1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы "Қазақстан" мемлекеттiк телерадиохабарларын тарату компаниясының шығармашылық-өндiрiстiк бөлiмшелерiнiң, сондай-ақ оған ерiктi негiзде кiретiн басқа да кәсiпорындар мен ұйымдардың құрамында "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясы (ҚТРРК) құрылсын.
2. "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясының президентiн Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы "Қазақстан" мемлекеттiк телерадиохабарларын тарату компаниясы заңда белгiленген тәртiп бойынша таратылсын.
4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
- Тарату комиссиясын құрсын. "Қазақстан" мемлекеттiк телерадиохабарларын тарату компаниясын таратуға байланысты шығыстар республикалық бюджеттен қосымша бөлiнген қаражаттың есебiнен жүзеге асырылсын:
- екi ай мерзiмде "Қазақстан" теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясы туралы" Ереженi бекiтсiн;
- корпорацияның материалдық-техникалық базасын нығайту жөнiнде шаралар қолдансын.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
- таратылатын "Қазақстан" мемлекеттiк телерадиохабарларын тарату компаниясының құрамына кiрген шығармашылық-өндiрiстiк бөлiмшелердiң, кәсiпорындар мен ұйымдардың мемлекеттiк мүлкiн иелену, пайдалану және басқару құқығын мемлекеттiң атынан корпорацияға жарна ретiнде беретiн болсын;
- екi ай мерзiмде "Қазақстан" теледидары мен радиосы"
республикалық корпорациясының құрылтайшы құжаттарының пакетiн әзiрлеп бекiтсiн. 6. Мемлекеттiк басқару органдары, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi корпорацияның қызметiне қатысты мәселелердi оралымды шешуге жәрдемдесетiн болсын. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi Алматы қаласы. 1994 жылғы 4 сәуiр N 1618