Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Медициналық және экономикалық проблемалар ғылыми орталығын ашу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 18 шiлде 1994 ж. N 802

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Гигиена және кәсiби аурулар ғылыми-зерттеу институтының, Кардиология ғылыми-зерттеу институтының және басқа да институттарының бөлiмдерi мен лабораторияларының базасында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Медициналық және экономикалық проблемалар ғылыми орталығын ашу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Экономика министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен, Ғылым және жаңа технология министрлiгiмен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.
      Орталықты ұйымдастыру iсi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiне 1994 жылы ғылыми-зерттеу жұмыстарына белгiленген қаржы мен материалдық ресурстар және басқа да лимиттер мен нормативтер шегiнде жүргiзiлсiн.
      2. Орталықтың ғылыми қызметiнiң мынадай негiзгi бағыттары белгiленсiн:
      - республика халқының денсаулығын қалыптастырудың объективтi заңдылықтарын зерттеу және анықтау;
      - аурудың алдын алудың ғылыми айқындамасы мен стратегиясын жасау;
      - мемлекеттiк денсаулық сақтау iсiн дамытудағы басым бағыттарды анықтау және медициналық-экономикалық стандарттар жүйесiн әзiрлеу;
      - денсаулық сақтау саласын ұйымдастыру мен ресурстық қамтамасыз етудiң жаңа нысандарын ғылыми негiздеу;
      - денсаулық сақтау саласын басқарудың осы заманғы жаңа тәсiлдерiн әзiрлеп, енгiзу;
      - медициналық сақтандыруды дамыту;
      - жасалып жатқан ғылыми-зерттеу және мақсаткерлiк кешендi бағдарламаларды әдiстемелiк, ақпараттық және статистикалық жағынан қамтамасыз ету;
      - халықтың денсаулығын сақтау саласында республиканың халықаралық байланыстарын дамыту жөнiндегi стратегиясын жасау.
      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Медициналық және экономикалық проблемалар ғылыми орталығының құрылымын бекiтсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады