"Феникс" альманахын шығару туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 8 шiлде 1994 ж. N 766. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 781 қаулысымен

      Немiс диаспорасының этникалық тұрғыдан қайта өрлеуiнiң кешендi бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасы Баспа және бұқаралық ақпарат министрлiгiнiң "Феникс" альманахына қосар құрылтайшы болу жөнiндегi ұсынысы қабылдансын. 
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Феникс" альманахын қаржыландырудың жолын анықтасын. 
      3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Көлiк және коммуникация министрлiгi, "Қазконтракт" республикалық контракт корпорациясы", Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Феникс" альманахына автокөлiк, мекен-жай бөлу, материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету, байланыс құралдарын орнату және альманахты тарату мәселелерiн шешсiн. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады