Әскери техника мен қару-жарақтың экспорты және импорты туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 29 шiлде N 848. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.03.17. N 283 Қаулысымен.
- Мәтін
- Ресми жарияланым
- Ақпарат
- Өзгерістер тарихы
- Сілтемелер
- Көшіру
- Түсініктемелер
- Басқа
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне түскен барлық түсiмдi Қорғаныс министрлiгiнiң валюталық шотына аударып, валюталық түсiмнiң және кедендiк баж салығының бiр бөлiгiн Ұлттық банктiң резерв қорына мiндеттi түрде сатудан босата отырып, ескiрген техника мен мүлiктi нақты үлгiлер түрiнде, сондай-ақ қара және түстi металдар сынығын "Қазақстан Сауда" Мемлекеттiк сыртқы сауда компаниясы арқылы сатуға рұқсат етiлсiн. <*>
Ескерту. 1-тармағына өзгерiстер енгiзiлген - Қ.Р.К.М. 1994 ж.
21 қарашадағы N 1308 қаулысымен.
1-тармақ сөздермен толықтырылған - ҚРМК-нiң 12.08.
1994 ж. N 900 қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Қорғаныс министрлiгi:
- әскери техника мен қару-жарақты сату бойынша айналыс шығындарын және "Қазақстан Сауда" МСК иелiгiнде қалатын валюталық түсiмнiң үлесiн нормалайтын болсын;
- валюталық түсiмнiң республика аумағына толық түсуiне есеп жүргiзу мен бақылау жасауды және бұл қаражаттың қорғаныс пен қауiпсiздiк мұқтажына ғана нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз етсiн;
- әскери бюджеттi қалыптастыру кезiнде әскери өнiмдердi сатудан түскен валюталық түсiмдi ескерсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз