Ақтөбе облыстық обаға қарсы стансасын ашу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 6 шiлде 1994 ж. N 758

      Республикада аса қауiптi жұқпалы аурулар жөнiнде күрделi эпидемиологиялық жағдайларға байланысты және аумақта эпидемиологиялық қадағалау мен санитарлық қорғауды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне республиканың обаға қарсы стансаларына бөлiнген адам саны шегiнде штат саны 97 адамнан тұратын Ақтөбе облыстық обаға қарсы стансасын ашуға рұқсат етiлсiн.
      Ақтөбе облыстық обаға қарсы стансасын ұстауды қаржыландыру Қазақ обаға қарсы ғылыми-зерттеу институтына аталған мақсатқа көзделген қаражатты қайта бөлу есебiнен жүргiзiлсiн.
      2. Ақтөбе облысының әкiмi облыстық денсаулық сақтау бөлiмiне

обаға қарсы станса үшiн үй-жай мен жабдықтар, санитарлық автокөлiк
сатып алуға қаражат бөлуде көмек көрсетсiн.
     3. Шалқар бөлiмшесiнiң Аралтеңiзi обаға қарсы стансасынан
77 адам және белгiленген тәртiппен қажеттi материалдық құндылықтар
Ақтөбе қаласында жаңадан құрылған облыстық обаға қарсы стансасына
берiлсiн.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады