Қазақстан Республикасында тұратын фашизмнiң бұрынғы тұтқындарының құжаттарын қарау және оларға өтем төлеу жөнiнде мемлекеттiк бiлiктi комиссия құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 11 шiлде 1994 ж. N 768. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.12.09. N 1224 қаулысымен

      Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Украина және Германия Федеративтiк Республикасы арасында 1993 жылғы 30 наурызда жасалған Келiсiм бойынша бұрынғы КСРО аумағынан екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында немiс басқыншылары күштеп әкеткен, қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында тұратын азаматтарға олар аумағынан әкетiлген республикалардың Өзара түсiнiстiк және татуластық қорынан өтем төленетiн болады. Аталған Келiсiмдi орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
     1. Қазақстан Республикасында тұратын фашизмнiң бұрынғы тұтқындарының құжаттарын қарау және оларға өтем төлеу жөнiнде мына құрамда Мемлекеттiк бiлiктi комиссия құрылсын:     

Сағдиев           - Қазақстан Республикасы Ардагерлер ұйымы
Махтай Рамазанұлы   Орталық кеңесiнiң төрағасы (комиссия төрағасы) 

Романов           - Халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң орынбасары
Владимир Ильич      (комиссия төрағасының орынбасары) 

Чередниченко      - фашизмнiң бұрынғы тұтқындарының қазақстандық
Павел Яковлевич     қауымдастығының төрағасы (комиссия хатшысы) 

                    Комиссия мүшелерi:

Әмiрова           - Әдiлет министрлiгiнiң басқарма бастығы 
Мүгүлсiн Мухаметқазықызы 

Астрадамов        - зейнеткер, "Освенцим" концлагерiнiң бұрынғы
Иса Лепович         тұтқыны 

Балахметов        - Қазақстанның Балалар қорының төрағасы
Қожахмет Балахметұлы 

Ефанов            - Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң қызметкерi
Геннадий Петрович 

Оганов            - фашизмнiң бұрынғы кәмелетке толмаған 
Николай Иванович    тұтқындарының қазақстандық одағының төрағасы 

Сұлтанов          - Сыртқы iстер министрлiгiнiң бөлiм меңгерушiсi
Болат Қылышбайұлы 
      2. Комиссияға бұрынғы КСРО азаматтарының басып алынған аумақтардан күштеп әкетiлу фактiлерiн, олардың концентрациялық лагерьлер мен "остарбайтерлер" тұтқыны екенiн, геттода болғандығын және олардың мәжбүр етiп ұстайтын жерде болу мерзiмдерiн растайтын тиiстi құжаттарды, сондай-ақ басқа да қажеттi құжаттарды тексеру тапсырылсын. 
      3. Комиссияға Өзара түсiнiстiк және татуластық қорының шарттарына сәйкес өтем төлеу туралы түпкiлiктi шешiм қабылдау құқы берiлсiн. 
      4. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Қаржы министрлiгiмен және Фашизмнiң бұрынғы тұтқындарының қазақстандық қауымдастығымен бiрлесiп, өтем төлеу тәртiбiн белгiлеп, оны тек қана комиссия қорытындысы негiзiнде төлейтiн болсын. 
      5. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi өтем алушыларға ақша аударғаны үшiн төлем алмайтын болсын. 
      6. Сыртқы iстер министрлiгi Комиссия жұмысына, оның iшiнде Қазақстан Республикасы азаматтарының фашистiк концентрациялық лагерьлерде, геттоларда және басқа да мәжбүр етiп ұстайтын орындарда болған фактiлерiн анықтауда көмек көрсетсiн. 

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады