Мемлекет резервiнен сатылатын материалдар мен тауарларға есеп айырысу тәртiбi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 27 маусым N 726. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 1999.08.27. N 1268 қаулысымен. ~P991268

      Республиканың қорғаныс қабiлетiн қажеттi деңгейде сақтау, халық шаруашылығының тұрақты жұмыс iстеуi, төтенше жағдайлардың зардабын уақтылы жою мақсатында және мемлекет резервiне материалдар мен тауарлар берiп тұру (салу) және оларды босату кезiнде есеп айырысу-төлем операцияларының күрделiлiгiн ескерiп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Материалдар мен тауарлардың құнын республикалық бюджет кiрiсiне алдын ала төлемей, оларды мемлекет резервiнен босату iсi практикадан шығарылсын. Экспорттық түсiмдi бюджет кiрiсiне қоймадан тауар босатқан сәттен бастап бiр айлық мерзiмде қайтару шартымен шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге алдын-ала төлем жасамай-ақ экспорттауға босатылуы мүмкiн. Мұндай жағдайларда тауар босатуға рұқсатты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi шаруашылық жүргiзушi субъектiлерден бюджет алдындағы борыштық мiндеттеме алғаннан кейiн бередi.<*> 
      Ескерту. 1-шi тармақ толықтырылды - ҚРМК-нiң 1995.07.13. 
               N 966 қаулысымен.
      2. Былай деп белгiленсiн: 
      Мемлекет резервiнен материалдық құндылықтар сату сәтiндегi бағалар бойынша алынған құндылықтардың құнын республикалық бюджеттiң кiрiсiне төлеген соң босатылады. Материалдарды мемлекет резервiнен ұйымдардың мұқтажына қайтарым жағдайында босату кезiнде қолданылып жүрген тәртiпке сәйкес алушылар тауарлық несиенi пайдаланған кезеңде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ставкасы бойынша республикалық бюджет кiрiсiне процент төлейдi;<*> 
      мемлекет резервiнен материалдар мен тауарларды республикадан тысқары жерлерге сату және берiп тұру үшiн өткiзген кезде шаруашылық жүргiзушi субъектiлер оларды тауар сатып алу кезiндегi қолданылып жүрген әлемдiк баға бойынша сатып алуға тиiс. Мемлекет резервiнен босатылған материалдық игiлiктердiң құнын ұлттық валютаға қайта есептеу Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi республикалық бюджеттiң кiрiсiне төлем жүргiзген күнi белгiлеген, теңгенiң АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы бойынша жүргiзiледi. 
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың 2-абзацы жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 
               1997.04.02. N 465 қаулысымен.  P970465_
        3. Мемлекеттiк резервтен материалдарды, арнаулы өнiм мен мемлекеттiк мүлiктiң басқа да түрлерi экспорттан сатудан түскен валюталық түсiмнiң осы тауарларды сатуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қарауында қалдырылған үлестен аталған материалдар мен мүлiк түрлерiн мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардан сатып алу құнын, сондай-ақ төленген кеден баждарын алып тастағандағы бөлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң валюта шотына есептелiнедi деп белгiленсiн.<*> 
      Ескерту. 3-шi тармақ жаңа редакцияда - ҚРМК-нiң 1995.07.13. 
               N 966 қаулысымен. 
      4. Мемлекеттiк резервтен материалдарды, арнаулы өнiм мен мемлекеттiк мүлiктiң басқа да түрлерiн сатуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қарауына қалдырылатын валюталық түсiмнiң нормасы осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген шығыстарды алып тастағандағы экспорттық түсiмнiң екi процентi мөлшерiнде белгiленсiн.<*> 
      Ескерту. Жаңа 4-шi тармақпен толықтырылды - ҚРМК-нiң 1995.07.13. N 966 қаулысымен. 
               4, 5 - тармақтар тиiсiнше 5 және 6 тармақтар болып 
               саналды. 
      5. Республиканың Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетi Экономика министрлiгiнiң келiсуi бойынша Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 7 мамырдағы N 416-14 қаулысымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетi туралы ережеге осы қаулыдан туындайтын қажеттi өзгерiстердi енгiзсiн. 
      6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитеттiң және Ұлттық банктiң келiсуi бойынша Мемлекеттiк резервте сақталатын және мемлекет резервiнен босатылатын материалдар мен тауарларды қаржыландыру, есепке алу және оларға есеп айырысу тәртiбi туралы нұсқауға осы қаулыға сәйкес өзгерiстер енгiзсiн. 

       Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады