1. "Алтын-алмас" Ұлттық акционерлiк компаниясы мен "Мунстоун холдинг Лимитед" /Австралия/ компаниясының қатысуымен "Алтын-алмас" бiрлескен кәсiпорын құру туралы шарт мақұлдансын.
2. "Ақбақай кен-байыту комбинаты" акционерлiк қоғамы мен басқа да кен-байыту комбинаттары өндiретiн алтын күшәлә қоспаларын ұқсату бойынша зауыт құрылысы;
Балқаштың батыс жағалауынан алтын, алмас және басқа да пайдалы қазбалар, кен орындарын iздестiру мен барлауды тәуекел шарты бойынша жүргiзу;
барланған кен орындары шикiзаттарын ұқсату мәселелерi көзделген "Алтын-Тас" бiрлескен кәсiпорынның құрылтай шартындағы негiзгi қағидалар мен шарттарға келiсiм берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi белгiленген тәртiппен "Алтын-Тас" бiрлескен кәсiпорнына геологиялық барлау жұмыстары мен пайдалы қазбаларды өндiру үшiн лицензия ресiмделсiн.
4. Қазақстан Республикасының өнеркәсiп және сауда министрлiгi
"Алтын-Тас" бiрлескен кәсiпорны жұмыс iстеген кезде Қазақстан Республикасы мүдделерiнiң сақталуына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн. 5. Министрлiктер мен ведомстволар, Жамбыл облысының әкiмi "Алтын-Тас", бiрлескен кәсiпорнының қызметiне байланысты мәселелердi шешуге көмек көрсетiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi