiлген қаражат есебiнен жүзеге асырады.
      3. Департамент өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулыларын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң шешiмдерiн, осы Ереженi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiнiң бұйрықтары мен нұсқаулықтарын басшылыққа алады.
      4. Департамент өзiнiң кәсiби қызметiн жүзеге асыруда сәулет-қала құрылысы қызметiнiң субъектiлерiне тәуелдi емес.
      5. Департамент Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 мамырдағы N 485 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырудың Тәртiбiне сәйкес республикадағы құрылыс сапасына бақылауды жүзеге асырады.
      6. Департаменттiң негiзгi мiндеттерi:
      шетелдiк инвестицияларды қосқанда, ведомстволық бағыныстылығына, меншiк нысанына, қаржыландыру көзiне қарамастан, құрылыстың сапасына, объектiлердiң қайта жаңартылуы мен күрделi жөнделуiне, сондай-ақ құрылысы аяқталған азаматтық-тұрғын үй мақсатындағы объектiлердi пайдалануға қабылдау ережелерiнiң сақталуын iрiктеп бақылауды жүзеге асыру;
      аймақтарда және тұтас алғанда республика бойынша құрылыс өнiмдерi сапасының нақты жайына талдау жүргiзу;
      мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы жүйесi органдары қызметiн жүзеге асыруға арналған әдiснамалық құжаттамалар әзiрлеу;
      сәулет-қала құрылысына қатысты заңдылық және нормативтiк актiлердiң жобаларын әзiрлеуге қатысу;
      iрiктеп тексеру нәтижелерi бойынша лицензиялардың, сертификаттардың қолданылуын уақытша тоқтату немесе олардың күшiн жою қажеттiгi туралы хабарлар әзiрлеп, тиiсiнше сәулет-қала құрылысы қызметiн лицензиялау және құрылыс материалдары мен конструкцияларын сертификаттау органдарына беру.
      7. Департамент өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      сәулет-қала құрылысы қызметiн жүзеге асыру құқығына мемлекеттiк лицензияның болуын тексередi;
      белгiленген тәртiппен салынып жатқан және қайта жаңартылып жатқан объектiлердегi авариялар мен қирау себептерiн тексеру жөнiндегi комиссиялардың жұмысына қатысады;
      қалалық және аудандық әкiмшiлiктердiң мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау органдарына әдiснамалық көмек көрсетедi;
      Департаменттiң облыстық, Алматы және Ленинск қалалық аумақтық бөлiмшелерi туралы және қалалық және аудандық әкiмшiлiктердiң мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы органдары туралы үлгi ережелерiнiң жобаларын әзiрлеп, оларды Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiнiң бекiтуiне ұсынады;
      облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерiмен келiсiлген Департаменттiң аумақтық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
      "Сейсмикаға қарсы құрылыс" және "Құрылыстағы геодезия" курстары бойынша құрылыс саласының инженер-техник қызметкерлерiнiң оқуын ұйымдастыруға және оларды аттестациялауға жәрдемдеседi;
      конференциялар мен кеңестер шақырады, өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша министрлiктермен, ведомстволармен, кәсiпорындармен, ұйымдармен және мекемелермен жазбаша хабарласып отырады;
      өз қызметiн республиканың құқық қорғау, қаржы және басқа да бақылаушы органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.
      8. Өзiне жүктелген өкiлеттiктер мен функцияларды жүзеге асыру үшiн Департаменттiң:
      өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн салынып жатқан объектiлерде кедергiсiз болуына жобалау-сметалық, технологиялық және орындаушылық техникалық құжаттамалармен танысуға;
      тапсырыс берушiлер мен құрылыс ұйымдарынан құрылыс-монтаж жұмыстарының барысына байланысты қажеттi мәлiметтердi және объектiлер мен негiзгi қорларды iске қосу жөнiндегi есептеу деректерiн алуға;
      құрылыс ұйымдарының инженер-техник қызметкерлерiнде сәулет-қала құрылысы қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиялардың, сондай-ақ "Сейсмиқаға қарсы құрылыс" және "Құрылыстағы геодезия" курстары бойынша куәлiктердiң болуын тексеруге;
      құрылыс-монтаж ұйымдарының өз бақылауы қызметтерi, тапсырыс берушiлердiң техникалық қадағалауы және жобалау ұйымдарының авторлық қадағалау жұмысының тиiмдiлiгiне тексеру жүргiзуге;
      қолданылып жүрген құрылыс нормалары мен ережелерiн бұзудың ашылған кемшiлiктерiн белгiленген мерзiмде жою туралы құрылыс ұйымдары мен тапсырыс жасаушыларға ұйғарымдама беруге;
      құрылыс заңдарын және құрылыс пен сәулет саласындағы нормативтiк актiлер талаптарын өрескел бұзғаны үшiн объектiлер мен кешендер құрылысын тоқтатуға;
      мемлекеттiк стандарттар мен техникалық шарттар талаптарын бұзу арқылы жасалған, сондай-ақ терiс монтаждау, сақтау немесе тасымалдау салдарынан өзiнiң сапалық қасиетiнен айрылған материалдардың, бұйымдар мен конструкциялардың салынып жатқан объектiлерде қолданылуына тыйым салуға және бұл мәселе жөнiндегi белгiленген тәртiппен шара қолдану үшiн стандарттау мен метрологияның аумақтық орталықтарына хабарлама жiберуге;
      сәулет-қала құрылысы қызметiн лицензиялау және құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын сертификаттау органдарына құрылыс заңдарының, нормативтiк актiлер мен сертификаттау ережелерi талаптарының бұзылғаны үшiн сәулет-қала құрылысы қызметi түрлерiн жүзеге асыру құқығына берiлген лицензиялардың қолданылуын, өнiмге сәйкестiк сертификатының қолданылуын және сәйкестiк таңбасын пайдалану құқығын уақытша тоқтата тұрудың немесе күшiн жоюдың қажеттiгi туралы хабарлама жiберуге;
      сәулет-қала құрылысы саласындағы заң актiлерi мен мемлекеттiк нормативтерiн, сондай-ақ құрылысы аяқталған объектiлердi қабылдау ережелерiн бұзуға жол берген лауазымды адамдарға әкiмшiлiк жолымен ықпал жасау шараларын қолдануға;
      құрылыстағы нормативтiк актiлер талаптарын өрескел бұзушы лауазымды адамдар жөнiнде шаралар қолдану үшiн материалдарды құқық қорғау органдарына тапсыруға құқығы бар.
      9. Департамент бастығын Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қызметке тағайындап, қызметiнен босатады, ал облыстық, Алматы және Ленинск қалалық аумақтық бөлiмшелерiнiң бастықтарын - тиiстi облыстар мен қалалар әкiмдерiмен келiсу бойынша Департамент бастығы қызметке тағайындап, қызметiнен босатады.
      10. Департамент бастығының орынбасарларын Департамент бастығының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрi қызметке тағайындап, қызметiнен босатады.
      11. Департамент бастығы:
      Департамент жұмысын жоспарлап, ұйымдастырады және осы Ережеде белгiленген мiндеттер мен функцияларды орындау жөнiндегi оның қызметiне дербес жауап бередi;
      өз орынбасарлары мен Департаменттiң құрылымдық бөлiмшелерi арасындағы мiндеттердi бөлiп бередi;
      Департаменттiң барлық бөлiмшелерiнiң орындауы үшiн мiндеттi бұйрықтар мен өкiмдер шығарады;
      Департаменттiң құрылымын, шығыстар сметасы мен штаттық кестесiн бекiтедi;
      Департамент қызметкерлерiн мадақтау мен жазалау, оларға материалдық көмек беру мәселелерiн шешедi;
      оның құзыретiне жататын мәселелер бойынша мемлекеттiк басқару органдарында, жергiлiктi атқару органдарында, ұйымдарда Департаменттiң мүддесiн бiлдiредi;
      қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мүлiкке, қаржы қаражатына иелiк етедi, сенiмхат, соның iшiнде қайтара сену құқығын бередi, банкiлерде есеп айырысу және басқа да шоттар ашады, қаржы тәртiбiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
      аумақтық бөлiмшелердiң қызметi туралы есептердi қарап, бекiтедi.
      12. Сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыруға байланысты Департаменттiң қызметiне заңсыз араласқан лауазымды адамдар мен азаматтар заң бойынша жауап бередi.
      Шағымдар мен өтiнiштер жасау Департамент өкiлдерi берген ұйғарымдардың орындалуын тоқтата алмайды.
      13. Департамент заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi болады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады