"Қазақстан теледидары мен радиосы" Республикалық корпорациясының мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 15 шiлде 1994 ж. N 796

      "Қазақстан теледидары мен радиосы" Республикалық корпорациясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 4 сәуiрдегi N 1618 U941618_ Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      (1-тармақ) <*>
      Ескерту. 1-тармақтың күшi жойылған - ҚРМК-нің 1994.11.01. N 1214
               қаулысымен.
      2. Телерадиохабарлар саласында "Қазақстан теледидары мен радиосы" Республикалық корпорациясы республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк тапсырысты (контрактыны) орындаушы деп белгiленсiн.
      3. "Қазақстан теледидары мен радиосы" Республикалық корпорациясына "ИНТЕЛСАТ" халықаралық жер серiгi ұйымының мүшелiгi қызметi жүктелсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Қазақстан теледидары мен радиосы" Республикалық корпорациясына таратылған "Қазақстан" Мемлекеттiк телерадиокомпаниясының құрамына кiрген шығармашылық-өндiрiстiк бiрлестiктердiң, кәсiпорындар мен ұйымдардың мемлекеттiк мүлкiн, оның үй-жайларын, ғимараттарын, жабдықтарын және басқа да материалдық құндылықтарын, бағалы қағаздарын, ұлттық және шетелдiк валютадағы ақша қаражаттарын иелену, пайдалану және басқару құқын берсiн; <*>
      егер "Қазақстан теледидары мен радиосы" Республикалық корпорациясының салалық бөлiмшелерiн акционерлендiру жөнiнде шешiм қабылданған жағдайда, оның иелiгiндегi мемлекеттiк акциялар пакетi толық көлемiнде "Қазақстан теледидары мен радиосы" Республикалық корпорациясына берiлетiн болып белгiленсiн.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қ.Р.К.М. 1 қараша 1994 ж.
               N 1214 қаулысы.
      5. "Қазақстан теледидары мен радиосы" Республикалық корпорациясы:
      бiр ай мерзiм iшiнде телерадиохабарлар жүйесiн ұзақ уақыт қаржыландыру (оның iшiнде шетелдiк) көздерiн анықтай отырып, түбiрiнен жаңарту жобасын әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсынсын;
      Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен бiрлесiп, екi ай мерзiм iшiнде мемлекеттiк телерадиохабарлар жүйесiн тиiмдi пайдалану жөнiнде ұсыныс әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қарауына ұсынатын болсын;
      Қазақ мемлекеттiк ақпарат агенттiгiмен (ҚазТАГ) бiрлесiп, шет елдерде республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылатын корреспонденттiк жүйе құру туралы Сыртқы iстер министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен және Экономика министрлiгiмен келiсiлген ұсынысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн;
      теледидар, радио және телекоммуникациялар саласында кадрлар даярлаудың, қайта даярлаудың тиiмдi жүйесi үшiн тиiстi материалдық-техникалық базасы бар оқу орталығы құрылсын;
      министрлiктермен, мекемелермен, мемлекеттiк акционерлiк және холдинг компанияларымен алдын ала келiсе отырып, оларға және олардың салалық бөлiмшелерiне қарасты алаңдарында негiзгi қызметтi жүзеге асыру үшiн, қоғамдық елеулi маңызы бар телебағдарламалар жасау үшiн тегiн бейнетүсiрулер мен жазбалар жүргiзетiн болсын.
      6. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi және олардың бөлiмшелерi:
      - "Қазақстан теледидары мен радиосы" Республикалық

корпорациясының қызметiн жоспарлау мен қаржыландыру, индикативтi
жоспар мен бюджет дайындау кезiнде хабардың көлемi мен бiр
сағатының құнын ескерiп, мемлекеттiк тапсырысқа (контрактқа)
сай бюджетте жеке көрсетудi жүзеге асырсын;
     - "Қазақстан теледидары мен радиосы" Республикалық 
корпорациясымен бiрлесiп, оның жаңа қаржы көздерiн пайдалана 
отырып, корпорацияны қаржыландыру тетiгiн әзiрлеп, енгiзсiн.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1994 жылғы 15 шiлдедегi
                                          N 796 қаулысына
                                           N 1 қосымша
     
            "Қазақстан теледидары мен радиосы" Республикалық
                        корпорациясы туралы
                            Ереже
     
                   1-бап. Жалпы ережелер
     


      1. "Қазақстан теледидары мен радиосы" Республикалық корпорациясы (ҚТРРК) "Қазақстан теледидары мен радиосы" Республикалық корпорациясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 4 сәуiрдегi N 1618 Жарлығына сәйкес құрылған.
      2. ҚТРРК телерадиохабарларын тарату саласында республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк тапсырысты (контрактты) атқарушы болып табылады.
      3. ҚТРРК корпорацияның қызметiне қатысты бөлiгiнде Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтары мен басқа да актiлерiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен өкiмдерiн, құрылтайшы құжаттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да нормативтi актiлерiн басшылыққа алады.
      4. ҚТРРК Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы таратылған "Қазақстан" Мемлекеттiк телерадиокомпаниясының құрамына кiрген шығармашылық-өндiрiстiк бөлiмшелердiң, өндiрiстер мен ұйымдардың мемлекеттiк мұқтаждарын қамтамасыз ету үшiн бұрын болған мүлiктiк, мүлiктiк емес құқықтар мен мiндеттердiң заңды мұрагерi болып табылады.

                    2-бап. Қызметiнiң мақсаттары мен түрлерi

      5. ҚТРРК қызметiнiң мақсаттары:
      - Қазақстанда жоғары мәдениеттi және сапалы теледидар мен радио хабарларын таратуды мүлде жаңаша қалыптастыру, елiмiздiң экономикалық, әлеуметтiк және қоғамдық-саяси өмiрiнде болып жатқан процестердi дәлелдi және таразылай отырып көрсетуге бағытталған бағдарламалар жасау, экономикада, әлеуметтiк-рухани өмiр аясында түбегейлi реформалар жүргiзудегi, қоғамды демократияландырудағы, қазақстандық қоғамды бiрлiкке ұмтылдыруға мемлекеттiк бағытқа жол ашу, Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпыұлттық мүдделерi мен конституциялық құқықтарын қорғайтын азаматтық татулық пен ұлтаралық келiсiмдi қамтамасыз ету;
      елiмiз халықтарының бiлiмдiк және рухани қажетiн қанағаттандыру, Қазақстанда тұратын этностардың мәдениетiн, тiлiн, дәстүрлерiн дамыту және өзара қарым-қатынасқа түсiру;
      Қазақстанның бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiн қалыптастыру және оның әлемдiк ақпараттық процестерге енуiн жылдамдату;
      Қазақстан Республикасының Президентi, Жоғарғы Кеңесi мен Министрлер Кабинетi қабылдаған ресми хабарларды, шешiмдердi тарату;
      Қазақстан Республикасы және оның әлемдiк қауымдастықта болып жатқан өзгерiстерi туралы ақиқат ақпараттар тарату;
      телерадио хабарларын тарату аясында мемлекеттiк саясатты әзiрлеу, үйлестiру және жүзеге асыруға қатысу, телерадио хабарларын таратуға байланысты мәселелер бойынша заң шығаруды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар даярлау;
      республикадағы және шет елдiк жеке адамдар мен заңды ұйымдардың қажетiн қанағаттандыру үшiн ҚТРРК қызметiнiң негiзi болып табылатын Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары аясында және халықаралық шарттарға, келiсiмдер мен хаттамаларға сай өнiмдер шығарып, жұмыстар мен қызметтер көрсету;
      дәстүрлi, кабельдi және жер серiгi байланысы бар теледидары, сондай-ақ телерадиокоммуникацияларды, ақпараттық жүйе мен желiлердi құрып, дамытуға қатысу болып табылады.
      6. ҚТРРК бұл мақсаттарға жету үшiн мынадай мәселелердi:
      Қазақстан Республикасының халқын көпбағдарламалы телерадиохабарларымен барынша кең қамтуды қамтамасыз етудi;
      телерадиохабарлардың материалдық-техникалық базасын жетiлдiру мен дамытуға бағытталған бiртұтас техникалық, технологиялық және инвестициялық саясатты жүргiзуге қатысуды;
      мемлекетаралық, республикалық, облыстық, қалалық және аудандық телерадиохабарлары ұйымдарының хабар тарату желiсiн әзiрлеудi және пайдалануды үйлестiруге қатысуды;
      басқаруды жетiлдiрудi және ҚТРРК қызметкерлерiн әлеуметтiк-экономикалық жағынан қорғауды;
      нарық экономикасы жағдайында теледидар, радио, информатика және коммуникациялар жүйесiнде жұмыс iстейтiн жоғары бiлiктi мамандар даярлауды ұйымдастыруды;
      шетелдердiң хабар таратушы, журналистiк коммуникациялық мемлекеттiк және коммерциялық мекемелерiмен және ұйымдарымен, хабар таратушы және коммуникациялық мекемелер мен ұйымдардың халықаралық одақтарымен және қауымдастықтарымен екiжақты және көпжақты байланыстарды дамытуды шешедi.
      7. ҚТРРК-ның негiзгi қызметi:
      мемлекеттiк контрактыны жүзеге асыру мақсатында мемлекеттiк бюджеттен орталықтандырылып бөлiнген қаражатты корпорацияның құрылымдарына ұтымды бөлудi iске асыру;
      телерадиохабарларға мемлекеттiк тапсырыс (контракт) көлемiне сай республикалық телебағдарламалардың бағытын, мазмұнын және тарату көлемiн анықтау;
      мемлекеттiк тапсырысқа (контрактқа) енген корпорация тарататын теледидар мен радио хабарлары бағдарламаларының сапасын бақылау, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерiмен бiрлесiп, мемлекеттiк хабарлар бағдарламаларын сапалы қабылдауға кедергi жасайтын кемшiлiктердi жою жөнiнде шаралар қабылдау;
      кеңес беру, ғылыми, ақпараттық-есептiк, маркетингтiк және инжениринг қызметтерiн көрсету;
      корпорацияның интеллектiлiк меншiгi ретiндегi технологиялар мен басқа да объектiлердi әзiрлеу, телерадио өнiмдерi иелерiнiң құқықтары мен өнертапқыштығын пайдалануға "ноу-хау" лицензияларын сатып алу;
      қоғамдық пiкiрлердi зерделеу, әлеуметтiк зерттеулер нәтижелерiн, оның iшiнде ҚТРРК-ға мемлекеттiк органдар берген мәлiметтердi пайдалану;
      салаға тиiмдi инвестиция жасау үшiн, отандық телерадиохабарларының бәсекелестiк сапасын арттыру үшiн ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-конструкторлық, эксперименттiк және енгiзу жұмыстарын жүргiзу;
      ақпараттық жаңа технологияны әзiрлеу, ақпараттарды берушiлер мен оны пайдаланушылар арасындағы коммуникациялар жүйесiн енгiзу, дамыту және жаңғырту, сондай-ақ ақпараттарды тұтынушылар үшiн дәстүрден тыс қызметтiң жаңа нысандарын енгiзу болып табылады.

                    3-бап. ҚТРРК құқы

      8. ҚТРРК Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында оның қатысуымен жасалған Халықаралық шарттарда, келiсiмдер мен хаттамаларда, сондай-ақ құрылтайшы құжаттарда көзделген құқықтарды пайдалану, оның iшiнде:
      Қазақстан Республикасының Баспасөз және басқа да бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңына сәйкес ҚТРРК мемлекеттiк ұйымдардан, лауазымды адамдардан олардың құзыры шегiнде өз құзырына кiретiн ақпараттар, мәлiметтер, құжаттар ала отырып, ұлттық ақпарат ресурстарын қалыптастыруға, ақпарат саясатын әзiрлеп, үйлестiруге және жүзеге асыруға қатысу;
      басқару нысанын анықтау, шаруашылық шешiмдер қабылдау, өнiм өткiзу, баға белгiлеу, төлем, еңбекке ынталандыру мен өтемдер төлеу, сондай-ақ пайданы бөлу мәселелерiнде шаруашылық дербестiк;
      Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына, оның қатысуымен жасалған халықаралық шарттарға, келiсiмдерге және хаттамаларға сәйкес сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыру;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып, халықаралық және республикалық телекөпiрлер, конкурстар мен фестивальдер, көрмелер мен сауда-көрмелер, байқаулар мен лотереялар, телеаукциондар мен телебиржалар, шығармашылық кештер мен ойын-сауық шараларын ұйымдастыру мен өткiзуге қатысу;
      баспа, жарнама қызметiмен айналысу, өзiнiң дыбыстыбейнелiк өнiмдерiн көбейтiп, Республика iшiнде де, одан тыс жерлерде де оларды өткiзу және айырбастау, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес эфир уақытын басқа мекемелерге, оның iшiнде шет ел мекемелерiне де пайдалануға беру;
      ҚТРРК құрылымын, штаты мен лауазымдық жалақыларын дербес бекiту, қызметкерлердi конкурстық-контрактылық негiзде жұмысқа алуды және қызметтен босату, уақытша шығармашылық ұжымдар құру және т. б.;
      Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде осы субъектiлер орналасқан жердiң заңды негiзiнде еншiлес, бiрлескен және басқа ұйымдық нысандағы кәсiпорындар, қоғамдық бiрлестiктер, қорлар құру;
      қолданылып жүрген заңдарға қайшы келмейтiн өзге де қызмет түрлерiн жүзеге асыру құқықтарын пайдаланады.

                    4-бап. Басқару органы

      9. "Қазақстан теледидары мен радиосы" Республикалық корпорациясының басқару органдары:
      басқарудың жоғарғы органы - құрылтайшылардың жалпы жиналысы;
      байқаушы орган - Байқаушы кеңес;
      атқарушы орган - Басқарма (Корпорация кеңесi);
      бақылау органы - Тексеру комиссиясы болып табылады.
      10. "Қазақстан теледидары мен радиосы" Республикалық корпорациясын Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын президент басқарады.
      Корпорация президентiнiң вице-президенттерi мен өз аппаратының басшысы болады. Вице-президенттердi корпорация президентiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайды. Корпорация аппаратының басшысы мен негiзгi құрылымдық бөлiмшелердiң басшыларын Президент Аппаратының және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң басшылығымен келiсе отырып, корпорация президентi тағайындайды. Корпорация президентi вице-президенттердiң мiндеттерiн бөлiп бередi.
      11. ҚТРРК президентi корпорацияға жүктелген мiндеттер мен атқаратын қызметтердiң орындалуы үшiн тiкелей жауап бередi корпорацияның вице-президенттерi мен құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының жауапкершiлiк дәрежесiн белгiлейдi.
      ҚТРРК президентi өз құзыры шегiнде корпорацияның барлық бөлiмшелерi орындауға мiндеттi бұйрықтар, өкiмдер шығарады, нұсқаулар мен жарлықтар бередi, оның басқару құрылымын, орталық аппараттың штат кестесiн бекiтедi және оларды белгiленген тәртiпке сәйкес Қаржы министрлiгiнде бекiтiп, басқару аппаратының қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, қолданылып жүрген заңға сәйкес бұлардан басқа да құқықтары бар.
      12. Корпорацияның басқару органының құзыры Қазақстан Республикасы заңдарының негiзiнде белгiленедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады